Оқу

Назарбаев Университетінің академиялық және зерттеу бағдарламалары үздік 30 жоғары оқу орындарының рейтингісінде орын алатын жетекші университеттермен ынтымақтастықта әзірленген. Халықаралық оқытушылар құрамы әлемнің озық тәжірибесін қолданады және Қазақстанның академиялық ортасында кәсіби тәжірибені таратады. Назарбаев Университеті 21 ғасырдың ғаламдық талабына жауап беретін бәсекеге қабілетті кәсіпқойларды даярлайды.

Мектептер
Назарбаев Университетінің Мектептері студенттерді әріптес университеттермен бірге әзірленген бағдарламалар бойынша оқытады. Назарбаев Университетінде бакалавриаттың 16 мамандығы бойынша оқытуды жүргізетін үш мектеп: Инженерия мектебі, Ғылым және технологиялар мектебі, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі жұмыс істейді. Магистратура және докторантура бағдарламалары Назарбаев Университетінің үш жоғары мектебінде: Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде, Жоғары бизнес мектебі мен Жоғары білім беру мектебінде әлемнің озық университтерімен әріптестікте әзірленіп жатыр.
2013 жылға Жоғары бизнес мектебі мен Жоғары білім беру мектебі ұсынып отырған магистратура бағдарламаларымен танысыңыздар.

Кітапхана
Назарбаев Университетінің кітапханасы – кампустың аумағындағы ең танымал және адам көп жиналатын жерлердің бірі. Кітапхана ақпараттық ресурстар мен кітапхана ісі саласындағы соңғы технологияларға сәйкес жабдықталған. Кітапхананың жұмысы барынша автоматтандырылған. Оқу залдарында интернетке қосылған компьютерлер, автоматтандырылған кітап беру станциялары орнатылған. Пайдаланушылардың электрондық деректер базасына қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні кітапхана ағылшын тіліндегі ақпараттық ресурстардың (кітаптардың, мерзімді басылымдар мен электрондық ресурстардың) Қазақстандағы ең үлкен коллекциясына ие болып отыр.