Бакалавриат

Бакалавриат бағдарламасы – бакалавр академиялық дәрежесі дипломымен расталатын Назарбаев Университеті Мектептерінің біріндегі 4 жылдық білім беру бағдарламасы.

Бағдарламалар

Бакалавриат бағдарламасы келесі мамандықтарды ұсынады: 

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ЖӘГҒМ)Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (ИЦҒМ)Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі (ТІЖҒМ)Медицина мектебі
Жаратылыстану мамандықтарыХимиялық инженерия және материалдар технологиясыМұнай-газ ісіМедицина ғылымдары
Биологиялық ғылымдарҚұрылыс және экологиялық инженерияТау-кен инжинирингіМедбикелік іс
МатематикаЭлектротехника және компьютерлік инженерияГеологияМейірбикелік іс (МІБ, 2
жылдық бағдарлама)
ХимияМеханикалық және аэроғарыштық инженерия  
ФизикаКомпьютерлік ғылымдар

Гуманитарлық мамандықтары

(Мамандық - анықталмаған)

 Робототехника саласындағы ғылым бакалавры 
Антропология 
Тарих
Әлем тілдері, әдебиеті және мәдениеті
Саясаттану және халықаралық қатынастар
Әлеуметтану
Экономика

 

Тіркелу кезеңдері

Конкурсқа қатысу үшін талапкерге келесі қадамдарды орандау қажет:

1 қадам.
Жеке кабинет ашу
Жеке кабинет ашу үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз;
2 қадам.
Сауалнама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу

Жеке кабинетте сауалнама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:

1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың электрондық көшірмесі;
2. Қосымшасы бар аттестат/диплом немесе үлгі бойынша оқу орнынан берілген анықтаманың сканерленген көшірмесі; 
3. Ағылшын тілінде жазылған Мотивациялық хат;
4. Қолданыстағы сертификаттардың көшірмесі. Стандартты тестілеу нәтижелері тест Әкімшілігі арқылы Университетке жіберіледі.

3 қадам.
Тіркеу жарнасын төлеу
Тіркеу жарнасы банк картасы арқылы жеке кабинетте төленеді.
Тіркеу жарнасы 5000 теңгені құрайды.
Тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды.
4 қадам.
Тіркелуді аяқтау
“Submit application” батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Талапкер өтінім нысанын бергеннен кейін өзгерістер енгізілмейді.
5 қадам.
IELTS/TOEFL
сертификаттарын жүктеу
Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL"  секциясына IELTS/TOEFL  сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз
Одан арғы қадамдар

Қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электронды поштаңызды және өтініміңіздің статусы туралы білгіңіз келсе, жеке кабинетіңізді тексеріңіз.

 

Тіркелу кезінде қандайда бір қиындықтар болса, info_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады. Сауал жіберген кезде, (ҚР азаматтары үшін) ЖСН мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Санаттар бойынша қабылдау талаптары

SAT/ACT талапкерлеріA-level/NIS Grade 12 Certificate бағдарламасының иегер түлектеріIВ Diploma Programme бағдарламасының түлектеріАуысатын студенттерХалықаралық және/немесе республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарыNUET талапкерлері

SAT/ACT талапкерлеріне арналған ең төменгі қабылдау талаптары*

Мектептер/ Талаптар

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі

Медицина мектебі

Жаратылыстану мамандықтары:

Гуманитарлық мамандықтары:

IELTS немесе TOEFL

IELTS – жалпы балл 6.5- (әрбір секция бойынша 6.0)
немесе
TOEFL IBT – 79 (оқылым – 13, тыңдалым – 12, сөйлесім – 18, жазылым- 21)
немесе
TOEFL PBT* – 574

SAT Reasoning Test ** немесе ACT

SAT Reasoning Test – 1240
ACT – 27 

Сұхбат

Талап етілмейді

Қабылдау комиссиясының талабы бойынша

Талап етіледі

* TOEFL PDT ресми IELTS жәнеTOEFL iBT жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік талапкерлерден ғана қабылданады

** Назарбаев Университеті SAT және АСТ тест нәтижелері бойынша Superscoring әдісін қолданады

***TOFL iBT Home Edition - конкурста қарастырылмайды

A-level/NIS Grade 12 Certificate иегер түлектері үшін балл бойынша ең төменгі қабылдау талаптары*

