Спорттық өмір

Назарбаев Университетінде Спорт кешені (атың Әл-ауқат және Спорт кешені деп өзгерту жоспарлануда) бар. Ол мына нысандардан тұрады:

  • Атлетикалық орталығы (атың Әл-ауқат және атлетикалық кешені деп өзгерту жоспарлануда)
  • Спорт орталығы (атың Жаттығу кешені (SST) деп өзгерту жоспарлануда)
  • Ашық жаз спорттық аландар

 

Спорт кешенінде жүзү бассейні (50м*25м), жаттығу залы, өрмелеу қабырға, көпфункционалды залы, сквош залы және түрлі спорт залдары (гимнастика залы, жекпе-жек залы, йога залы, фитнес залы, би залы және т.б.) бар.

Спорт кешенінің мақсаттары:

  1. дене шынықтыру және спорт үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  2. дене шынықтыру және спортпен айналысатын студенттер арасында салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру.
  3. студенттердің, оқытушылардың, қызметкерлердің және олардың отбасыларының мүшелерінің физикалық және психологиялық денсаулығының деңгейін көтеру.
  4. НУ-де салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды құруды және іске асыруды ынталандыру.

 Спорт кешенінің міндертері:

  1. Жаттығу кешенінің (SST) базасында үлкен спорт, рекреациялық спорт және «әл-ауқат» (Wellbeing) саласында зерттеулер жүргізетін біріккен мамандар тобын құру
  2. Медицина мектебінің (NUSOM) базасында кәсіптік спорт және күнделікті жарақаттар оңалту озық орталығын құру.

 Назарбаев Университетінде университет командаларына келесі тәртіптер бойынша жаттығу өткізуі қарастырылған:

  • Баскетбол
  • Волейбол
  • Женіл атлетика
  • Жүзу  
  • Үстел теннисі
  • Триатлон

Алайда, пандемияға байланысты университет командаларының жаттығу уақытша жүргізілмейді.