Студенттердің пікірлері

«Орта Азияның тарихын сол өңірде, тіпті ағылшын тілінде зерделеу – бұл бірегей мүмкіндік»

Мен халықаралық қатынастарды бакалавриатта АҚШ-та оқыдым, бірақ кейін мен жүрегімнің қалауымен, оқуымның соңғы жылында тарихқа бет бұруды жөн көрдім. Мен Назарбаев Университеті туралы Орталық Азияға бағытталған тарих мамандығы бойынша магистратураны іздеп жүрген сәтте білдім. Орта Азияның тарихын сол өңірде, тіпті ағылшын тілінде зерделеу – бұл бірегей мүмкіндік! Сонымен қатар, Қазақстанға сапармен баруды үнемі армандайтынмын. Университеттің сайтында мен оқытушылардың ғылыми қызығушылығы мен Еуразиялық зерттеулер бағдарламасы студенттерінің жобаларын зерделедім. Мұның бәрі мені өте қызықтырды.

Назарбаев Университетіндегі алғашқы жылым өте қарқынды болды, алайда менің оқуға салған бар күш-жігерім сонымен ақталды деген ойдамын. Мен бірінші семестрде зерттеудің жақсы негізін, екінші семестрден бастап түрлі салалардағы курстарды, сондай-ақ диссертацияны дайындауға ұзақ уақытты қамтитын оқу жоспарын өте ұнаттым.

Оқытушылар өте білімді және студенттерге көмектесуге әрдайым дайын болды. Өзімнің жетекшілерім маған диссертацияны зерттеуге және дайындауға көп көмек көрсетті.

Назарбаев Университеті өркендеп келе жатқан дербес жоғары оқу орны болып табылады. Мұнда оқитын студенттер өте ақылды, еңбекқор, жылы шырайлы және белсенді. Мен өзім оқып жатқан бағдарламадағы ғана емес, сондай-ақ басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатқан құрдастарыммен де достастым. Бастапқыда магистранттар Университеттің студенттік өміріне белсенді араласпайтын шығар деген ойда болдым, бірақ соңында мен студенттер қауымдастықтарына қосылдым да,  бакалавриаттан көптеген достарымды таптым.

 

Ди Ванг, Қытай

Еуразиялық зерттеулер саласының магистрі, 2018 жылдың болашақ түлегі

Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

 

«Назарбаев Университетінде мені ең қызықтырғаны – Назарбаев Университетінің жоғары дәрежедегі шетелдік университеттермен әріптестігі болды. Менің жағдайымда бұл Кембридж және Пенсильвания университеттері»

Мен Назарбаев Университеті жайында оның ашылғанына дейін естіген едім. Мен Қазақстанға келгенімде, адамдардың білім берудегі ірі жоба туралы айтып жатқанын естіп жүрдім, сол айтып жүрген жоба НУ еді.

Университет мені жоғары дәрежедегі шетелдік университеттермен әріптестігімен қызықтырды. Бұл әірптестік НУ-ға академиялық бағдарламаларды тиімді іске асыруға және бірлескен қызықты зерттеу жобаларына қатысуға  көмектеседі деп ойладым.

Оқуымның барысында мен әртүрлі елдерден келген оқытушылармен таныстым. Олардың әрқайсысының қаралатын мәселеге байланысты өз ойлары мен көзқарастары бар. Мен кітапханада уақыт өткізгенді өте жақсы көремін, өйткені онда тек өзіңнің салаңдағы тақырыптар бойынша кітаптарды ғана емес, сонымен қатар CD дисктерді, журналдарды және газеттерді табуға болады.

Білім берудегі PhD бағдарламасын таңдауымның негізгі себебі – Назарбаев Университетінің Кембридж университеті мен Пенсильвания университеттері сияқты жоғары оқу орындарымен әріптестігі болды. Мен идеялармен алмасу және бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндіктері мықты зерттеу жобасын әзірлеу үшін өте маңызды болып табылады деп ойлаймын.

Назарбаев Университетінде білім алудың негізгі артықшылықтарының бірі ретінде мен мыналарды белгілер едім: біріншіден, жоғары деңгейдегі университеттермен әріптестік және үздік оқытушылар; екіншіден, зерттеуге үлкен көңіл бөлу; және үшіншіден, студенттердің кітапханаға, жатақханаларға, асханаларға, спорт орталықтарына және басқа да ресурстарға қолжетімділігі.

Марсело Лопез Лара, Мексика

Білім беру саласындағы PhD студенті, 2017 жылдың түлегі

Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі

«Мен мемлекеттік саясат саласындағы магистратура бағдарламасын таңдадым, себебі оның Орталық Азия елдерінің тәжірибесіндегі жоғары сапалы білім мен сараптаудағы беделі зор және білім алуға стипендияларды ұсынады»

Бұрын мен экономикаға аса қызығушылық танытқан болатынмын, себебі бірнеше жылдар бойы өз елімде үкіметтік емес ұйымда жұмыс істедім. Алайда, уақыт өте келе, бүкіл өңірдің дамуына үлес қосатын, оң өзгерістер жасайтын мемлекеттік қызметкер болуға деген құштарлығым бәрінен жеңіп, білімімді осы салада жалғастыруға бел будым.

