Магистратура және Докторантура

Бағдарлау аптасына дайындық материалдары

 

Пайдалы сілтемелер мен байланыстар

Департаменттердің веб-сайттары:

Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті

Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті (ДЖЖС) студенттердің жетістікке жетуіне, кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал етумен айналысады.

 Біз студенттерге көшбасшылық қабілеттерін дамыту және НУ қауымдастықтарының белсенді мүшелері болу үшін ортақ, біртұтас, инклюзивті және қолдайтын орта мен тәжірибе жасауға ұмтыламыз.

 Біз студенттердің университетке және кампус өміріне бейімделуіне, сондай-ақ академиялық емес және әлеуметтік өміріне қолдау көрсетеміз.

NU Student Portal

 

 

НУ Кітапханасы

Денсаулық және әл-ауқат орталығы (ДӘО)

Регистратор офисі

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы  

Сұрақтар туындаған жағдайда, келесi байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

Департамент/ Мектеп

Қызметкер

Жауапты саласы

Эл.пошта

Байланыс нөмірі

Кітапхана

Эйприл Манабат

Кітапханалық бағдарлау

april.manabat@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 69 26 69

Тау-кен iсi және жер туралы ғылымдар мектебі

Алтынай Кажкенова

Академикалық істер жөніндегі офис

altynay.kazhkenova@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 69 46 28

ЖӘГҒМ

Асем Койшыбаева

Магистрлік бағдарламалары

assem.koishybayeva@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 65 22

Асель Жакибаева

PhD бағдарламалары

assel.zhakibayeva@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 5967

ЖББМ

Айдана Сіргебаева

Академикалық істер жөніндегі офис

aidana.sirgebayeva@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 93 11

ЖМСМ

Мадина Куванышева

MPP, MPA бағдарламалары

mkuvanysheva@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 61 23

Карина Халилова

PhD бағдарламасы

karina.khalilova@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 69 45 77

Қабылдау департаменті

Мадина Бисингалиева

Магистратура және докторантура бағдарламаларына оқуға түсу

madina.kapanova@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 69 45 63

Bursar’s Office

Туктубаева Айсулу

Банк шоты мен картасы, стипендия түрлері және төлемдер  

atuktubayeva@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 91 99

Медицина мектебі

Алмагүл Тапаева

Магистратура бағдарламалары

almagul.tapayeva@old.nu.edu.kz

 

Алмагүл Аяпбекова

Медицина докторы, PhD, резидентура бағдарламалары

aayapbekova@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 69 45 22

ЖБМ

Асем Муссабекова

Академикалық және студенттік істер жөніндегі офис

assem.mussabekova@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 45 70

Мират Акшалов

Академикалық және студенттік істер жөніндегі офис

mirat.akshalov@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 91 80

ИЦҒМ 

(Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі)

Айбек Жасенов

Академикалық және студенттік істер жөніндегі офис

aibek.zhassenov@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 60 56

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы

Ануар Әбу

Мансаптық кеңес беру, студенттерге арнайы жұмыстар 

anuar.abu@old.nu.edu.kz

cac@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 65 38

Дайындық мектебі

Айжан Джаналиева

Студенттік және академиялық мәселелер

adjanaliyeva@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 69 46 21

Халықаралық студенттермен және мамандармен жұмыс жөніндегі кеңсе 

Маулен Ергазиев

Виза және көші-қон 

maulen.yergaziyev@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 69 27 01

Сандра Реал

Халықаралық студенттер

sandra.real@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 64 11

Регистратор офисі

Олжас Туякбаев

Сабаққа тіркелу және сабақ кестесін ұйымдастыру

olzhas.tuyakbayev@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 60 67

Reception

Жалпы сұрақтар

registrar@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 65 29

Университеттің Денсаулық сақтау Департаменті

Куаныш Кунанбаев 

Денсаулық сақтау жөніндегі менеджері 

oh-students@old.nu.edu.kz 

+7 (717) 2 70 58 59

“Jusant Garant” сақтандыру компаниясы

Координатор

Медициналық сақтандыруға байланысты сұрақтары

jghi@old.nu.edu.kz

ship@old.nu.edu.kz  

+7 (775) 007 84 95

2828

+7(717) 2 69 27 27

University Health Center 

Тіркеу

Медициналық қызметтер туралы сұрактар 

uhc.reception@old.nu.edu.kz  

+7 (717) 2 69 26 16 

Денсаулық және әл-ауқат орталығы (ДӘО)

