Басшылық

Шигео Катсу мырза 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап Назарбаев Университетінің Президенті қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар ол Назарбаев Зияткерлік мектептері Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы, Назарбаев Қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және «First Heartland Jýsan Bank» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып табылады.
Назарбаев Университетіне келгенге дейін Шигео Катсу мырза Дүниежүзілік Банктегі 30 жылдық қызмет барысында түрлі лауазымдарды атқарды, соның ішінде Қытайдың қаржы секторын реформалауға қолдау көрсету жөніндегі жетекші, Кот-д’Ивуарда директор, Еуропа және Орталық Азия өңірлері бойынша вице-президент болып жұмыс істеді.
Дүниежүзілік Банктегі жұмысын аяқтағаннан кейін ол бірнеше жылдар бойы жастарды дамытудың халықаралық бағдарламаларына бағытталған Американың үкіметтік емес ұйымдарының кеңесінде жұмыс істеді. 2011 – 2015 жылдар аралығында АСЕАН+3 (AMRO) макроэкономикалық зерттеу офисінің Консультативтік тобының мүшесі болды. 2010-2011 жылдары Азия даму банкінің «Азия 2050: Азия ғасырын іске асыру» кітабының бірлескен авторы және «Қазақстан 2050 – заманауи инклюзивті қоғам жолында» (2014) кітабы редакторларының бірі болып табылды, 2015-2016 жылдары «Орталық Азия 2050: өңірлік әлеуетті дамыту» кітабын жазуға тартылды. Университеттегі қызметіне қоса, Шигео Катсу мырза Қазақстан Республикасының Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі болып табылады, сондай-ақ халықаралық және мемлекетаралық даму институттарының кеңесшісі қызметін атқарады.

Адесида Илесанми Халықаралық ғылыми және білім беру саласында ғалым және ұйымдастырушы – қызметкер ретінде танымал. Назарбаев Университетінде Провост болып тағайындалғанға дейін Адесида Илесанми Урбана – Шампэйндегі Иллинойс Университетінде (АҚШ) Провост және Академиялық мәселелер бойынша вице-канцлер болып қызмет етті. Ғалым Адесида Берклидегі Калифорния Университетінде электр инженерлігі мамандығы бойынша 1974 жылы бакалавр, 1975 жылы ғылым магистрі және 1979 жылы ғылым докторы дәрежесіне ие болды. 1979 – 1984 жылдар аралығында ол Корнелл Университетінде ғылыми қызметкер және шақырылған ассистент профессор қызметін атқарды.
Ол 1985 – 1987 жылдар аралығында Нигериядағы Тафава Балева университетінде электр инженериясы кафедрасының меңгерушісі болды. 1987 жылы Иллинойс Университетінің оқытушы-профессорлар құрамының қатарына қосылды, онда ол инженерлік ғылым профессоры, электр техникасы және есептеу техникасы профессоры, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар бойынша арнайы кеңесші болып қызмет атқарды. 2000 – 2005 жылдар аралығында ол Микро – және нанотехнологиялар зертханасының директоры, сондай-ақ Нано өлшемді ғылымдар мен технологиялар орталығының директоры (2001-2012 жылдар аралығында) лауазымын атқарды. Осы жылдары ол инженерлік факультетінің деканы болды. Ол білім беру, ғылыми зерттеулер және инновациялық кәсіпкерлік саласындағы көптеген ұлттық/халықаралық әріптестік байланыстар құрды. Адесида Илесанми 350-ден астам рецензияланған мақалалар жариялап, халықаралық конференцияларда 250 – ден астам баяндамалар жасады. Ол электр техникасы және электроника жөніндегі инженерлер институтының, Америкалық ғылымды дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының, Америкалық «Vacuum» қоғамының, Америка «Оптикалық қоғамының» және «Материалдарды зерттеу» қоғамының мүшесі болып табылады. Ол бакалавриат бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы жетістіктері үшін «Oakley Kunde» сыйлығына ие болды, сондай-ақ Берклидегі Калифорния университетінің EECS кафедрасының үздік түлегі атанды. 2011 жылы айрықша еңбегі үшін IEEE EDS наградасына ие болды. 2016 жылы электрондық материалдар саласына қосқан зор үлесі үшін TMS бойынша сыйлықтың Джон Бардиннің «Функциялық материалдар» номинациясы бойынша жеңімпазы болып танылды. Доктор Адесида инженерлік бойынша декандардың ASEE кеңесінің мүшесі және 2009-2011 жылдар аралығында оның Қоғамдық саясат комитетінің төрағасы болды. Ол 2012 жылы әлемдік экономика үшін дарындарды дамыту мәселесін талқылау мақсатында Чикагода өткен және бүкіл әлемнің ірі университеттерінің президенттері мен канцлерлері қатысқан, Университеттің Ғаламдық саммитінің 5-сессиясының төрағасы болды.Ол «NSF Engineering» Кеңес беру кеңесі төрағасы, NSF Waterman тағайындау жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде жұмыс атқарды және CIC пен Провостар комитеттерінде қызмет етті. Ол бірқатар ұлттық академиялар комитеттерінде жұмыс істеді және Америка Құрама Штаттарының беделді Ұлттық инженерлік академиясының мүшесі болып саналады.

