Бакалавриат

  • Бакалавриат бағдарламасына түсу бойынша

Назарбаев Университеті бакалавриат бағдарламалары бойынша қандай мамандықтарды ұсынады?

Мамандықтар тізімі мына сілтемеде «Бағдарламалар» бөлімінде орналасқан. Бакалавриат бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінім тапсырғанға дейін, Назарбаев Университеті Мектептері ұсынатын мамандықтар тізімімен танысуыңызды өтінеміз. Себебі, оқуға түсу талаптары Мектеп пен санатқа тәуелді болады.

Бакалавриат бағдарламасына тікелей түскісі келетін талапкерлерге арналған әрекеттер реті қандай?

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін талапкерге келесіні орындау қажет:

  1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
  2. Тіркелу жарнасын төлеу (сомасы қайтарылмайды). Тіркелу жарнасы тек қана онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді. Қаражатты банк арқылы аудару жолымен төленген тіркелу жарнасы қабылданбайды; 
  3. Сауалнама нысанын толтырып, белгіленген мерзімге дейін қажетті құжаттарды жүктеу. Құжаттар тізімі мына сілтемеде «Талапкерлерге арналған құжаттар тізімі» бөлімінде орналасқан;
  4. Мамандықты және Назарбаев Университетінің қай Мектебін таңдайтындығыңызды алдын-ала айқындап алған жөн,  сондай-ақ талапкер категориясын дұрыс таңдау қажет. Себебі, қандай емтихан тапсыратындығыңыз осыған байланысты болады; 
  5. Қажетті емтихандарға тіркелу және оларды тапсыру (мысалы, қалаңыздағы тестілеу орталықтарында). Емтихандардың электрондық нәтижелерін жіберу бакалавриат бағдарламалары конкурсына қатысудың міндетті талабы болып табылады. Электрондық нәтижелерді жіберу үшін талапкерге тест әкімшісіне хабарласу қажет (IELTS – British Council/InterPress, TOEFL – ETS, SAT – College Board) және электрондық нәтижелердің Назарбаев Университеті мекен-жайына жіберілуіне тапсырыс беру керек. 
Егер талапкер Назарбаев Университеті Мектебінің бірінші таңдауы бойынша оқуға түспесе, талапкерді оның екінші таңдауы бойынша қарастыра ма?

Талапкерді екінші таңдауы бойынша қарастыру туралы шешімді Мектептің Қабылдау комиссиясы қабылдайды. Алайда, Назарбаев Университеті Мектебінің бірінші таңдауы басымдыққа ие болады.

Студент оқуға түскеннен кейін мамандығын және Мектебін ауыстыра ала ма?

Бір жылдан кейін ауыстыра алады,  алайда ол үшін талапкер ауысуға ниет білдірген Мектеп Деканының ресми рұқсаты қажет.

Бакалавриат бағдарламалары талапкерлерінің құжаттарын кім қарастырады?

Назарбаев Университеті Мектептеріне оқуға түсетін талапкерлерді сол Мектептің шетелдік оқытушыларынан құралатын Қабылдау комиссиясы қарастырады.

Назарбаев Университеті бакалавриат бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінім беру кезіндегі тіркелу жарнасының сомасы қанша?

Бакалавриат бағдарламасына өтінім беру кезіндегі тіркелу жарнасы 5000 теңгені құрайды. Бұл сома қайтарылмайды. Тіркелу жарнасы талапкердің Жеке кабинетінен интернет арқылы төленуі қажет. Қаражатты банк арқылы аудару жолымен төленген тіркелу жарнасы қабылданбайды.

Тіркелу жарнасын төлеу кезінде қиындықтар туындаса, не істеу қажет?

Тіркелу жарнасын төлемес бұрын картаңыз бойынша интернет транзакциялар жүргізу мүкіндігін және онлайн операциялар жасаудағы шектеулерді тексеріңіз. Егер туындаған қиындық шешілмесе, info_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде туындаған қиындықтың толық сипаттамасын беру қажет және ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Бакалавриат бағдарламасын аяқтағаннан кейін жұмыспен өтеу міндеттемесі бар ма? Қандай талаптар мен жағдайлар көзделген?

Назарбаев Университеті, Қазақстандағы барлық жоғары білім беру орындары сияқты ҚР-ның заңдарын сақтайды. Тиісінше, университетті бітірген барлық студенттер Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды, соның ішінде «Білім туралы» заң талаптарын (47-бап, 17 тармақ) орындайды.

  • Бакалавриат бағдарламаларына түсудегі талапкерлер санаттары

Санаттар дегеніміз не және неліктен олар маңызды?