Ерден Нуртаев

 

yerden.nurtayev@old.nu.edu.kz

+7 (717) 2 70 57 35

 

Студенттермен жұмыс жүргізу департаментіdss@old.nu.edu.kz

Студенттік жатақхана

Кампуста тұру, бөлме ауыстыру, бөлме таңдау

student_housing@old.nu.edu.kz 

Студенттік Көшбасшылық және Белсенділік

Студенттік іс-шараларға  және студенттер ұйымдарын қолдауға байланысты барлық сұрақтар

studentevents@old.nu.edu.kz 

Тәртіп сақтау және студенттердің мүдделерін қорғау 

Мінез-құлық кодексі, жатақхана ережелері, құпия жағдайда жан-жақты қолдау

student_support@old.nu.edu.kz 

Военная подготовка

Әскерге шақыру, жергілікті әскери комиссариатқа тіркелу кезінде тексеру, әскери билет

military_register@old.nu.edu.kz 

Студенттердің әлеуметтік осал санатына

СӘОС студенттерді қолдау 

svc_students@old.nu.edu.kz

Маңызды күндер

Келесі маңызды күндерді естен шығармаңыз!

  9 тамыз – Бағдарлау аптасының басталуы

11 тамыз – Күз 2021 семестріндегі сабақтарға тіркелудің ашылуы

16 тамыз – Сабақтардың бірінші күні, Күз 2021 семестрінің басталуы

23 тамыз – Сабақты тіркеуге қосу бойынша соңғы күн

27 тамыз – Сабақты тіркеуден алу бойынша соңғы күн

Банк картасы және есеп айырысу

Банк картасы және студенттік куәлік

Сіздің банктік картаңыз бен студенттік куәлігіңіз сізге ыңғайлы болу үшін енгізілген.  Сізге Jysan банкінен сіздің картаңыздың дайын екендігі туралы SMS келеді.  Өз картаңызды туған жеріңіздегі Jysan банк филиалынан алатындығыңызды ұмытпаңыз (өтінішіңізде көрсетілген мекен-жай бойынша, құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен бірге бұрын жіберілген өтінішке сілтемеде).  Егер сізге қосымша ақпарат қажет болса, бізге bursars_office@old.nu.edu.kz электрондық поштасына жіберіп, бізбен байланысудан тартынбаңыз.

Қаржылық көмек

Назарбаев Университеті студенттерімізге қол жетімді қаржылық көмек нұсқаларын ұсынады. Стипендиялар «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының білім алушыларын стипендиямен қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген критерийлерге сәйкес академиялық үлгеріміне байланысты НУ студенттеріне тағайындалады.

Студенттерге стипендия берудің мақсаты университеттің адал студенттерінің ғылыми-зерттеу, оқытушылық және оқу қызметін ынталандыру, студенттерге әлеуметтік (қаржылық) қолдау көрсету, сондай-ақ олардың оқу кезіндегі шығындарын ішінара жабу болып табылады.

«Назарбаев Университеті» стипендиясы

«Назарбаев Университеті» стипендиясы «Назарбаев Университеті» білім алу гранты бойынша оқитын студенттерге беріледі. Оқудың бірінші семестрінде «Назарбаев Университеті» стипендиясы бакалавриат студенттеріне шартсыз беріледі және ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде «Назарбаев Университеті» стипендиясы бакалавриат студенттеріне қағидаларда белгіленген критерийлерге сәйкес емтихан сессиясының нәтижелері бойынша беріледі.

NUFYP және NUZYP бағдарламалары бойынша оқитын студенттер бүкіл оқу бағдарламасы үшін «Назарбаев Университеті» стипендиясын алады (ай сайын төленеді).

«Абай Құнанбаев» және «Ыбырай Алтынсарин» стипендиялары

«Абай Құнанбаев» және «Ыбырай Алтынсарин» стипендияларын Университет және/немесе оның ұйымдары қаржыландырады. «Абай Құнанбаев» стипендиясы шетел студенттерге Университетте оқитын шетелдік студенттерге тағайындалады. Бұл стипендиялар стипендиямен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес төленеді.