Қыпшақов Арғын Мықтыбайұлы «Технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру» мамандығы бойынша Мәскеу станок аспаптары институтын және «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институтын бітірді. 1994 жылдан бастап салық органдарында жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҚР ҚМ Салық комитеті Төрағасының Орынбасары, 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының Орынбасары лауазымын атқарды.
Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асырылатын Cалықтық әкімшілендіруді реформалау жобасының барысында салық органдарының бизнес-үдерістерінің реинжинирингімен айналысты. Бұдан басқа, «Қазақстанның жаңғыруы 3.0» шеңберінде салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша жаңа бастамаларды енгізуге бағытталған «Салықтардың жиналуын арттыру» жобасын басқарды.

Алматы мемлекеттік шет тілдер педагогикалық институтын «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша бітірген. Мәскеу шет тілдері педагогикалық институтында «Филология ғылымдары кандидаты» ғылыми дәрежесін қорғаған. Қазақстан Республикасы СІМ, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің Үшінші хатшысы және Қазақстан Республикасы СІМ Екінші хатшысы, Америка және Еуропа департаментінде қызметтер атқарды. ҚазМУ Дипломатия академиясының доценті, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Лингвистикалық орталық» қоғамының негізін салушы және президенті болды.
1998 жылдан бастап 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің АҚШ-тағы өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің екіжақты ынтымақтастықтың гуманитарлық мәселелері бойынша кеңесшісі болып қызмет етті. АҚШ пен Канадада Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасын әкімшілендіру бойынша басымды міндет атқарды.«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Президенті, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжам институтының (ҚМЭБИ) даму жөніндегі проректоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

Массимо Пиньятелли – медицина және философия ғылымдарының докторы, лауазымға тағайындалғанға дейін 2014 жылы қаңтарда ресми түрде құрылған Назарбаев Университеті Медицина Мектебінің (НУММ) деканы болды. 2013 жылы қарашада НУММ-ге келгенге дейін доктор Пиньятелли Глазго Университетінің стоматология, медбике ісі және қоғамдық денсаулық сақтау Мектептерін қамтитын Медицина Мектебінің басшысы және медициналық, ветеринариялық және биологиялық ғылымдар колледжінде халықаралық жетекші ретінде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ, Патология Бөлімінің басшысы ретінде Мунго-Нотман кафедрасының меңгерушісі болды.
Доктор Пиньятелли 2011 жылы патология саласындағы аға оқытушы/лектор ретінде Лондон Империялық колледжінде және Бристоль Университетінде гистопатология профессоры және клиникалық ғылымдар басшысы ретінде өткен өзінің академиялық мансабынан кейін Глазго Университетінде жұмыс істей бастады. Доктор Пиньятелли Болонья Университетінде, Италия, үздік медицина докторы дәрежесін алды және Лондонның Университет колледжінде философия докторы дәрежесін алды. Ол адгезияның эпителиалді молекулаларын зерттеуге және оларды тіндерді, емдеуді болжау және терапияға реакциясын диагностикалау үшін биомаркерлер ретінде пайдалануға арналған көптеген жұмыстар жариялаған белгілі дәрігер-ғалым.

