Алдағы уақыттағы әріптестерге арналған

Ескерту: COVID-19

Біздің кампус қазіргі уақытта жабық және барлық халықаралық сапарлар тоқтатылғанын ескертеміз. Күндізгі оқу сабақтары тоқтатап тұр. 2020 күзгі семестрі онлайн режимде оқытылатын болады.

Қосымша жаңартуларды білу үшін осы парақты тексеріңіз.

COVID туралы қосымша ақпарат алу үшін https://old.nu.edu.kzcovid-19 сайтына кіріңіз.

Түсіністікпен қарағаныңызға рақмет. Сақтанып жүріңіз

Университеттің жаһандық өзараәрекеттесу амбициясын қолдай отырып, НУ ғаламдық байланыстарды нығайтуға және стратегиялық мақсаттары мен міндеттері Университеттің интернационалдандыру басымдықтарын көрсететін әріптестермен ынтымақтастық орнатуға тырысады.

 

Институционалды сапарлар

НУ мәдени, зерттеу және академиялық байланыстарды дамыту үшін  әлемнің түкпір-түкпіріндегі университеттер мен ұйымдардан біздің кампусқа келгісі келетін өкілдер мен делегацияларды қуана қарсы алады.  Кездесу үшін біздің командаға хабарласып, қосымша нұсқаулар алыңыз.

 

Іс-шаралар мен конференциялар

Егер Сіз НУ-да жария іс-шара ұйымдастырғыңыз келсе, резидент Шигео Катсу атына nu@old.nu.edu.kz ресми сауал жіберіңіз.

 

Ғылыми ынтымақтастық

Егер Сіз ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ынтымақтастықта болғыңыз келсе, нақты оқытушы-профессорға хабарласыңыз. Сіз мұғалімдердің байланыс деректері мен толық профильдерін осы жерден таба аласыз. Қажет болған жағдайда, біздің халықаралық Офисіміз Сізді қажетті адамға бағыттай отырып, көмек көрсетеді.

 

Ынтымақтастық туралы келісімдер / Өзара түсіністік туралы меморандумдар

НУ-мен ынтымақтастықты бастау кезінде, ресми инситутаралық келісім талап етілмейді. Әдетте, ынтымақтастық жекелеген оқытушылар/ зерттеушілермен кездесу деңгейінен басталады. Егер сіз ресми институтаралық келісім жасағыңыз келсе, біздің Офис көмектесіп, кеңес бере алады. Университеттік келісімдерге қатысты сұрақтар бойынша, біздің командамызға cooperation@old.nu.edu.kz бойынша хабарласыңыз.