«Назарбаев Университеті» стипендиясының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітеді. «Назарбаев Университеті» стипендиясының мөлшері «Абай Құнанбаев» және «Ыбырай Алтынсарин» стипендияларына стандарт болып табылады

Докторанттарға арналған қолдау стипендиясы

Докторанттарға арналған қолдау стипендиясын Университет тағайындайды және Университеттің өз қаражаты есебінен қаржыландырылады. Докторанттарға арналған қолдау стипендиясы докторанттың өтініші негізінде бір семестрге тағайындалады және Офис Провосттың бекітілген критерийлерге сәйкес ай сайын төленеді.

Докторанттарға арналған ай сайынғы қолдау стипендиясының мөлшері жыл сайын Университеттің Басқарушы кеңесінің шешімімен бекітіледі.

«Назарбаев Университет», «Абай Құнанбаев», «Ыбырай Алтынсарин» стипендияларын тағайындау және төлеу критерийлері

Білім алушылардың санаты

Мектеп

Критерийлер

Стипендияның түрі

Білім алушылардың санаты

Магистранттар

Жоғары бизнес мектебі, Жоғары білім беру мектебі

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, Медицина мектебі, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

GPA 3,0 және жоғары

Магистранттарға  стипендия

 

125,000 теңге

GPA 2,67 және жоғары

Магистранттарға  стипендия

Медицина мектебі: «Медицина  докторы» бағдарламасы

«Pass» («Сыналды») барлық пәндер бойынша

Магистранттарға  стипендия

NYZYP

Дайындық мектебі

Бүкіл мерзіміне

 

125,000 теңге

Докторанттар

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

Бүкіл мерзіміне

 

 

150,000 теңге

Стипендия туралы соңғы ақпаратты Bursar’s Office алуға болады: жұмыс телефондары: +7 (7172) 70 60 86, 70 91 99, 70 90 27, 5034 каб, C2 блогы, еmail: bursars_office@old.nu.edu.kz

Пәндерге тіркелу және академиялық рәсімдер

НУ-де пәндерге онлайн тіркелу жүйесі әрекет етеді. Студенттер өздерінің академиялық эдвайзерлерімен келісе отырып пәндерге тіркеле алады. Қосымша ақпарат алу үшін Регистратор офисінің веб-сайтына кіруіңізді сұраймыз.

  • Барлық студенттер пәндерге тіркелу бойынша  пәнді  қосу/бас тарту/шығару мерзімдерін ұстануы міндетті. Сабақтарға тіркелу мерзімі registrar.nu.edu.kz веб-сайтының «Жылдам сілтемелер» бөліміндегі академиялық күнтізбеде көрсетілген.
  • Көптеген оқу бағдарламаларында студенттер онлайн тіркелу жүйесі арқылы тіркеледі (өз бетінше тіркелу). Студенттер сабаққа тіркелу басталғанға дейін тіркелу кезеңінің күндері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі. Онлайн тіркелуге қатыспайтын бағдарламаның студенттерін мектеп әкімшілігі өздері сабақтарына тіркейді (блок түрінде тіркеу). Пәндерге тіркелу туралы мәлімет тиісті Студенттік анықтамалықта көрсетілген.
  • Кейбір пәндерде пре-/ко-/анти-реквизиттер бар. Реквизит бойынша қажетті талаптарды орындаған студенттер ғана реквизиттері бар пәндерге тіркеле алады. Әйтпесе, тіркеу жүйесі студенттерге тіркелуге мүмкіндік бермейді. Реквизиттер тізімін registrar.nu.edu.kz веб-сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінде таба аласыз.
  • Көп жағдайда пәндерге тіркелуде приоритеттер қойылады, бұл тек студенттердің белгілі бір тобына тіркелуге мүмкіндік береді. Тіркелу приоритеті студенттің оқитын мектебіне/оқу жылына/мамандығына негізделген. Приоритетке кірмеген студенттер үшін мұндай пәндер myRegistrar жүйесінің «Пәндерге тіркелу» модулінде қолжетімсіз деп қызылмен белгіленеді. Приоритеттер тізімі registrar.nu.edu.kz веб-сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінде көрсетілген.
  • Регистратор офисі, Деканат және Мектептің профессорлық-оқытушылық құрамы бүкіл тіркеу процесінде және оқу кезеңінде онлайн тіркеуден өткен студенттердің тізіміне қол жеткізе алады. Бір мектептің студенттері студенттердің анықтамалығында көрсетілген бағдарлама ережелерін сақтай отырып, вице-декандардың рұқсатымен басқа мектептегі пәндерге тіркеле алады.
  • Тіркелуді бастамас бұрын пәндерге қойылатын барлық талаптарды (реквизиттер мен приоритеттер) алдын ала тексеріп алған жөн. Барлық орындар тола болған пәндер үшін «Күту тізімі» (КТ) функциясы қарастырылған. Егер пәнде орын болмай, тек КТ-де бос орындар болса, онда студент осы пәннің күту тізіміне кезекке тұра алады, бос орындары бар пәнге тіркелу секілді. Егер кез-келген басқа студент пәннен шығып қалса, КТ-де бірінші тұрған студент автоматты түрде осы босатылған орынға тіркеледі. Кейіннен студент тіркелу жүйесінен тиісті электрондық хат алады.
  • Сабақ кестесіне қатысты сұрақтар бойынша мектеп кеңсесіне хабарласыңыз.