Доктор Лоретта O Доннелл 2013 жылдан бастап Назарбаев Университетінде Академиялық мәселелер жөніндегі вице-провост қызметін атқарып келеді. Ол сондай-ақ 2016 жылдың ішінде Университет провосты міндетін атқарған.
Академиялық мәселелер жөніндегі вице-провост қызметінде доктор О Доннелл декандармен бірлесе отырып, халықаралық стандарттарға сай оқу бағдарламаларының сапасын дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Сонымен қатар, Университеттің академиялық миссиясын орындау және Университет тәжірибесін жергілікті және өңірлік жоғарғы оқу орындарына трансляциялау жұмыстары бойынша Назарбаев Университеттің стратегиялық серіктестерімен, соның ішінде Дьюк Университеті, Сингапур Ұлттық университеті, Мадисондағы Висконсин университеттерімен байланыс орнатады.
Доктор О Доннелл Назарбаев Университетінің, М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-мен серіктестіктегі, Академиялық адалдық жыл сайынғы халықаралық конференциясының негізін салушылардың және ұйымдастырушылардың бірі.
Ол халықаралық конференцияларда Еуразиялық жоғары білім тақырыптары бойынша қатысып келеді, соның ішінде: ASEF (Азиялық-Еуропалық қор) ректорлар конференциясы; Жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы (EHELF); Times Higher Education Азиялық университеттер саммиті; Жаңа Жібек жолы Университеттер Альянсы және НУ жыл сайынғы Гендерлік форумы.
Доктор О Доннеллдің Аустралия, Сиднейде орналасқан Аустралиялық бизнес мектебі және Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетіндегі (UNSW) EMBA (басшыларға арналған MBA бағдарламасы) бағдарламасында, бакалавриат пен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында жиырма жылдық оқыту тәжірибесі бар. Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілі ретіндегі Академиялық кеңестің мүшесі ретінде, және Білім берудің Қауымдастырылған Деканы ретінде, ол академиялық саясаттарды әзірлеу мен дамыту бойынша жұмыстарды өзінің жеке оқыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар орындады. Ол өзгерістерді басқару саласындағы UNSW AGSM Graduate Certificate және магистратура үшін коммерциялық бағдарламалар директоры қызметін атқарған. Доктор О Доннелл өзінің қаржы нарықтарындағы адами капиталды талдау бойынша зерттеуі үшін маңызды номинациямен марапатталды.
Сонымен қатар, ол Сидней мен Чикаго қалаларындағы ірі компанияларда ұйымдық өзгерістерді енгізу саласында кеңестік қызмет көрсетті, және де құрылымдық өзгерістерді қолдаудағы басқару жүйелерін дамыту саласында істейтін кішігірім фирмаға кеңестік қызмет көрсетті. Доктор О Доннелл Маккуори Жоғарғы Басқару Мектебінің (Macquarie Graduate School of Management) басқару саласындағы философия докторы дәрежесіне ие. Сонымен қатар, МВА дәрежесіне (Жоғарғы Австралиялық менеджмент мектебі, Жаңа Оңтүстік Уэльс Университеті), гуманитарлық ғылымдардың бакалавры дәрежәсіне (үздік) және білім саласындағы дипломына (N’cle) ие.

Вассилиос Турассис | Инженерия және сандық ғылымдар мектебінің деканы және өнеркәсіппен өзара әрекеттесу жөніндегі Вице-провост
Профессор Турассис жоғары білім берудің халықаралық әкімшісі және көп ұлтты ортада, академиялық бағдарламалар құру және ұйымдардың келесі деңгейге көшуі үшін жағдай жасауда әртүрлі тәжірибесі бар трансформация бойынша көшбасшы болып табылады.
2012 жылдан бастап Назарбаев Университетінде әр түрлі лауазымдарда үздіксіз қызмет атқарып келеді. Ол еліміздегі жоғары білімнің дамуына қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
Оның халықаралық мансабы бірқатар институттар мен рөлдерді қамтиды. Бұған дейін ол Карнеги-Меллон Университетінің Робототехника институтында ғылыми қызметкер, Нью-Йорктегі Рочестер Университетінің штаттағы профессоры және Грециядағы Демокрит атындағы Фракия Университетінің қаржы, зерттеулер және әзірлемелер жөніндегі проректоры болды. Ол Карнеги-Меллон Университетінің магистр және ғылым докторы дәрежесіне ие.
Профессор Турассис бұрын Еуропа Кеңесі мен «Азия-Еуропа» қорының білім беру орталығының шақырылған сарапшысысы; «Жоғары білім берудегі институционалдық басқару жөніндегі ЭЫДҰ (IMHE) бағдарламасының» Басқарма кеңесінің мүшесі; сондай-ақ сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу бойынша Грек агенттігі бағдарламаларының аға бағалаушысы болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта ол Қазақстанның Ұлттық ғылыми қоры Басқармасының жалғыз шетелдік мүшесі болып табылады.