Талапкердің санаты Қабылдау комиссиясы қарастыратын оның оқып жатқан немесе бітірген оқу орнымен немесе жетістіктерімен анықталады. 

Бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсуде Назарбаев Университеті келесі санаттарды қарастырады: 

  • SAT/ACT талапкерлері;
  • A-level/NIS Grade 12 Certificate бағдарламасының түлектері;
  • IВ Diploma Program бағдарламасының түлектері мен оқушылары;
  • Халықаралық және/немесе республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары;
  • Ауысатын студенттер (басқа жоо-ларда білім алып жатқан студенттер);
  • NUET талапкерлері.

Әр санат бойынша қабылдау талаптары әртүрлі. Сондықтан талапкер өзіне сәйкес келетін санатты дұрыс таңдауы қажет.

Талапкер бір уақытта екі санат бойынша онлайн өтінім бере ала ма? 

Жоқ, талапкер тек бір санатты таңдай алады.

Тіркелу аяқталғаннан кейін санатты ауыстыруға бола ма?

Иә болады, Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімде санатты өзгертілуі мүмкін. Студенттерді оқуға қабылдау департаменті санаттарды өзгерту мүмкін болатын күндер туралы хабарлайды.

Ауысатын студент басқа университеттен кредиттерді аудара ала ма?

Иә болады, алайда талапкерлердің кредиттерін аударуды Қабылдау комиссиясы анықтайды. Ауысу кредиттері ретінде ең көп дегенде 72 ECTS кредит қабылдануы мүмкін.

Өз еркімен оқудан шығарылған бұрынғы бакалавриат студенттері қайтып оралып, Назарбаев Университетінде оқуын жалғастыра ала ма?

Тәртіптік емес себептермен Университеттен өз еркімен шығарылған Университеттің бакалавриат бағдарламасының бұрынғы студенттері үшін екі ерекше шарт қолданылады:

1) Университеттен шығарылғаннан кейін 5 жыл ішінде бұрынғы студенттер Регистратор офисі белгілеген қайта қабылдау рәсімінен өтуі тиіс. Осы бұрынғы студенттер үшін Университеттің барлық ECTS кредиттері мен бағалары оларды қайта қабылдау рәсімінің бөлігі ретінде қабылданады;

2) Университеттен шығарылғаннан кейін 5 жыл өткен соң, бұрынғы студенттер жаңа студент ретінде қайта өтініш беруі керек.

  • Қабылдау талаптары

Назарбаев Университеті бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет пе және аттестаттың орташа балы ескеріле ме?

Назарбаев Университетіне оқуға түсерде ҰБТ нәтижелері және аттестаттың орташа балы есепке алынбайды. Конкурстық іріктеуде талапкер тапсырған сауалнама нысаны мен эсседен басқа «Қабылдау талаптары» бөліміндегі мына сілтемеде берілген тест/сертификат/сұхбаттасу нәтижелері қарастырылады.

Бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу үшін қандай емтихандар тапсыру қажет?

Талапкер санаттары, қажетті емтихандар мен ең төменгі өту баллдары туралы толық ақпарат мына сілтемеде «Қабылдау талаптары» бөлімінде берілген. Барлық емтихандарды талапкерлер өз беттерінше және өз қаражаттары есебінен тапсырады. 

Superscoring дегеніміз не?

Superscoring – ең жоғарғы жалпы балл алу мақсатында талапкердің екі немесе одан көп сертификаттарының барлық емтихан бөлімдері бойынша ең жоғарғы баллдарын пайдалану.

Superscoring қандай тестілерге қатысты қолданылады?

Superscoring SAT/ACT нәтижелеріне қатысты қолданылады, бірақ IELTS/TOEFL, нәтижелеріне қолданылмайды.

Егер талапкерлердің (SAT/ACT/NUET және IELTS/TOEFL) нәтижелері бірдей болатын болса, шешім қалай қабылданады?

Ондай жағдайда талапкерлердің басқа академиялық және академиялық емес жетістіктері қарастырылады.

Мотивациялық хаттың рөлі қандай?

Мотивациялық хат талапкер өтінім нысанының міндетті бөлігі болып табылады және конкурстық іріктеуде өте маңызды орын алады.. Мотивациялық хаттың көлемі 500 сөзден аспау керек. Мотивациялық хат туралы толық ақпарат «Талапкерлерге арналған құжаттар тізімі» бөлімінде берілген.

Мотивациялық хатты кім оқиды және ол қандай негізгі ойды жеткізуі керек?

