Зертханалар

Назарбаев Университетінің зертханалары барлық курс студенттерінің оқу қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті барлық жабдықтармен жабдықталған. Зертханаларда оқу процесін қолдауды қамтамасыз етуді зертхананың ассистенттері, оқытушы ассистенттері, техник-зертханашылар жүзеге асырады.

Оқу зертханаларының әртүрлі үлгілері бар: 

 
  • Биологиялық құралдар
  • Молекулярлық биофизика
  • Жалпы робототехника және мехатроника
  • Органикалық химия
  • Жасуша дақылдары
  • Өте жоғары деңгейдегі микроскопия
  • Заманауи биология
  • Робототехника
  • Компьютерлік ғылым
  • Телекоммуникация
  • Қуаттылық және машиналар
  • Термодинамика
  • Машина жасау
  • Физикалық және талдамалық химия
  • Молекулалық және микробиология
  • Физиканы терең зерттеу
  • Химия және биология
  • Химиялық синтез
  • Химиялық инженерия
  • Электроника

Оқу зертханаларынан басқа Назарбаев Университетінде модельдеу және прототиптеуге арналған Matlab, AutoCAD, CATIA сияқты бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеуге арналған компьютерлермен жабдықталған кабинеттері бар; 3D принтерлер және сканерлер - жылдам прототиптеуге арналған жұмыс станциясы; әмбебап тартылу машинасы, дәнекерлеуіш станция, токарлық және фрезерлік станоктар және т.б.