 

Медицина докторы

НУ-да сабақтарға онлайн тіркелу жүйесі бар. Студенттер сабақтарға өздерінің академиялық кеңесшілерімен келісе отырып (болған жағдайда) немесе өздерінің оқу жоспарларына сүйене отырып тіркеле алады. Қосымша ақпарат алу үшін Регистратор офисінің (РО) веб-сайтына кіріңіз.

  • Медицина Докторы (МД) бағдарламасы Регистратор офисінің (РО) сайтында орналасқан университеттің академиялық күнтізбесі шеңберінде жұмыс істейді.
  • Әр семестрде сабақтарға тіркелу кезеңінің күндері Медицина Мектебінің (МM) академиялық күнтізбесінде көрсетілген және де мектеп әкімшілігі студенттерге тіркелу күндері туралы алдын ала эл.пошта арқылы хабарлайды.
  • НУ-ның МД студенттері үшін сабаққа тіркелудің стандартты процесі (өзі тіркелу) арқылы тіркелудің қажеті жоқ, себебі оқу бағдарламасындағы барлық оқу пәндері міндетті болып саналады. Сондықтан пәндер студенттердің жеке кестелеріне РО мен ММ арасында келісілген арнайы процесі арқылы тіркеледі (блок түрінде тіркеу).
IT-ресурстар

Бұл бетте студенттерге арналған ақпараттық қызметтерге сілтемелер және қысқаша мәліметтер келтірілген. Бұл ақпарат сізге пайдалы болады деп үміттенеміз!

Профессор-оқытушылар құрамымен және НУ қауымдастығының басқа мүшелерімен байланыс үшін сізге корпоративті электрондық пошта қажет болады – https://mail.google.com/ сайтына кіріп, жеке электрондық поштаңызға бұрын жіберілген тіркелгі деректерін пайдаланып кіріңіз. Жеке поштаңыздағы жәшігіңізді мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз, name.surname@old.nu.edu.kz формасындағы студенттік пошта тіркелгісіне және басқа ақпараттық ресурстарға сіздің пайдаланушы тіркелгі деректеріңізге кіру туралы нұсқаулар болады. Пошта тіркелгісіне қол жеткізген сәттен бастап оны университет қызметтерімен байланысу үшін пайдаланыңыз.

Оқу барысында сіз келесі ақпараттық жүйелер мен ресурстарды қолдана аласыз:

  • Корпоративтік ДК – университет доменімен байланысты компьютерлер;
  • https://moodle.nu.edu.kz – бұл университеттің пәндерді электронды басқару жүйесі (виртуалды оқу ортасы). LMS Moodle жүйесін студенттер мен оқытушылар файл, аудио және бейне деректер, хабар алмасу, чат, форумдар ақпарат алмасу, онлайн-викториналар жүргізу және т. б. мақсаттарды орындау үшін қолданады;
  • https://registrar.nu.edu.kz – университеттің оқу және ішкі процестерін автоматтандыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе. Бұл жүйе пәндерді ұйымдастыру, сабақ кестесін құру және пәндерге тіркелу сияқты процестерді жүзеге асырады. 
  • https://library.nu.edu.kz – Назарбаев Университеті кітапханасының ресурстары мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік береді;
  • https://my.nu.edu.kz – студент порталы;
  • https://prs.nu.edu.kz – мұнда өзіңіздің құпиясөзіңізді қалпына келтіре аласыз.

