Ата-аналарға арналған ақпарат

 

Ата-аналарға арналған бағдарлау бағдарламасы
1-ші күн: Орыс тілінде ақпараттық сессиялар2-күн: Қазақ тіліндегі ақпараттық сессиялар

10.00 – 11.00, 7 тамыз, 2021 (Сенбі)

NUFYP бағдарламасы (сессия сілтемесі)

NUFYP студенттерінің ата-аналарына арналған сессия. Академиялық бағдарлама, академиялық тұтастық, студенттерді қолдау жүйесі және ата-аналардың өз балаларына қалай қолдау көрсетуі туралы көбірек біліңіз.

Спикер

Эрик Венте

Студенттерге кеңес беру болiмiның аға оқытушысы

 


10.00 – 11.00, 7 тамыз, 2021 (Сенбі)

Академиялық кеңес беру офисі бағдарламасы (сессия сілтемесі)

Студенттердің ата-аналары бакалавриат бағдарламасы, НУ-нің Мектептері, бағалау жүйесі мен НУ-да оқудың ерекшеліктері туралы ақпарат алады. Соңдай-ақ, сессияның екінші жартысында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, жауап ала алады.

Спикер

Нуртанова Айна

Специалист

 


Ақпараттық сессиялар (сессия сілтемесі)

15.00 – 16.30, 7 тамыз, 2021 (Сенбі)

Денсаулық және әл-ауқат орталығы (Психологиялық консультациялар, Спорт орталығы)

“Денсаулық және әл-ауқат орталығы” туралы ақпарат. Ата-аналарға қашықтықтан оқытуды оңтайлы ұйымдастыруға арналған ұсыныстар.

Спикер

Нуртаев Ерден

Аға психолог

 


Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы бағдарламасы

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының қызметтері, CareerNet мансап платформасы, түлектерінің мәртебесі, түлектер кауымдастығы

Спикер

Садыкова Анар

Аға менеджер

 


 

Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті бағдарламасы

НУ студенттік өмірі, жаңа студенттерді бейімдеу, студенттік көшбасшылық және жобалар, жатақхана мәселелері, тәртіп сақтау және студенттердің мүдделерін қорғау

Спикер

Касымхан Нурмухамедов

Бас менеджер

 


10.00 – 11.00, 8 тамыз, 2021 (Жексенбі)

NUFYP бағдарламасы (сессия сілтемесі)

NUFYP студенттерінің ата-аналарына арналған сессия. Академиялық бағдарлама, академиялық тұтастық, студенттерді қолдау жүйесі және ата-аналардың өз балаларына қалай қолдау көрсетуі туралы көбірек біліңіз.

Спикер

Эрик Венте

Студенттерге кеңес беру болiмiның аға оқытушысы

 


10.00 – 11.00, 8 тамыз, 2021 (Жексенбі)

Академиялық кеңес беру офисі бағдарламасы (сессия сілтемесі)

Студенттердің ата-аналары бакалавриат бағдарламасы, НУ-нің Мектептері, бағалау жүйесі мен НУ-да оқудың ерекшеліктері туралы ақпарат алады. Соңдай-ақ, сессияның екінші жартысында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, жауап ала алады.

Спикер

Бекнұр Қарағұл

Менеджер

 


Ақпараттық сессиялар (сессия сілтемесі)

15.00 – 16.30, 8 тамыз, 2021 (Жексенбі)

Денсаулық және әл-ауқат орталығы (Психологиялық консультациялар, Спорт орталығы)

“Денсаулық және әл-ауқат орталығы” туралы ақпарат. Ата-аналарға қашықтықтан оқытуды оңтайлы ұйымдастыруға арналған ұсыныстар.

Спикер

Нуртаев Ерден

Аға психолог

 


Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы бағдарламасы

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының қызметтері, CareerNet мансап платформасы, түлектерінің мәртебесі, түлектер кауымдастығы

Спикер

Садыкова Анар

Аға менеджер

 


 

Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті бағдарламасы

НУ студенттік өмірі, жаңа студенттерді бейімдеу, студенттік көшбасшылық және жобалар, жатақхана мәселелері, тәртіп сақтау және студенттердің мүдделерін қорғау

Спикер

Касымхан Нурмухамедов

Бас менеджер

 


Университетке дейінгі дайындық бағдарламасы (NUFYP)

 

  1. NUFYP бағдарламасы студенттерінің ата-аналарына арналған ақпарат (сілтеме)
  2. NUFYP 2021-2022 Академиялық күнтізбе (сілтеме)
  3. NUFYP оқытушылар (сілтеме)
  4. NUFYP жаңалықтар (сілтеме)

 

Бакалавриат бағдарламасы - Академиялық кеңес беру офисі (АКО)

Академиялық кеңес беру офисі (АКО) бакалавриаттың бірінші курс студенттерімен жұмыс істейді. АКО курстарды таңдауға және тіркеуге көмек көрсетіп, академиялық қиындықтары бар студенттерді қолдайды. Әр студенттің ерекше қажеттіліктері ескерілетін жеке консультациялар беріп, қажет болған жағдайда тиісті офистерге жібереді. АКО студенттер мен олардың үлгерімі туралы ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді.

