Біз туралы

Еуразияның жүрегінде, Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан халықаралық университет – Назарбаев Университетіне қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) негізі қаланған болатын. НУ негізгі қағидаты білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау болып табылатын халықаралық танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады. НУ ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру саласындағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға, сол арқылы еліміздің ілгері дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.
НУ-дың негізгі ерекшеліктері болып табылатындар: заң түрінде бекітілген академиялық еркіндік және институционалдық дербестік, халықаралық оқытушы-профессорлар құрамы, оқыту мен ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі тілі ағылшын тілі, оқуға түсу және оқу кезінде қойылатын қатаң академиялық талаптар, сондай-ақ бакалавриат бағдарламасынан бастап білім мен ғылымды интеграциялау.

ПАЙЫМДАУ

Қазақстанға және әлемге олардың дамып, өркендеуіне қажетті ғалымдар мен мамандарды, жетекшілер мен кәсіпкерлерді дайындау.

МИССИЯСЫ

Қазақстанда жоғары білім мен ғылым жүйесінде реформалар жүргізу моделі болып, Астананың инновациялар мен білімнің халықаралық орталығы ретінде қалыптасуына үлес қосу және студенттерді тұрақсыздық, белгісіздік, кешендік және көпмәнділігі ұлғайған өмірге дайындау.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ:

  • І мақсат. Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудағы көшбасшылық
    Назарбаев Университеті тәжірибесін Қазақстанның жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына таратуды қамтамасыз ету
  • ІІ мақсат. Академиялық көшбасшылық
    Академиялық көшбасшылықты дамыту және қолдау көрсету арқылы Назарбаев Университетінің миссиясына қол жеткізу
  • ІІІ мақсат. Ғылыми көшбасшылық
    Әлемнің озық ғылыми және зерттеу орталықтарымен әріптестікте ғылыми зерттеулер жүйесін қалыптастыру
  • ІV мақсат. Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесінің моделін құру
    Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде қызмет көрсету моделі ретінде Назарбаев Университетінің денсаулық сақтау жүйесін құру
  • V мақсат. Инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу
    Қазақстандағы инновациялардың негізгі қозғаушы күші болу және инновациялардың өңірлік орталығы ретінде Астананың қалыптасуына үлес қосу.

Назарбаев Университеті туралы буклетті осы жерден жүктей аласыз