Кәсіби бағдарлаушылар семинары

Назарбаев Университеті жыл сайынғы Кәсіби бағдарлаушылар семинарын (бұдан әрі – Семинар) 2014 жылдан бастап өткізіп келеді. Осы уақыт аралығында Семинар мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау мәселелері бойынша тәжірибе және білім алмасу алаңына айналды. Жыл сайын Семинарда кәсіби бағдар беру саласындағы өзекті мәселелер және семинарға қатысушылардың кәсіби дамуына жәрдемдесу жолдары талқыланады.

2021 жылы Назарбаев Университеті Семинарды алғаш рет Мектеп оқушыларын кəсіби бағдарлау халықаралық бірлестігімен бірлесе отырып өткізді. Семинар «Жаңа болмыстағы кәсіби бағдарлаудың сын-қатерлері мен үрдістері» тақырыбында 26-27 қыркүйек аралығында Zoom платформасында өтті. Семинардың бірінші күні қатысушылар Назарбаев Университетінің Виртуалды ашық есік күніне қатысты. Ал Семинардың екінші күні аясында жаңа ұрпақтың ерекшеліктері, STEM мамандықтары, кәмелетке толмағандардың зияткерлік құқықтары, сондай-ақ жергілікті жəне шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға түсу ерекшеліктері сияқты тақырыптар талқыланды. 

Семинардың толық бағдарламасы мына сілтемеде қолжетімді. 

Мектеп оқушыларын кəсіби бағдарлау халықаралық бірлестігіне мүшелікке ену сұрақтары бойынша iasc.edu.kz@gmail.com электрондық поштасына хат жіберуге болады немесе Нуртилек Аубакировпен +7(707)7560600 телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

 

Кәсіби бағдарлаушылар семинары 2021 ж.

Кәсіби бағдарлаушылар семинары 2020 ж.

Кәсіби бағдарлаушылар семинары 2019 ж.

Кәсіби бағдарлаушылар семинары 2018 ж.