Осы ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қалай кіруге болатындығы туралы толығырақ мәліметті мына сілтеме арқылы білуге болады.

Мұнда cіз IT-ресурстармен байланысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.

Егер сізде қиындықтар туындаса helpdesk анықтама қызметіне жүгініңіз.

Сұрақтарыңыз болса, АТ анықтамалық бөліміне +7 (7172) 70-62-00, helpdesk@old.nu.edu.kz арқылы хабарласуға болады.

Қауіпсіз желілік оқыту бойынша кеңестер:

  • Интернетке кіретін барлық құрылғыларда нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі бар антивирусты орнатыңыз. Толық сканерлеуді үнемі орындаңыз; барлық жүктелген файлдарды сканерлеңіз.
  • Компьютерлерде әкімші емес, пайдаланушы тіркелгісі жұмыс істейді. Бағдарламалық жасақтаманы орнату / жою сияқты қажет болған жағдайда ғана әкімші рөлін пайдаланыңыз.
  • Ересектерге арналған / сенімсіз мазмұндағы веб-сайттарды шолуға болмайды, өйткені оларда зиянды бағдарламалар болуы мүмкін. Http: // деп басталатын мекенжайлардан аулақ болыңыз, оның орнына https: // (қауіпсіз) іздеңіз
  • Жасанды бағдарламалық жасақтаманы жүктемеңіз / орнатпаңыз, оның ішінде вирусқа қарсы барлық пакет таба алмайтын зиянды бағдарлама болуы мүмкін.
  • Патчтарды орнатыңыз және амалдық жүйені қоса барлық бағдарламалық жасақтамаңызды жаңартыңыз, осалдықтарды азайтады.
  • Жеке ақпаратыңызды қорғаңыз. Құпия сөзіңізді ешкіммен бөліспеңіз.

Фишингтік электрондық пошта қатерлерімен күресу бойынша кеңестер: *

  • Бейтаныс адамдардан аулақ болыңыз, аты-жөнін және электрондық пошта мекен-жайын тексеріңіз
  • Асықпаңыз, «шұғыл» деп жазылған электронды хаттарға күдіктеніңіз
  • Емле мен грамматикадағы қателіктерге назар аударыңыз
  • Жалпы құттықтаулардан сақ болыңыз, «қымбатты мырза / ханым»
  • Керемет «мәмілелерге» алданбаңыз
  • Қауіпсіз URL мекен-жайы бар екеніне көз жеткізу үшін сілтемені апарыңыз (https: //)
  • Электрондық поштаға негізделген жеке немесе қаржылық ақпаратты ешқашан бермеңіз
  • Шақырылмаған электрондық пошта сілтемелеріне немесе тіркемелерге сенбеңіз

* Алынған https://www.cisco.com/c/dam/en/us/products/collateral/security/email-security/phishing-program-infographic.pdf

Халықаралық студенттер

Халықаралық студенттерге арналған нақты уақытта Zoom  сессиясы (Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысу): 10 тамыз

Уақыты: Кешкі сағат 5-6 (қазақстандық уақыт бойынша)

Сілтеме:  https://nu-edu-kz.zoom.us/meeting/register/tJMpd–hrDwpHtxGxt_eDeW8NwQMYYaj0z8S

Қатысушылар: Халықаралық студенттермен және мамандармен жұмыс кеңсесі, «Рухани жаңғыру» мәдени орталығы, Студенттермен жұмыс департаменті, аға халықаралық студенттер және жаңа халықаралық студенттер.