Мектептер/ Талаптар

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі

Медицина мектебі

IELTS немесе TOEFL

IELTS – жалпы балл 6.5- (әрбір секция бойынша 6.0)
немесе
TOEFL IBT – 79 (оқылым – 13, тыңдалым – 12, сөйлесім – 18, жазылым- 21)
немесе
TOEFL PBT** – 574

NIS 12 Grade Certificate

Үш пәннен кем дегенде ABB (талапкер таңдауымен)

Сұхбат

талап етілмейді

Қабылдау комиссиясының талабы бойынша

талап етіледі

*A-level/NIS Grade 12 Certificate бағдарламасының түлектері конкурсқа IELTS және SAT нәтижелерімен "SAT/ACT талапкерлері" санатында қатыса алады (аталған санатқа қойылатын талаптарды сайттан қараңыз)

** TOEFL PDT ресми IELTS жәнеTOEFL iBT жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік талапкерлерден ғана қабылданады

***TOFL iBT Home Edition - конкурста қарастырылмайды

IВ Diploma Programme түлектері және оқушылары үшін балл бойынша ең төменгі қабылдау талаптары*

Мектептер/ Талаптар

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ЖӘГҒМ)

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі

Медицина мектебі

IELTS және TOEFL бойынша ең төменгі талаптар

ELTS – жалпы балл 6.5- (әрбір секция бойынша 6.0)
немесе
TOEFL IBT – 79 (оқылым – 13, тыңдалым – 12, сөйлесім – 18, жазылым- 21)
немесе
TOEFL PBT** – 574

IB DP бойынша ең төменгі талаптар

жалпы балл 30 және 4, 4, 5 балл ілгері деңгейдегі 3 пән бойынша

Сұхбат

Талап етілмейді

Қабылдау комиссиясының талабы бойынша

Талап етіледі

*IB DP түлектері және оқушылары конкурсқа IELTS және SAT нәтижелерімен "SAT/ACT талапкерлері" санатында қатыса алады (аталған санатқа қойылатын талаптарды сайттан қараңыз)

** TOEFL PDT ресми IELTS жәнеTOEFL iBT жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік талапкерлерден ғана қабылданады

***TOFL iBT Home Edition - конкурста қарастырылмайды

Ауысатын студенттер үшін ең төменгі қабылдау талаптары*

Мектептер/ Талаптар

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі

Медицина мектебі

Жаратылыстану мамандықтары:

Гуманитарлық мамандықтары:

IELTS немесе TOEFL

ELTS – жалпы балл 6.5- (әрбір секция бойынша 6.0)
немесе
TOEFL IBT – 79 (оқылым – 13, тыңдалым – 12, сөйлесім – 18, жазылым - 21)
немесе
TOEFL PBT** – 574

SAT Reasoning Test*** немесе ACT

SAT Reasoning Test – 1240
ACT – 27 

GPA/ Ұсыныс хат

3.0/4.0 және 2 хат

Сұхбат

Талап етілмейді

Қабылдау комиссиясының талабы бойынша

Талап етіледі

* Құжат тапсыру кезінде Times Higher Education World University немесе QS World University rankings рейтингтері бойынша ең үздік 200 ЖОО қатарына кіретін және оқыту тілі ағылшан тілі боп табылатын шетелдік жоғары оқу орындарында бакалавриат бағдарламасының кемінде бір жылын табысты аяқтаған талапкерлер SAT/ACT және IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылады

** TOEFL PDT ресми IELTS жәнеTOEFL iBT жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік талапкерлерден ғана қабылданады

***Назарбаев Университеті SAT және АСТ тест нәтижелері бойынша Superscoring әдісін қолданады

****TOFL iBT Home Edition - конкурста қарастырылмайды

Бакалавриат бағдарламаларына конкурсқа «Олимпиада жеңімпаздары» санаты бойынша қатысуға арналған пәндік олимпиадалар тізімі. Конкурсқа республикалық олимпиада және халықаралық олимпиада жүлделерін қатар иеленген талапкерлер де қатыса алады. 

