ХВҚ-ның халықаралық экономикалық болжамы: Кавказ және Орталық Азия

«ХВҚ-ның халықаралық экономикалық болжамы: Кавказ және Орталық Азия» атты онлайн презентациясына шақырамыз.

Күні және уақыты: 28 сәуір (сейсенбі), сағат 17:30-да (EST 7:30).

COVID-19 және әлемдік мұнай бағасының күрт төмендеуі Кавказ бен Орталық Азия аймағына қатты әсерін тигізді. Бірінші кезектегі міндет – пандемия салдарынан туындаған мәселелердің шешімін табу болды. Ал бұл денсаулық сақтау саласының шығындарын арттыру, жол жүру және тасымалдау желілерін шектеу, дистанциялану (алыстау), сонымен қатар әлеуметтік осал топтарға, жұмыссыздарға, шағын және орта бизнеске қаржылық қолдау көрсету мәселелерін қамтиды. Аймақтағы 2020 жылға арналған өсу болжамы оң көрсеткіштен нөлге немесе теріс көрсеткішке өзгерді. Осыған орай жоғарыда аталған екі мәселелердің алып келер салдары мен ұзақтығына байланысты әлі де белгізіздіктер туындауда. Ал бұл жағдай жұмыс орындарының азаюына, фискальді және валюталық буферлер, қарыздардың артуына, қаржы институттары мен бизнес-орталарды реформалау прогрессінің жоғалуына, өңірлік интеграция және әртараптандыру кезіндегі ілгерілеушілікке әкелуі мүмкін. ХВҚ жедел қолдау көрсету үшін басқа халықаралық және аймақтық қаржы институттарымен жұмыс істеуде.

Веб-трансляция ағылшын және орыс тілдерінде өтеді.