Доктор Честер Яблонский жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы тәжірибелі академиялық әкімгер болып табылады. Ол 1997 жылы Канаданың Сент-Джон қаласындағы Ньюфаундленд Мемориалдық университетінде жоғары оқу орынан кейінгі бағдарламалар бойынша декан, 2008 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі шейх Зайед атындағы университетінде Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар деканы, сондай-ақ 2018 жылы Назарбаев Университетінде Дипломнан кейінгі бағдарламалар жөніндегі қауымдастырылған провост болып тағайындалды.
Ол жаратылыстану ғылымдары және инженерлік зерттеулер бойынша Канадалық кеңесті (NSERC), физикалық ғылымдар докторанттарына арналған Стипендиялық комитетті басқарды, жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласы бойынша Канадалық қауымдастықтың (CAGS) және жоғары оқу орнынан кейінгі мектептердің Солтүстік-шығыс қауымдастығының (NAGS) басшысы болып қызмет атқарды, сондай-ақ өтпелі металдардың хиралдық катализі саласындағы зерттеу бойынша Канадалық химия академиясының мүшесі ретінде ресми түрде танылды. Назабаев Университетінің Дипломнан кейінгі бағдарламалар жөніндегі қауымдастырылған провосты ретінде доктор Яблонский Университеттің барлық магистратура мен докторантура студенттеріне және постдокторанттарға академиялық және әкімшілік қолдау көрсету қызметіне жетекшілік етеді.
Ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі Вице-провост Провостқа зерттеу мәселелері бойынша өз міндеттерін орындауға көмектеседі (зерттеу стратегиясы, енгізу, сәйкестік, персонал, ынтымақтастық, кеңістік пен жабдық, сондай-ақ қаржылық қолдау, оқыту, ақпараттық-ағартушылық және инновациялық қызмет). Доктор Яблонски бұл лауазымға 2022 жылдың қаңтарында тағайындалды.

Доктор Луис Рамон Рохас-Солорзано 30 жылдан астам жоғары білім беру саласында табысты мансап құрған, көреген, стратегиялық және белсенді академиялық көшбасшы. Ол PhD дәрежесін 1997 жылы Карнеги Меллон университетінде, АҚШ машина жасау мамандығы бойынша алды.
Доктор Рохас өзінің академиялық мансабын 1988 жылы өндіріс саласында 3 жыл жұмыс істегеннен кейін бастады. Ол Венесуэладағы Симон Боливар университетінде (1985, 1991) машина жасау бакалавры және гидротехника бойынша магистр дәрежесін алды. Доктор Рохас аталған университетте 25 жыл қызмет етті және 2013 жылы Профессор ретінде зейнетке шықты. Доктор Рохас-Солорзано АҚШ-та (Карнеги Меллон университеті, Филлипс-Респироникс, DRESSER-RAND), Францияда (IMT-Atlantique, Нант), Испанияда (UPC), Португалияда (UNL-NSCT) және Перуде (PUCP) Профессор-ғалым болып қызмет атқарды.
2013 жылы Назарбаев Университетіне қосылғаннан кейін доктор Рохас-Солорзано магистратура және докторантура бағдарламаларына НУ магистратура негіздерін сәтті қолданып, магистратура бағдарламаларының жетекшісі, ал соңғы уақытта Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі магистратурасының директоры қызметін атқарды.
Доктор Рохас-Солорзано студентке бағытталған білім беру тәсілін қолданатын және өзінің әріптестерінің, студенттердің және өзі қызмет еткен қоғамдастықтың көп және алуан түрлі көзқарастарын құрметтейтін тәжірибелі академик. Оның пікірінше, бүгінгі күннің ықпалды білім беру көшбасшылары инклюзивтілікті нығайту және жоғары білім берудегі жетістіктерді арттыру үшін құнды ресурс ретінде әртүрлілікті бағалайды.
Дипломнан кейінгі бағдарламалар жөніндегі қауымдастырылған провост НУ-дың барлық магистратура және докторантура студенттері мен докторлық дәрежесі бар ғалымдар үшін жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін академиялық және әкімшілік қолдауға жетекшілік етеді. Доктор Рохас бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалды.

Крис ХЭНДЛИ | Бас Ақпараттық Директоры
Крис Хэндли 2018 жылдың қазанынан бастап Назарбаев Университетінің бірінші Ақпараттық Директоры болып табылады. Хэндли мырза Университеттегі сандық трансформация саласын басқарады, Университеттің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін АТ-стратегияларды дайындаушы қызметін атқарады, сондай-ақ Назарбаев Университетіне арналған технологиялық платформаны таңдау жұмыстарын үйлестіреді.
Назарбаев Университетіне келместен бұрын Крис Хэндли жеті жыл бойы Ага Хан университетінде және Азияның, Африканың 6 елі мен Ұлыбританиядағы ауруханаларда бірінші Ақпараттық Директор қызметін атқарды. Оның жеке тәжірибесіне Торонто Университетіндегі, Стэнфорд университетіндегі, Хьюлетт қорындағы, Вашингтон штатының (АҚШ) Қоғамдық және техникалық колледжіндегі, Best Doctors Inc. компаниясындағы ақпараттық технологиялар саласындағы басқарушылық лауазымдар кіреді, сондай-ақ ол Coopers.& Lybrand, PriceWaterhousecoopers, Information Methodologies inc және Exeter Group сияқты компаниялар үшін жоғары деңгейлі кеңесші қызметтерін көрсетті. 10 жыл бойы Хэндли мырза Women’s College Hospital, сондай-ақ Канададағы Academics Without Borders басқармасының мүшесі, ерікті болып, мансап жолында Төрағаның Орынбасары лауазымына дейін көтерілді.