Ғылыми кеңес пен комитеттер

Кеңестің Ережесінде айқындалғандай, Ғылыми кеңес өз құзыреті шегінде ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі атқарушы және директивті орган болып табылады. Ғылыми кеңес 2011 жылы құрылды. Белгілі бір жағдайларда Ғылыми кеңес зерттеулерге байланысты мәселелер бойынша Басқарушы кеңестің жанындағы консультативтік орган ретінде қызмет етеді.

Ғылыми кеңестің құзыретіне мыналар жатады:

1) зерттеулерге ішкі университеттік қолдау көрсету стандарттары мен рәсімдерін қоса алғанда, ішкі және сыртқы сараптаманы тарту, зерттеу мәселелерін қарау; зияткерлік меншік, коммерцияландыру және технологияларды дамыту құқықтары; тиісті есептілікті (есепке алуды) жүргізу мәселелері бойынша қағидаларды бекіту және бақылауды жүзеге асыру;

2) ғылыми-зерттеу орын жайларында кеңістікті бөлу және рұқсат беруді бақылау, зерттеулерге арналған жабдықтар мен материалдар сатып алуға, ғылыми-зерттеу орын жайларын басқару мен күтіп ұстау үшін қажетті бюджетті, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және қолдауға байланысты басқа да мәселелерді мақұлдау;

3) өндірушілерді, олардың басты, еншілес және/немесе тәуелді ұйымдарының, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қосылған құн салығын қоспағанда, 8000 (сегіз мың еселік) мөлшерінен аспайтын сомаға оқу, ғылыми-зерттеу, медициналық жабдықтар сатып алуды жүзеге асыру кезінде одан кейінгі еншілес және/немесе тәуелді ұйымдарын мақұлдау;

4) ірі зерттеу жабдықтарын сатып алу жөніндегі ішкі комитет немесе Университеттің өзге де уәкілетті органы сатып алуға ұсыным берген оқу, ғылыми-зерттеу және медициналық жабдықтарды сатып алуға арналған сұранысты мақұлдау;

5) ғылыми-зерттеу қызметінде бұзушылықтардың стандарттары мен анықтамаларын әзірлеу және бекіту;

6) ғылыми-зерттеу этикасына қатысты стандарттар, хаттамалар әзірлеу және бекіту және рәсімдерді қарау;

7) Университеттің, оның ғылыми-зерттеу орталықтары зерттеушілерінің атақтары үшін стандарттар мен біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

8) мектептер мен ғылыми-зерттеу орталықтарында оқытушы-профессорлар құрамы мен ғылыми қызметкерлерді жалдау, ілгерілету немесе төмендету кезінде пайдаланылатын ғылыми-зерттеу саласындағы біліктілік стандарттарын алдын ала келісу және қарау;

9) Университеттің және оның еншілес ұйымдарының ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы даму бағдарламаларын және/немесе стратегияларын алдын ала қарау және келісу;

10) ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты зертханалар мен бөлімшелер құру (тарату) мәселелерін қарау және олар бойынша Университеттің Басқарушы кеңесіне ұсыныстар мен ұсынымдар беру;

11) университет және ұлттық деңгейде ғылым мен зерттеу саласындағы жетістіктері үшін ғылыми-зерттеу қызметкерлерін ынталандыру қағидалары мен рәсімдерін әзірлеу, бекіту;

12) ғылыми қызметкерлерді ғылыми және құрметті дәрежелерге ұсыну мәселелерін қарау және оларды беру бойынша Президентке ұсынымдар енгізу;

13) академиялық және ғылыми ынтымақтастыққа, зияткерлік меншікке қатысты саясат сияқты, оқытуға, зерттеуге және басқаруға қатысты, сондай-ақ ғылыми қызметке байланысты басқа да мәселелерде өзара мүдделілік мәселелер бойынша Академиялық кеңеспен іс-қимылды кеңесу және келісу;

14) Ғылыми кеңестің ішкі комитеттерін қалыптастыру және олардың ережелерін комитеттердің өзге де ішкі құжаттарын бекіту;

15) ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы меморандумдардың жобаларын қарау және мақұлдау;

16) осы Ережеге, Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес, сондай-ақ Басқарушы кеңестің шешімдеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ғылыми кеңестің құрамында консультациялық органдар ретінде жұмыс істейтін 7 комитет бар:

  • Гранттарды бөлу комитеті
  • Биологиялық қауіпсіздік комитеті
  • Жануарларды институционалдық күтіп ұстау және пайдалану комитеті
  • Зияткерлік меншік комитеті
  • Ғылыми-зерттеу этикасы жөніндегі институционалдық комитет
  • Ірі ғылыми-зерттеу жабдықтары жөніндегі комитет
  • Зерттеу алаңдарын бөлу комитеті