Халықаралық қауымдастықтар

Назарбаев Университеті жоғары білім берудегі мынадай әлемдік және аймақтық қауымдастықтардың мүшесі болып табылады:

Осы және басқа да қауымдастықтарда Назарбаев Университетінің мүшелігінің артықшылығы қандай? Осының барлығы бізге мынадай мүмкіндіктер береді:

  • Студенттердің білім беру тәжірибесін жетілдіру
  • Әлемдегі жетекші университеттермен біліммен, тәжірибемен және үздік практикамен алмасу
  • Бірлескен жобалар үшін жаңа байланыстар орнату және дамыту
  • Әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі жалпы қиындықтарға қатысты басқа да көзқарастарды зерттеу
  • Бірлескен озық зерттеулерді әзірлеу
  • Жоғары білім мен зерттеулер бойынша жаһандық пікірталас пен диалогты жетілдіру
  • Кеңінен таралған және ғаламдық жоғары білім берудегі танымалдығын арттыру
  • Кәсіби даму және кеңес беру қызметтері мүмкіндіктерін пайдалану
  • Әртүрлі бағыттардағы университеттердің көптеген дерекқорларына, зерттеу нәтижелеріне және зерттеулеріне басымдықпен қол жеткізу
  • Гранттар жүйесі арқылы қаржылық қолдау алу.

2017

  • 19-22 ақпан: жыл сайынғы “Internationalization through Difference: Transcending Boundaries” AIEA конференциясы

Студенттік мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президент Қадиша Нурдулдиновна Даированың “Partnerships as Tools for Development and Internationalization: Lessons from Universities in Kazakhstan and Central Asia” тақырыбына арналған көрсетілімі.

AIEA 2017 конференциясы туралы қосымша ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз.

  • 1-7 мамыр: Халықаралық бөлімдердің аға қызметкерлеріне арналған AIEA көшбасшылық академиясы

2017 жылы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Директоры Әлия Бақытқанқызы Қаймолдинова AIEA Көшбасшылық академиясында оқудан өтті.

Сертификат AIEA Academy

2017 жылы когорта туралы ақпарат алу үшін, AIEA веб-сайтына кіріңіз.

2018

  • 18-21 ақпан: Жыл сайынғы “The Internationalization Imperative in Turbulent Times” тақырып бойынша AIEA конференциясы

2018 жылы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Директоры Әлия Бақытқанқызы Қаймолдинова мен Тәжірибе трансляция офисінің үйлестірушы Мадина Несипказиевна Айтаканова  AIEA Conference конференциясына қатысып, сессиялардың бірінде «Alliances under the Belt and Road Initiative: University Partnerships between China and Kazakhstan» атты көрсетілім жасады.

2018 жылғы AIEA конференциясында ұсынылған басқа да сессия материалдарын алу үшін сілтемеге өтіңіз.

  • EAIE Forum журналында жарияланымы

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әлия Бақытқанқызы Қаймолдинова және Тәжірибе трансляция кеңсесінің үйлестірушы Айтаканова Несипказиевна Мадина Форум журналының жазғы санында “International Policies and Practices” тақырыбында НУ-дың құрудың ерекше бірегейлігі және оның әлемдік жоғары білім беру нарығында орын алудағы қиындықтары туралы айтып өткен.

 “New Institution, Big Plans” мақаланың толық нұсқасын алу. (Сілтеме)

2019

  • 13-15 мамыр: Жыл сайынғы Going Global конференциясы “Knowledge diplomacy and the digital world: does international tertiary education have a role?”

2019 жылы өткен Going Global конференциясында Назарбаев Университетінің атынан Студенттік мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президент Кадиша Нурдулдиновна Даирова және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Директордың міндетін атқарушы  Мадина Несипказиевна Айтаканова “Global Partnerships and Their Impact on the Development of Local Higher Education”  тақырыпта көрсетілім жасады.

2019 жылғы Going Global конференциясының маңызды сәттерімен танысу үшін ресми сайтқа кіріңіз.