Халықаралық пәндік олимпиадалар 

  • Математика бойынша халықаралық олимпиада (IMO) 
  • Физика бойынша халықаралық олимпиада (IPhO) 
  • Химия бойынша халықаралық олимпиада (IChO) 
  • Биология бойынша халықаралық олимпиада (IBO) 
  • Информатика бойынша халықаралық олимпиада (IOI) 
  • Арнайы мамандандырылған мектептердің математика, физика мен информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 
  • Мектеп оқушыларының химия бойынша Халықаралық Менделеев олимпиадасы 

Қазақстан Республикасының республикалық пәндік олимпиадалар тізімі 

  • Математика бойынша республикалық олимпиада 
  • Физика бойынша республикалық олимпиада 
  • Химия бойынша республикалық олимпиада 
  • Биология бойынша республикалық олимпиада 
  • Информатика бойынша республикалық олимпиада 

Халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары  болып табылатын талапкерлер үшін барлық Мектептер бойынша ең төменгі қабылдау талаптары*

Олимпиада түрі

Жүлде түрі

IELTS немесе TOEFL* бойынша төменгі талаптар

Сұхбат

Халықаралық пәндік олимпиада

Cоңғы үш жылда алтын, күміс немесе қола (I, II, III орын) медальдары

Талап етіледі, бірақ минималды балл қажет етпейді

Қабылдау комиссиясының мүшелерімен ағылшын тілінде сұхбат

Республикалық пән олимпиадасы

Ағымдағы жылғы алтын, күміс (I, II орын) медальдары

*IELTS немесе TOEFL IBT / TOEFL PDT нәтижелерін қабылдау комиссиясы жеке қарастырады

**TOFL iBT Home Edition - конкурста қарастырылмайды

Барлық Мектептер бойынша NUET санаты бойынша ең төменгі қабылдау талаптары

NUET

Жалпы ең төменгі талаптар

Әр бөлім бойынша ең төменгі талаптар

IELTS немесе TOEFL үшін ең төменгі қабылдау талаптары

Математика

130

60

IELTS – 6.5

(әрбір секция бойынша балл 6.0)

немесе

TOEFL iBT - 79

(оқу– 13, тыңдау - 12 сөйлеу -18, жазу 21)

Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары

60

*TOFL iBT Home Edition - конкурста қарастырылмайды

NUET (Nazarbayev University Entrance Test) – Назарбаев Университетінде білім алу үшін талапкердің академиялық дайындығы деңгейін анықтайтын тест

  • «Математика» және «Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары» пәндері бойынша білімі бағаланады.
  • Сұрақтар саны – 60.
  • Тест мазмұны– бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар.
  • Тест ұзақтығы – 120 минут. Ең төменгі өту баллы – 130, бұл ретте әрбір пәннен ең төменгі өту баллы – 60. 
  • Емтихан нәтижесі 6 апта ішінде Жеке кабинетте орналастырылады.
  • Қабылдау емтихандарының тапсырмаларын, олардың ережелері мен ұзақтығын Тест әкімшілері өзгертуі мүмкін.
  • Емтиханға кіру рұқсаты туралы ақпарат талапкердің Жеке кабинетінде орналастырылады.
  • Тестіге бір апта қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны немесе формат туралы ақпарат, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.
  • Емтихан кестесі «Маңызды күндер» бөлімінде жарияланған.
  • Емтихан нәтижесі талапкердің Жеке кабинетінде сақталады және қосымша жеке электрондық поштасына жіберіледі. Егер тестілеуден өту ережелері немесе шарттары бұзылған болса, талапкердің нәтижелері жойылады. Бұл жағдайда, талапкер конкурстан шығарылады.
  • Тест нәтижелері бойынша апелляция көзделмеген.
  • Барлық талапкерлерге үшін NUET Назарбаев Университеті қаржысы есебінен өткізіледі.

Маңызды күндер

2022-2023 академиялық жыл бойынша оқыту конкурсына қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер

Онлайн тіркелу мерзімдері:

  • Қазақстан Pеспубликасының азаматтары үшін - 2021 жылғы 11 қазан - 2022 жылғы 18 сәуір 
  • NUET санатының талапкерлер үшін - 2021 жылғы 11 қазан - 2022 жылғы  31 қантар 
  • Шетелдік талапкерлерге - 2021 жылғы 11 қазан - 2022 жылғы 28 наурыз 

Қабылдау емтиханы NUET - 2022 жылғы 3, 10 және 17 сәуір

Емтихан күні

 Қала

2022 жылғы 3 сәуір

Алматы

Нұр-Сұлтан*
2022 жылғы 10 сәуірАқтау
Атырау
Петропавл
Павлодар
Семей
Талдықорған
Көкшетау
Шымкент
2022 жылғы 17 сәуірАқтобе
Қарағанды
Орал
Өскемен
Тараз
Қызылорда
Қостанай
Нұр-Сұлтан*

* Талапкерлердің бір тобы 2022 жылғы 3 сәуір күні, ал екіншісі 17 сәуірде емтиханды тапсырады. Нұр-Сұлтан қ. тапсыратын талапкерлерге сәйкесті емтихан  күні емтиханға шақыруда көрсетіледі.