АКО академиялық кеңесшілері студенттерге оқу процесінде кездестіретін академиялық мәселелерді шешуге, сондай-ақ студенттердің кәсіби дамуына көмектеседі. Академиялық  кеңесшінің рөлі студенттерге қажетті ақпаратты  беру, бағыттау және олардың академиялық даму процесін бақылау болып табылады. Академиялық кеңесшілер сондай-ақ студенттерге Университеттің қағидалары мен рәсімдерін және оқу бағдарламаларының талаптарын түсіндіреді; АКО студенттердің үлгерімін бағалап, кампуста қолжетімді ресурстар туралы ақпарат береді. Студенттер оқу жылы ішінде жеке консультация алуға және өздерінің академиялық кеңесшілермен топтық сессияларға қатысуға мүмкіндік алады.

 АКО сондай-ақ студенттерге кеңес беруші студенттердің көмегін ұсынады. Кеңес беруші студенттер  – бұл үшінші және төртінші курстардың жақсы дайындалған студенттері, олар студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісуге, нақты пәндер және НУ-да оқу туралы ақпарат беруге дайын.

АКО туралы толығырақ ақпаратты осы сілтеме бойынша бірінші курс студенттерінің ата-аналары және қамқоршыларына арналған ақпараттық кітапшадан табуға болады.

Жұмыс кестесі: Дс – Жм 8.30-17.30.

Толық ақпарат алу үшін біздің сайтқа кіріңіз: http://www.nuaau.cf

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы

 

Біздің болашағымыз ел жастарының қолында! Мансапты таңдау отбасынан басталады, Университетте жалғасады және жұмыс берушіде соңғы нәтижесі айқындалады. Сондықтан біздің ортақ күшіміз бен қолдауымыз тұрақты және жүйелі болғаны өте маңызды.

Орталық Мансапты дамыту жөніндегі семинарлар мен кәсіби даму бағдарламасын іске асыру  арқылы студенттердің өмірлік және кәсіптік дағдыларын дамытады. Орталық жұмыс берушілермен іскерлік байланыстарды орнату,  Университетте рекрутингтік іс-шараларды, компаниялар презентацияларын, экскурсияларды және т.б. іс-шараларды ұйымдастыру арқылы студенттер мен түлектердің жұмысқа орналасуына өз үлесін қосады.

Орталық мамандары студенттерге интервьюде немесе түйіндемеде нақты айқындай алу үшін, өз дағдылары мен қызығушылықтарын белгілеуге көмектеседі. Сонымен қатар, олардың мансаптық мақсаттарына жетуін көздей отырып, нәтижелі стратегияларды қолдануды алға алады.

Бірге жарқын, жаңашыл және өркендеген болашақты құрайық!

 

Пайдалы сілтемелер:

Біздің сайт: https://cac.nu.edu.kz/en/

Youtube канал: https://www.youtube.com/user/NUCACchannel

Біздің Instagram: https://www.instagram.com/nu_cac/

Денсаулық және әл-ауқат орталығы (ДӘО)

Біз – кеңес беру қызметтерін көрсететін және Университеттің барлық қауымдастығын психологиялық жағынан сүйемелдеумен айналысатын кәсіпқойлар тобымыз.

ДӘО қызметкерлері бүкіл Университеттің қауымына психологиялық денсаулықты қолдау және нығайту жайында консультациялық көмек көрсетеді. Біздің психологтар студенттердің денсаулығына, көңіл-күйіне немесе оқу нәтижесіне кедергі келтіретін кез келген проблемаларды өздері зерттей алатын қауіпсіз және құпия ортаны ұсынады.

Біз ұсынатын қызметтер:

  1. Жеке және топтық кеңес беру;
  2. Жалпы психоэмоционалдық жағдайды бағалау;
  3. Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер үшін әр түрлі тақырыптарға арналған вебинарлар, тренингтер, воркшоптар және семинарлар;
  4. Студенттердің әл-ауқатына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда ата-аналарға кеңес беру.

