Қазақстандағы оқу мен өмір

Әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болуға ұмтылған  Назарбаев Университеті халықаралық академиялық қоғамдастық құруға және интернационалдандыруды оның басымдықтарының бірі ретінде қарайды. Жаһандық университет бүкіл әлемнің студенттерін, профессорларын және зерттеушілерін тартуы тиіс.

Университетте құрылған халықаралық академиялық қоғамдастық алдыңғы қатарлы білімдермен және озық тәжірибелермен алмасуға жәрдемдесетін болады және біздің студенттердің  халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін қазіргі кезде қажет болып отырған жаһандық көзқараспен және мәдениетаралық құзыреттілікпен қаруландырады.