Сипаттамасы: ZOOM бұл сессия халықаралық студенттерді ел, салт-дәстүр, тамағы, мәдени құндылықтары, этикет нормалары, ойындар және т. б. туралы негізгі ақпаратпен алмасу арқылы Қазақстанмен таныстыруға арналады. Сонымен қатар, сессияның шағын бөлігі халықаралық студенттерді тартуға және олардың 2-3 халықаралық жоғары курс студенттерінің немесе бітірушілерінің қатысуымен НУ өміріне қосқан үлесіне арналады, олар Қазақстанда тұру және НУ оқу тәжірибесімен қысқаша бөліседі. Бұл нақты уақыттағы сессия мәдени алмасу және тәлімгерлікке қатысу арқылы Қазақстанға келгенге дейін жаңа студенттерді ерте тартуға қол жеткізуге бағытталған.

Қазақстанға қош келдіңіз

ЖАҢА ЕЛГЕ КЕЛУ тәжірибелік және жеке қиындықтарға әкелуі мүмкін. Әсіресе, Қазақстан сияқты оқу үшін стандартты емес жерге келу. Бірақ алаңдаудың қажеті жоқ!

Сіз келгеннен кейін сіздің көзқарастарыңыз толығымен өзгереді! Сіз 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын осы көпұлтты елді сүюді, адамдар мен қонақжайлылыққа ғашық болуды, өмір бойы достық қарым-қатынас орнатуды, әдемі табиғат көріністерін зерттеуді, Қазақстанның бай тарихымен және мыңжылдық дәстүрлерімен танысуды үйренесіз!

Қазақстанға ұшар алдында қазақ дәстүрлерімен, елдің табиғат көріністерімен және мәдениетімен, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында не күтетіндігімен танысу үшін бос уақытыңыздың бір бөлігін осы фильмдер мен бейнероликтердің кез келгенін көруге міндетті түрде жұмсаңыз.

1729 жылы Қазақстанда жоңғарлардың алапат тайпасы даланы шарлап өтті. Сартай есімді жас жігіт жас жауынгерлер жасағын жинап, өз елін ондаған жылдар бойы жалғасқан лаңкестіктен босату үшін оларды шайқасқа апарады.

Режиссері: Ақан Сатаев.

Рөлдерде: Аян Өтепбергенов, Асылхан Төлепов.

Жанр: боевик, оқиға, драма.

Сілтеме (ағылшын субтитрімен): https://www.youtube.com/watch?v=kJlYHdsteDA

Алмас қылыш- BBC «Қазақ тақтар ойыны» деп атаған алғашқы қазақ хандары туралы ауқымды тарихи драма. Оқиға XV ғасырда орын алады, ал сюжет Жәнібек пен Керей хандарының басшылығымен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы басты оқиғаларды көрсетеді.

Режиссері: Рүстем Әбдірашев.

Рөлдерде: Қайрат Кемало, Досхан Жолжақсынов.

Жанр: боевик, оқиға, драма.

Сілтеме (ағылшын субтитрімен): https://www.youtube.com/watch?v=yxYovFils-g

Егер сіз «Париж, я люблю тебя», американдық «Нью-Йорк, я люблю тебя», орыс «Москва, я люблю тебя!» қараған болсаңыз. Онда Сіз бұл кинокартина не туралы болатынын елестетіп көріңіз. Астананың (қазіргі Нұр Сұлтан қаласы) түрлі тұрғындарымен болып жатқан өмірлік, сиқырлы, адам сенгісіз, ғажайып он тамаша тарих).

Режиссері: Егор Кончаловский.

Рөлдерде: Сергей Никоненко, Наталья Ходус, Бибігүл Сүйіншалина.

Жанр: романс, драма.

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=3-ft3ai32yY

Қазақстанның әдемі табиғат көріністерін және Нұр Сұлтан қаласында қалай өмір сүру керегін көргіңіз келе ме? Бұл бейнелерді міндетті түрде қараңыз!

Қазақстан пейзаждары

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=9_DFSppBKFM

Экспаттың Нұр-Сұлтан қаласына көзқарасы

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=5ZjNKSO9yak

 Назарбаев университетіндегі Халықаралық студенттер қауымдастығы

Қоғамдастықтың жаңа мүшелерін қарсы алу!