Біз әлеуметтік желілерде бармыз:

YouTube – NU Counseling       

Instagram – @nu_hwc

Алдағы тренингтер мен семинарлар туралы ақпарат пошта арқылы жіберіледі

 

Ата-аналарға қашықтықтан оқытуды оңтайлы ұйымдастыруға арналған ұсыныстар:

  1. Бірінші кезекте, сабырлық сақтау аса маңызды, өйткені қашықтан оқыту ата-ана үшін де,студент үшін де стресс тудыруы мүмкін.
  2. Бұл жағдайда студентпен диалог, құрмет пен достық қарым-қатынасын орнату маңызды.
  3. Күннің әдеттегі тәртібі мен ырғағы сақталуы қажет (ұйқы мен сергектік уақыты, сабақтың басталу уақыты, олардың ұзақтығы, үзілістер және т.б.). Күн тәртібіндегі кенеттен пайда болған өзгерістер баланың бейімделу қабілеттерінің айтарлықтай өзгеруіне әкеліп соғады және шамадан тыс алаңдаушылық пен стресске әкелуі мүмкін.
  4. Жұмыс орнын ұйымдастыру өте маңызды. Барлық қажетті заттар көз алдында, қол жетерлік жерде орналасқаны абзал. Сонымен қатар, студент сыртқы кедергілерге алаңдамай, мұқият жұмыс істей алуы керек.Сондықтан студенттің жұмыс орнына үйдегі адамдардың, үй жануарларының кіріп-шығуына шектеу жасау маңызды.
  5. Есіңізде болсын, сіздің балаңыз студент болды және бұл сіз үшін де, ол үшін де жаңа рөл. Бірақ үйде ұл/қыз және студент рөлдері араласып кетуі мүмкін. Үй міндеттерін оқуға талап етілетін уақытты ескере отырып, бөлу ұсынылады.
  6. Сіздің балаңыз алдағы жылдары жеке тұлға ретінде өзгереді, дамиды және бұл-адамның өмірінің осы кезеңіндегі қалыпты даму процесі. Шыдамды болыңыз және балаңыздың жаңа қадамдарына қолдау білдіріңіз.

Жаңа бастап студент болған балаға қалай көмектесе аласыз, пайдалы/көмектесетін сөздер:

  1. «Сенің қолыңнан келеді».
  2. «Барлығы жақсы болады», «Сенің қолыңнан келетініне күмәнім жоқ (сенемін)!».
  3. «Осы бағытта өзіңді сынап көр!… ».
  4. Қаржы ісін басқару және қадағалау туралы кеңестер.
  5. Міндеттерді бөлу туралы талқылау және әңгімелесу, өзінің өткен тәжірибемен бөлісу.
  6. «Бала қызығушылығына көңіл бөлу».
  7. Іn fit(физикалық белсенді) қалпында қалу туралы ақпарат беру.
  8. «Мен сені түсінемін», «Кез келген уақытта менімен бөлісе аласын».
  9. Дұрыс тамақтану мен ұйықтау режімін сақтау туралы еске салыңыз.
  10. Демалыстар/Каникулдар – демалыс үшін берілген.
  11. Дау жанжалда артқа шегіну – өзгенің көзқарасын қабылдауды және өз пікірін ауыстыруды білдірмейді.
  12. Балаңызды жетекші мамандықты қарастыру мен мінсіз таңдау жасауға ынталандырыңыз.
  13. Балаңызбен қарым-қатынаста “сен әрқашан да”, “сен үнемі” сөздерін қолданбауға тырысыңыз.
Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті

Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті (ДЖЖС) студенттердің жетістікке жетуіне, кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал етумен айналысады.

Біз студенттерге көшбасшылық қабілеттерін дамыту және НУ қауымдастықтарының белсенді мүшелері болу үшін ортақ, біртұтас, инклюзивті және қолдайтын орта мен тәжірибе жасауға ұмтыламыз.

Біз студенттердің университетке және кампус өміріне бейімделуіне, сондай-ақ академиялық емес және әлеуметтік өміріне қолдау көрсетеміз.

Сіз бұл Буклетте жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз және Университетте ұсынылатын әр түрлі қызметтер туралы қажетті ақпаратты біле аласыз.

 

Ата-аналар пікірлері

НУ студенттерінің ата-аналары Назарбаев Университетінде оқу және кеңестермен бөлісу туралы әңгімелейді.

 

Кенжегүл Сағадиева, Әйгерім Сағадиева НУ студентінің анасы  (3 курс, Компьютер ғылымдар,  ИЦҒМ)

Әрі қарай оқу

Алия Айсина, НУ студенті Айсин Ақанның (3-курс, Математика,  ЖӘГҒМ) анасы

Әрі қарай оқу

Cофья Ким, НУ студенті Татьяна Кимнің (2-курс, Математика,  ЖӘГҒМ) анасы

Әрі қарай оқу

NU кампусы

NU кампусы (сілтеме)