Жақын арада көрші елде жоғары білім беру стандарттары мен керемет инфрақұрылымы бар жаңа университет – Назарбаев Университетінің ашылғанын білдім. Мен өзіме лайықты бағдарламаны іздей бастадым. Оқу жоспары мен талаптарын сыни түрде талдай отырып, мен мемлекеттік саясат саласындағы магистратура бағдарламасын таңдадым, себебі оның Орталық Азия елдерінің тәжірибесіндегі жоғары сапалы білім мен сараптаудағы беделі зор және білім алуға стипендияларды ұсынады. Мен бағдарламаны өзім таңдаған бейін мен ғылыми қызығушылығыма дәл сәйкес келеді деп ойладым. Конкурстың өте үлкен екенін және көптеген студенттер осы бағдарламаға қатысқалы жатқанын мен білдім. Бақытыма орай, менің халықаралық жоғары оқу орнынан алған экономика бойынша дәрежем, әлеуметтік белсенділігім мен жұмыс тәжірибем маған өзіме сеніп, құжаттарымды Назарбаев Университетіне тапсыруға көмектесті. Енді, осы Университеттің студенті ретінде, мұндағы оқу мен орналасу жағдайлары өте тамаша, сондай-ақ әрдайым көмек көрсетуге дайын, білікті оқытушы-профессорлар құрамы бар екенін айтқым келеді.

Мен сондай-ақ, мемлекеттік саясат саласындағы магистратура бағдарламасының Сингапурлық компонентін атап өткім келеді. Бұл маған мемлекетті басқарудың ең тиімді жүйелерінің бірімен танысуға мүмкіндік берді. Менің оқуым тек білім беру мақсаттарыма жету үшін ғана емес, сонымен қатар менің болашақ мансабым үшін де маңызды болатын көшбасшылық дағдыларымды толықтырады деген ойдамын. Назарбаев Университеті, менің екінші үйім болғаның үшін рахмет!

Наргиза Чориева, Өзбекстан

Мемлекеттік саясат саласындағы магистратура, 2018 жылдың болашақ түлегі

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

«Университетте, әсіресе, алғашқы оқу жылы мен аса бағалаған нәрселердің бірі – бұл қазақстандықтардың қонақжайлылығы, сондай-ақ Университет қызметкерлерінің шетелдік студенттерге кез келген мәселе бойынша көмектесуге дайындығы»

Университетті таңдау – бұл әрбір адам үшін маңызды және күрделі шешім. Мен көптеген университеттерді қарастырдым, олардың әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері болды. Нәтижесінде, мен Назарбаев Университетін таңдадым және де осы таңдауыма еш өкінген емеспін.

Мен кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі барлық халықаралық университеттерді мұқият зерттеп, Назарбаев Университеті өңірдегі ең үздіктердің бірі болып табылады деген қорытындыға келдім. Маған әлемнің ең үздік университеттерінен келген оқытушылардың да түйіндемелері әсер етті. Сондай-ақ, студенттер мен профессорлардың да арақатынасын атап көрсету керек. Назарбаев Университетінде студенттер топтарының көп болмағандығы бұдан әрі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін профессорлармен  байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мен Қазақстанда бұрын соңды болған емеспін. Астананың фотосуреттерін, әсіресе Назарбаев Университетінің кампусын көргенде, мен сол жерге барғым келетінімді түсіндім.

Университетте, әсіресе, алғашқы оқу жылы аса бағалаған нәрселерімнің бірі – бұл қазақстандықтардың қонақжайлылығы, сондай-ақ Университет қызметкерлерінің шетелдік студенттерге, олардың Қазақстанда болуының кез келген мәселесі бойынша көмектесуге дайындығы. Назарбаев Университетінің ұжымы басқа елде тұрып жатқаныңа қарамастан,  әрқашан Университет тарапынан қолдау таба алатыныңа сендіреді.

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі ұсынған курстардың әртүрлілігі маған академиялық тұрғыда «өсуге» мүмкіндік берді. Мұнда алған білімдерім маған шетелдік конференцияларға қатысуға және қатысуларға грант жеңіп алуға көмектесті.

Жалпы, Назарбаев Университеті туралы көп нәрсе айтуға болады, бірақ неге оны өзіңізге келіп зерттемеске? Мен сіздің өз таңдауыңызға өкінбейтіндігіңізге сенімдімін.

 

Хамза Шарифзода,  Тәжікстан

Саясаттану және халықаралық қатынастар саласының бакалавры,

2018 жылдың болашақ түлегі

Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі