Қаржылық көмек
«Назарбаев Университеті» стипендиясы
«Назарбаев Университеті» стипендиясы Басқарушы кеңестің шешімімен бекітілген «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының білім алушыларын стипендиямен қамтамасыз ету қағидаларымен белгіленген рәсімдерге сәйкес «Назарбаев Университеті» білім беру гранты бойынша Университеттің білім алушыларына тағайындалады.
«Назарбаев Университеті» стипендиясының мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. Тыңдаушыларға және докторанттарға «Назарбаев Университеті» стипендиясы оқытудың барлық мерзіміне тағайындалады және ай сайын төленеді.
Оқытудың бірінші семестрінде бакалаврларға және магистранттарға «Назарбаев Университеті» стипендиясы оқытудың барлық мерзіміне тағайындалады және ай сайын төленеді.
Келесі семестрлерде бакалаврларға және магистранттарға «Назарбаев Университеті» стипендиясы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша «Назарбаев Университеті» стипендиясын тағайындау және төлеу критерийлеріне сәйкес тағайындалады және ай сайын төленеді.
«Назарбаев Университеті» стипендиясын тағайындау және төлеу критерийлері
Студенттер санаты | Мектеп | Критерийлер | Стипендия түрі |
Дайындық мектебінің тыңдаушылары | Дайындық мектебі | Барлық кезеңге | Дайындық мектебінің тыңдаушыларына арналған стипендия -17 807 теңге |
Бакалаврлар | Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, | GPA 3,67 және одан жоғары | Бакалаврларға арналған жоғары стипендия – 24 091 теңге |
GPA 2,33 – 3,66 | Бакалаврларға арналған стипендия – 20 949 теңге | ||
Магистранттар | Жоғары бизнес мектебі, | GPA 3,0 және одан жоғары |
Магистранттарға арналған стипендия -100 000 теңге |
Ғылым және технологиялар мектебі, | GPA 2,67 және одан жоғары | ||
Медицина мектебі: Медицина докторы бағдарламасы | «Pass» («Сынақтан өтті») барлық пәндер бойынша | ||
Докторанттар | Инженерия мектебі,
| Барлық кезеңге | Докторанттарға арналған стипендия – 81 998 теңге |
Қазақстан Республикасының Президентінің стипендиясы
ҚР Президентінің стипендиясы «үздік» (А, А-) деген бағаға ғана оқитын бакалаврларға 3-курстан бастап және магистранттарға оқытудың 2-жылынан бастап республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мөлшерде және тәртіппен тағайындалады.
ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау Стипендиялық комиссияның ұсынысы мен Университеттің Академиялық кеңесінің мақұлдауының негізінде Университет Президентінің шешімімен жүзеге асырылады.
Жол жүру өтемақысы
Дайындық орталығының тыңдаушыларына, бакалаврларға және магистранттарға жол жүру өтемақысы төленеді. Студент-бакалаврлар және магистранттар өтемақыны жылына екі рет – ақпан және маусым айларында алады. Дайындық орталығының тыңдаушылары жол жүру өтемақысын жылына бір рет ақпан айында алады. Түлектер жол жүру өтемақысын жылына бір рет алады.
Басқа стипендиялардың түрлері
Сондай-ақ стипендиялардың басқа да түрлері бар. Атаулы және өзге де стипендияларды мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар тағайындайды. Стипендиялардың мөлшерін, тағайындау тәртібі мен шарттарын олардың құрылтайшылары дербес белгілейді. Толық ақпарат алу үшін Bursar’s office-не хабарласыңыз: +7 (7172) 70 66 20, 70 60 32, 70 91 99, 70 60 86, 70 90 27, каб. 5034 Block C2, еmail: bursars_office@old.nu.edu.kz