Тарих

   02   SHAX7049 

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті бастамасымен 2010 жылы негізі қаланған Назарбаев Университеті әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуды көздейтін мемлекеттің флагмандық оқу орны болып табылады. Бұл – қызметі дербестік және академиялық еркіндік қағидаттарына негізделген Қазақстандағы ең алғашқы университет. Университетке дербестік мәртебесі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес берілді.

Университеттің қысқаша тарихы:

 

Стратегия

Университет Стратегиясы еліміздің барлық жоғары оқу орындары үшін үлгі болып саналатын жоғары білім берудің озық моделін қалыптастыру мақсатында Университеттің тиімді және серпінді дамуын қамтамасыз ететін негізгі стратегиялық мақсаттар мен бағыттарды айқындайды. Стратегияда Университеттің 2018-2030 жылдарға арналған миссиясы, келешегі, стратегиялық мақсаттары, даму кезеңдері және қызметкерлердің, оқытушылардың, студенттер мен зерттеушілердің бірлескен күш-жігерлерінің нәтижелері баяндалған.

 

Назарбаев Университеті 2013-2020 жылдарға арналған стратегиясының толық мәтінін мына жерден жүктей аласыз

Назарбаев Университеті 2018-2030 жылдарға арналған стратегиясының толық мәтінін мына жерден жүктей аласыз