НУ біз студенттер мен оқытушылар құрамының алуан түрлілігін атап өтеміз. Қазіргі уақытта біздің халықаралық студенттік топта 27 елдің өкілдері бар:

Ауғанстан

Нидерланды

Кения 

Бангладеш

Нигерия

Қырғызстан

Қытай

Пәкістан

Малайзия

Эфиопия

Ресей

Мексика

Франция

Оңтүстік Африка

Моңғолия

Гамбия 

Оңтүстік Корея

Гана 

Испания

Үндістан

Танзания

Иран

Ұлыбритания

Италия

АҚШ

Жапония

Өзбекстан

Сіз мәдени елші боласыз және бізге көптеген студенттерді бізге қосылуға шақырауға көмектесесіз. Сізді НУ отбасында қарсы алуға рұқсат етіңіз!

Біз сізге академиялық және академиядан тыс қызметте көмек пен қолдау көрсетуге, жайлы оқу мен тұру үшін жағдай жасауға, Сізге жергілікті және аға халықаралық студенттердің көмегін, сондай-ақ қызметкерлер тарапынан тәлімгерлікті көрсетуге және сіздің Қазақстандағы және Нұр-Сұлтан қаласындағы бейімделу үдерісіңізді жатық етуге қуаныштымыз.

Біз сізге жағымды болуыңызды, жайдарылықты, көптеген жаңа нәрселерді үйренуді, таңғажайып адамдармен кездесуді және бізбен бірге тәжірибеңізден ләззат алуды тілейміз!

Үйден шықпай-ақ Назарбаев Университетінің Халықаралық студенттерінің қосқан үлесі туралы біліңіз

Сіз біздің халықаралық студенттерге ыңғайлы болу, академиялық тәжірибе және кампустағы іс-шараларға қатысу тұрғысынан НУ не ұнайтындығынан көбірек шабыт алғыңыз келе ме? Онда орсы бейнені қараңыз!

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген НУ бірінші курс студенттерінің тарихы

Италия, Ұлыбритания, Ресей және Мексикадан келген халықаралық студенттердің құттықтау сөздері.

Link: https://www.youtube.com/watch?v=mp89A9_6Z_A&list=PL1EpAtH6eZQheR_vBEUcrDlnGSH1ClBFr

Юань Гао бітіру кешінде сөйлеген сөзі

Халықаралық студент-түлек (Қытай), Еуразиялық зерттеулер магистрі, 2016 жылғы түлектер.

Link: https://www.youtube.com/watch?v=oFCFMIBqhSM

«You should speak Qazaqsha»

Жапония, Бангладеш, Мексика және АҚШ-тан келген Халықаралық студенттер ресейлік және Еуразиялық зерттеулердің жазғы мектебі кезінде қазақ тілін үйренудің тамаша тәжірибесімен бөліседі (маусым 2019):

Link: https://www.youtube.com/watch?v=mlh317EOVnM

Неліктен НУ оқу керек?

Түркия мен Мексикадан келген халықаралық студенттермен жариялама:

Link: https://www.youtube.com/watch?v=VhcRFfRP8gg&feature=emb_title

НУ Халықаралық студенттер блогы

Неліктен көптеген студенттер бізге шетелден оқуға түсуге шешім қабылдағанын біліңіз! АҚШ, Нигерия және Мексика студенттері өз тәжірибелерімен бөліседі.

Link:  https://www.youtube.com/watch?v=r-6aUGLKklo&list=PL1EpAtH6eZQheR_vBEUcrDlnGSH1ClBFr

Халықаралық студенттерді қолдау қызметтері

Денсаулық және Амандық орталығы (ДАО)

ДАО НУ барлық қоғамдастығы үшін жеке консультациялар түрінде психологиялық көмек ұсынады. Кез келген уақытта жаңа елде сіздің әл-ауқатыңызға және бейімделуіңізге көмектесу үшін біздің ДАО ұсынатын қызметтерді қарап шығыңыз.

Халықаралық студенттерді қолдау қызметі

Университеттің денсаулық сақтау департаменті

 

Біздің мақсат – НУ-да оқып, COVID-19 пандемиясына қарсы тұру кезінде қауымдастықтың қауіпсіздігін сақтау. Презентациядан сіз НУ-да жүзеге асырылатын профилактикалық және алдын-алу шаралары, оның ішінде тестілеу, вакцинация, қауіп-қатерді бағалау, карантин мен оқшаулау және басқа шаралар туралы біле аласыз. COVID-19-тің алдын-алудан басқа, денсаулық сақтау және сақтандыру туралы ақпарат сізге НУ-да өмірден ләззат алу кезінде көңілді және сау болуға көмектеседі. Біз «Jusan Garant» сақтандыру компаниясы мен және UMC Medical Assistance-мен бірлесіп, студенттерге медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынамыз.