Мотивациялық хатты Қабылдау комиссиясы оқиды. Мотивациялық хатты Назарбаев Университетін таңдау негіздемесі және студенттің уәжі көрсетілуі тиіс. Мотивациялық хат туралы толық ақпарат «Талапкерлерге арналған құжаттар тізімі» бөлімінде берілген.

Егер талапкер Foundation бағдарламасына оқуға түсуге құжат тапсырса, ол сондай-ақ бакалавриат бағдарламасына оқуға түсуге құжат тапсыра ала ма?

Талапкердің екі бағдарламаға да қатар құжат тапсыру құқығы бар. Алайда, егер талапкер Назарбаев Университеттің Foundation бағдарламасының шақыруды қабылдаса, ол бакалавриат бағдарламасының конкурстан шығарылады.

Егер талапкер Foundation (NUFYP) бағдарламасына да, бакалавриат бағдарламасына да тіркелген болса, ол NUET емтиханын қанша рет тапсыруы керек? Жақсы нәтиже болса, ол бірден бакалавриат бағдарламасын таңдай ала ма?

Егер талапкер екі бағдарламаға да өтініш берген болса, ол NUET емтиханын бір рет қана тапсырады. NUET бойынша жоғары балл жинаған талапкер осы бағдарламаға алдын ала өтініш берген болса, бакалавриат бағдарламасын таңдай алады, әйтпесе талапкер бұл бағдарламаны таңдай алмайды.

Бакалавриат бағдарламасына оқуға түсушілерге қанша грант бөлінеді?

2021 жылы бакалавриат бағдарламаларына 691 мемлекеттік грант бөлінді. Мемлекеттік гранттар саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайын мамыр айында шығатын Қаулысымен анықталады. Гранттар талапкерлердің рейтингісіне сәйкес уйлестіріледі.

  • NUET талапкерлері санаты

NUET дегеніміз не?

NUFYPET атауы NUET (Nazarbayev University Entrance Test) болып өзгертілді. Тест форматы және мазмұны NUFYPET-тегідей болып қалады.

NUET бойынша оқу материалдарын қайдан табуға болады?

NUET дайындық материалдары сілтеме бойынша қолжетімді. Сонымен қатар, олар Дайындық мектеп сайтында жарияланды.

NUET емтиханы қайда өтеді?

NUET емтиханы 17 қалада UStudy орталықтарында өтеді.

NUET емтиханының құны қанша?

NUET емтиханын Назарбаев Университеті қаржыландырады.

NUET емтиханын тапсырғаннан кейін «NUET Талапкерлері» санатын басқа санатқа ауыстыруға бола ма?

Иә болады, Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімде санатты өзгертілуі мүмкін. Студенттерді оқуға қабылдау департаменті санаттарды өзгерту мүмкін болатын күндер туралы хабарлайды.

  • НЗМ үшін

Қабылдау комиссиясы үшін қай санат басымдыққа ие? Санаттар арасында гранттар саны қалай бөлінеді?

Гранттар саны санат бойынша үйлестірілмейді. Қабылдау комиссиясы барлық  талапкерлерді олардың таңдаған санатына қарамастан бірдей қарастырады. Басымдық санаттың ешқайсысына берілмейді. Мысалы, Мектептің бағалау әдістемесіне сәйкес NIS Grade 12 Certificate бойынша жоғары нәтиже SAT бойынша жоғары нәтиже сияқты бағаланады.

NIS Grade 12 Certificate бағалауда қай пәндерге басымдық беріледі және ол пәндердің таңдаған мамандыққа сәйкес болуы маңызды ма?

Мектептің Қабылдау комиссиясы барлық пәндерді қарастырады және бағалайды. Пәндердің басымдығы мен таңдаған мамандыққа сәйкестігі талапкер таңдаған Мектептің Қабылдау комиссиясының шешіміне байланысты. NIS Grade 12 Certificate санаты бойынша оқуға түскен студенттердің орташа балдары бойынша статистикалық ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз. 

Егер талапкер NIS Grade 12 Certificate санаты бойынша құжат тапсырса, бірақ оған қоса SAT нәтижелерін де ұсынса, олар ескеріле ме?

Бұндай жағдайда, SAT нәтижелерін Қабылдау комиссиясы тек қосымша академиялық жетістік ретінде қарастырады. Бірінші кезекте, талапкердің NIS Grade 12 Certificate нәтижесі қарастырылатын болады.

NIS Grade 12 Certificate санатындағы талапкердің бағалары үш пән бойынша A B B, қалған пәндерден C және одан төмен болса, ол ең төменгі талаптарға сай келе ме?

Ия, сай келеді, өйткені конкурсқа қатысу үшін ең төменгі талаптарға сай талапкерде кез-келген үш пәннен кем дегенде A B B бағалары болуы тиіс.