НУ ұйымдарының жұмыстары

Бүгінгі күні Университет болашақта ғылыми – білім беру қызметтерін көрсету секторын өзгертетін жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Біз кең ауқымды ғылыми – білім беру нарығындағы көшбасшылыққа ұмтыламыз. Алға қойылған міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешуге қабілетті жоғары білікті персонал Университеттің басты ресурсы болып табылады.

Егер сіз қайратты, батыл және жігерлі болсаңыз, командада жұмыс істей білсеңіз, сондай-ақ ғылыми – білім беру және халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу ерекшеліктерін білсеңіз, біз сізді Университет командасының құрамына шақырамыз.

Қызметкерлерді қабылдау конкурстық негізде келесі тәртіпте жүргізіледі:

  • Бос лауазым болған жағдайда Назарбаев Университетінің веб – сайтында бос орындар мен ізденушілерге қойылатын біліктілік талаптары туралы хабарлама жарияланады.
  • Ізденушілер толық түйіндемені немесе сауалнаманы толтырып, бос лауазым атауын көрсете отырып, оны нақты бос орынға көрсетілген жарнама мәтінінде, егер де басқа электронды адрес көрсетілмесе, онда мына электрондық адреске cv@old.nu.edu.kz жіберуге тиіс. Тақырыбында немесе хаттың мәтінінде лауазымның(дардың) атауы көрсетілмеген өтінімдер қарастырылмайды.

Іріктеу рәсімдерінің кешені 3 кезеңнен тұрады:

  • I кезең Келіп түскен түйіндемелерді Адами ресурстарды басқару департаменті олардың жарияланған талаптарға сәйкестігі бойынша іріктейді.
  • II кезең Іріктеліп алынған ізденушілер өтінім және/немесе кәсіби білімдерді тестілеуге өтінім берген құрылымдық бөлімше деңгейінде әңгімелесуге шақырылады.
  • III кезең әңгімелесуден және тестілеуден ойдағыдай өткен адамдар Конкурстық комиссия мүшелерімен әңгімелесуге шақырылады.

Ұйымды таңдаңыз