Халықаралық студенттермен және мамандармен жұмыс жөніндегі кеңсе

Сізге Қазақстанда оқу үшін виза керек пе, жоқ па?

Кез келген көші-қон рәсімін бастамас бұрын, сізге Қазақстанға кіру үшін студенттік виза қажет пе, жоқ па, соны міндетті түрде тексеріңіз. Шығу еліне байланысты халықаралық студент ретінде көші-қон саласындағы құқықтарыңызды біліңіз. Қазақстанда тұрақты тұратын студенттер де осы таныстырылымда келтірілген ұсыныстарға назар аударуы керек:

 

Визаны қалай алуға болады, ресми органдарда тіркелу және Қазақстандағы көші-қон мәселелері

Қазақстанға келу үшін сізге виза қажет болмаса да, бұл материалмен әркім міндетті түрде танысуы тиіс. Қазақстанға келгенге дейін әркім көші-қон органдарында тіркелу процесін зерделеуі, Қазақстандағы студенттік визаның иегері бола отырып, қандай ережелерді сақтау керектігін, сондай-ақ визаны қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалай ұзарту керектігін білуі тиіс.

Bursar´s Office

Банк шотын қалай ашуға болады?

Мұнда банктік шотты қалай ашуға болатындығы, банктік картаны қашан және қайда алуға болатындығы, карта ұрланған немесе жоғалған жағдайда не істеу керек және стипендияны қалай жоғалтпау туралы ақпарат берілген.

Назарбаев университетіндегі Халықаралық студенттер үшін пайдалы байланыстар

Бұл кестені кампустағы көптеген студенттік қызметтердің анықтамалығы ретінде және сізге көмектесетін қызметкерлердің байланыс ақпараты ретінде пайдаланыңыз:

Аты және лауазымы

Департамент және бөлімше

Жұмыс бағыттары

Электрондық пошта

Сандра Реал

Халықаралық студенттермен байланыс жөніндегі менеджер

Халықаралық студенттермен және мамандармен жұмыс жөніндегі кеңсе 

Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық студенттерді жайластыруда қолдау көрсету

Виза және иммиграция бойынша кеңес беру

Академиядан тыс сұрақтар бойынша кеңес беру

НУ қауымдастығына интеграция

Аға халықаралық студенттерді жаңа студенттерге алқалы қолдау

sandra.real@old.nu.edu.kz

Маулен Ергазиев

Виза және көші-қон жөніндегі қызметкер

Халықаралық студенттермен және мамандармен жұмыс жөніндегі кеңсе 

Визалар және көші-қоны бойынша кеңес беру, ЖСН алуға көмек (банктік шот ашу үшін)

Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық студенттерді жайластыруда қолдау көрсету

maulen.yergaziyev@old.nu.edu.kz

Гульназ Каламбаева

Аға менеджер

«Рухани жаңғыру» мәдени орталығы

Қазақ мәдениетін насихаттау

Кампуста қазақ мәдениеті бойынша іс-шаралар ұйымдастыру

Халықаралық студенттерге арналған қазақ мәдениеті күндері

gulnaz.kalambayeva@old.nu.edu.kz

Ерден Нуртаев

Аға психолог

Денсаулық және Амандық орталығы

Ағылшын тілді психолог

yerden.nurtayev@old.nu.edu.kz

Ануар Әбу

менеджер

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы

Кампустағы жұмыс бағдарламасы

МжКБО іс-шаралары, әңгімелесуге дайындық, тағылымдама

anuar.abu@old.nu.edu.kz

cac@old.nu.edu.kz

Айсулу Туктубаева

Аға менеджер

Bursar´s Office

Стипендия, банк шотын ашуға өтініш нысан

atuktubayeva@old.nu.edu.kz

Пайдалы құжаттар

НУ халықаралық студенттеріне арналған нұсқаулық: сілтеме

Нұр-Сұлтан қаласындағы өмір сүру шығындары, тұрғын үй және НУ ыңғайлылық туралы білуіңіз қажет барлық нәрсе: сілтеме