  • Тест сертификаттарын қоса алғанда кағаз нұсқасындағы талап етілетін құжаттарды тапсыру*: жақында хабарланады
  • Қабылдау Комиссиясының шешімі - жақында хабарланады
  • Жатақханаға орналасу: 2022 жылғы 5 және 11 тамыз
  • Бағдарлау күні басталуы: 2022 жылғы 8 тамыз
  • Оқудың басталуы: 2022 жылғы 15 тамыз

Бакалавриат бағдарламаларына сынақ орталықтарда тест тапсырудың соңғы мерзімдері:

  • SAT шетелдік талапкерлерге - 2022 жылғы 5 сәуір 
  • SAT Қазақстан Pеспубликасының азаматтары үшін- 2022 жылғы 7 мамыр
  • ACT  Қазақстан Pеспубликасының азаматтарға үшін және шетелдік талапкерлерге - 2022 жылғы 2 сәуір
  • IELTS/TOEFL (сертификат тапсырылуы тиіс) NUET санатының талапкерлер үшін - 2022 жылғы 25 ақпанға дейін
  • IELTS/TOEFL шетелдік талапкерлерге - 2022 жылғы 26 наурыз
  • IELTS/TOEFL Қазақстан Pеспубликасының азаматтары үшін - 2022 жылғы 16 сәуір

Тестілер Назарбаев Университеті кодын (Institutional Code) пайдалана отырып, тест әкімшісі арқылы Университеттің атына міндетті түрде жіберіледі:

  • Назарбаев Университет (IELTS TRF Verification Service бойынша) - IELTS үшін
    • 6762 – TOEFL үшін
    • 7915 – SAT тесті үшін
    • 5521 – ACT үшін

*Тек қана оқуға қабылданғандар үшін, және Қабылдау департаментінің сұранысы бойынша ғана

Талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

SAT/ACT талапкерлеріA-level/NIS Grade 12 Certificate бағдарламасының иегер түлектеріIВ Diploma Programme бағдарламасының түлектеріАуысатын студенттерХалықаралық және/немесе республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарыNUET талапкерлері

Онлайн тіркелу кезеңіндегі құжаттар тізімі

  • Сауалнама нысаны;
  • Паспорттың немесе жеке куәліктің, немесе 16 жасқа толмаған талапкерлердің тууы туралы куәлігінің сканерленген көшірмесі.
  • Орта мектепті түлектері - жалпы орта білім туралы немесе колледждің мемлекеттік үлгідегі құжаттың қосымшасы бар нотариалды расталған сканерленген  көшірмесі немесе оның халықаралық баламасы. Орта мектептің соңғы жылында оқитын оқушылары - оқу орнынан оқуды аяқтау мерзімі көрсетілген (жеке кабинеттегі үлгі бойынша) оқу орнынан анықтаманы ұсынуы керек; 
  • Ағылшын тілінде жазылған Мотивациялық хат
  • Қолданыстағы ACT сертификатының немесе тест әкімшісінің жүйесінен жүктелген SAT Reasoning Test балдарының тексерілген нәтижелері. ACT және SAT сертификаттарының қолданылу мерзімі құжаттарды тапсыру сәтінде  3 жылдан аспауы тиіс. Егер талапкер бірнеше қолданыстағы SAT Reasoning Test нәтижелерін ұсынса, Superscoring қолданылады;
  • IELTS/TOEFL VERIFICATION (ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ) арқылы жіберілген (құжаттарды тапсыру кезінде жарамды және 2 жылдан аспайтын ресми) электронды сертификаты. 

Жоғарыда аталған барлық құжаттар талапкердің жеке кабинетіне орналастырылуы керек. Бір немесе бірнеше құжаттар болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда талапкер конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстан сәтті өткен талапкерлерге арналған құжаттар тізімі. Құжаттардың барлығы қағаз нұсқасында тапсырылады.

