Оқытушылар мен қызметкерлерге

COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналау жайында

Вакцина үшін тіркелу: сілтеме

2021 жылдың 15 шілдесінен бастап вакцинацияланбаған қызметкерлерге кампусқа кіруге тыйым салынады. ПТР теріс нәтижесі кампусқа кіру үшін вакцинация мәртебесі бойынша кез-келген топ үшін ӘРҚАШАН қажет. Бұл басшыларға, мердігерлерге, келушілерге, студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге қатысты.

Үйден жұмыс істеу тәртібі

NU үйден жұмыс істеу (WFH) қағидаларын ұстануды жалғастыруда. Декандар мен Директорлар кеңселердегі, аудиториялардағы және зертханалардағы адамдар санының әрдайым 20%-ға дейін шектелуін қамтамасыз ету және физикалық арақашықтықтың (минимум 2 м) сақталуын қамтамасыз ету үшін режимнің сақталуын бақылауды жалғастырады.

Жоғарыда аталған салаларда жұмыс істеуді жоспарлайтын кез-келген адамға соңғы 14 күн ішінде жарамды RT-PCR тесті және тестілеу нәтижелерінің көшірмесі қажет болады. 30 минутқа созылатын қысқа сапарлар (мысалы, жұмыс столындағы заттарды алып кету үшін) декандар, вице-президенттер мақұлдауымен және біздің қауіпсіздік қызметіне хабарлау арқылы мүмкін.

NU Ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Шетелге сапар

Оқытушылар үшін, ішкі порталдағы сілтеме бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментінің (ХЫД) секциясына жүгінуіңізді сұраймыз.. Кез келген сұрақтар бойынша ХЫД-ға хабарласыңыз.

ХЫД рейстер туралы ақпаратты NU сайтында жаңартады:

https://old.nu.edu.kzabout-nazarbayev-university/international-cooperation/information-for-international-faculty-and-students

Егер сіз шетелге шығуды жоспарласаңыз, үкіметтерден, авиакомпаниялардан және әуежайлардан ақпаратты мұқият қарауыңыз керек, өйткені жағдай тез өзгереді. Жалпы ақпарат және шамамен (яғни толық емес) ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Егер сіз шетелге сапар шегетін болсаңыз, авиакомпаниялар мен белгіленген елдерден сәйкесінше қонуға және кіруге қойылатын талаптарды нақтылаңыз.

Келесі веб-сайтқа жиі кіріңіз: https://beta.egov.kz/memleket/entities/kkkbtu?lang=en

Сондай-ақ сенімді деректерді Джонс Хопкинс университетінің сайтынан көруге болады: https://coronavirus.jhu.edu/map.html

Бізге сапар бағыты туралы, кем дегенде қайтып келгенге дейін бір апта бұрын, бөлімшенің персонал жөніндегі менеджеріне және hse@old.nu.edu.kz-ге электрондық хат жіберіп,  хабалауды ұмытпаңыз.