НУ-дағы өмір

NU кампусындағы өмір тек қана оқумен  және жұмыс істеумен шектелмейді, сонымен қатар әртүрлі мәдени, спорттық, кәсіби және корпоративтік іс-шараларды қамтиды. Қысқаша айтқанда, барлық студенттер, профессорлар мен оқытушылар НУ қоғамдастығының бір бөлігі болып табылады, олардың қызметі Университетіміздің пайымдауы, миссиясы, мақсаттары мен міндеттеріне жетуге көмектеседі.

Бізде 5 күндік жұмыс аптасы: дүйсенбіден жұмаға дейін, 08: 30-дан 17: 30-ға дейін және түскі үзіліс 12: 30-дан 13: 30-ға дейін. НУ өз қызметкерлері үшін көптеген корпоративтік іс-шараларды ұйымдастырады: тимбилдинг, Quizland, Наурыз, жаңа қызметкерлерді бейімдеу, жаңа жылдық корпоративтік іс-шара, студенттер мен қызметкерлерге арналған жалпы университеттік іс-шаралар: ашық лекциялар, семинарлар, пікірталастар, мәдени, спорттық және сауықтыру іс-шаралары және жарыстар.