  • Орта, техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімін растайтын құжаттың түпнұсқа және нотариалды куәландырылған көшірмесі қосымшасымен немесе оның халықаралық баламасымен; 

Онлайн тіркелу кезеңіндегі құжаттар тізімі

  • Сауалнама нысаны;  
  • Паспорттың немесе жеке куәліктің, немесе 16 жасқа толмаған талапкерлердің тууы туралы куәлігінің сканерленген көшірмесі.
  • НЗМ түлектері - NIS Grade 12 Certificate-ның нотариалды расталған сканерленген көшірмесі немесе оның болжамды нәтижесі мектеп растаған бағалармен қағаз нұсқасында, құжатты уақтылы ұсыну міндеттемесімен және нотариалды куәландырылған орта білімнен кейінгі білімін растайтын құжаттың түпнұсқа мен нотариалды куәландырылған көшірмесі қосымшасымен. Соңғы жылында оқитын оқушылары - оқу орнынан оқуды аяқтау мерзімі көрсетілген (жеке кабинеттегі үлгі бойынша) анықтаманы ұсынуы керек;
  • A-level түлектері - A-level Certificate -ның нотариалды расталған сканерленген көшірмесі немесе оның болжамды нәтижесі  және нотариалды куәландырылған көшірмесі қосымшасымен
  • Ағылшын тілінде жазылған Мотивациялық хат
  • IELTS/TOEFL VERIFICATION (ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ) арқылы жіберілген (құжаттарды тапсыру кезінде жарамды және 2 жылдан аспайтын ресми) электронды сертификаты. 

    Жоғарыда аталған барлық құжаттар талапкердің жеке кабинетіне орналастырылуы керек. Бір немесе бірнеше құжаттар болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда талапкер конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстан сәтті өткен талапкерлерге арналған құжаттар тізімі. Құжаттардың барлығы қағаз нұсқасында тапсырылады. 

  • Орта, техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімін растайтын құжаттың түпнұсқа және нотариалды куәландырылған көшірмесі қосымшасымен немесе оның халықаралық баламасымен;
  • NIS Grade 12 certificate куәліктің түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Онлайн тіркелу кезеңіндегі құжаттар тізімі

  • Сауалнама нысаны;
  • Паспорттың немесе жеке куәліктің, немесе 16 жасқа толмаған талапкерлердің тууы туралы куәлігінің сканерленген көшірмесі.
  • IB DP бағдарламасының түлектері - қосымшасы бар IB Diploma Programme нотариалды расталған сканерленген  көшірмесі немесе оның болжамды нәтижесі мектеп растаған бағалармен қағаз нұсқасында, құжатты уақтылы ұсыну міндеттемесімен. Соңғы жылында оқитын оқушылары - оқу орнынан оқуды аяқтау мерзімі көрсетілген (жеке кабинеттегі үлгі бойынша) анықтаманы ұсынуы керек;
  • Ағылшын тілінде жазылған Мотивациялық хат
  • IELTS/TOEFL VERIFICATION (ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ) арқылы жіберілген (құжаттарды тапсыру кезінде жарамды және 2 жылдан аспайтын ресми) электронды сертификаты. 

    Жоғарыда аталған барлық құжаттар талапкердің жеке кабинетіне орналастырылуы керек. Бір немесе бірнеше құжаттар болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда талапкер конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстан сәтті өткен талапкерлерге арналған құжаттар тізімі. Құжаттардың барлығы қағаз нұсқасында тапсырылады. 

  • Орта, техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімін растайтын құжаттың түпнұсқа және нотариалды куәландырылған көшірмесі қосымшасымен немесе оның халықаралық баламасымен;
  • IB DP дипломының түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмесі. 


Онлайн тіркелу кезеңіндегі құжаттар тізімі

  • Сауалнама нысаны; 
  • Паспортының немесе жеке куәлігінің немесе 16 жасқа толмаған талапкердің тууы туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
  • Орта мектепті түлектері - жалпы орта білім туралы немесе колледждің мемлекеттік үлгідегі құжаттың қосымшасы бар нотариалды расталған сканерленген  көшірмесі немесе оның халықаралық баламасы. Орта мектептің соңғы жылында оқитын оқушылары - оқу орнынан оқуды аяқтау мерзімі көрсетілген (жеке кабинеттегі үлгі бойынша) анықтаманы ұсынуы керек;
  • Ағылшын тілінде жазылған Мотивациялық хат
  • Қолданыстағы ACT сертификатының немесе тест әкімшісінің жүйесінен жүктелген SAT Reasoning Test балдарының тексерілген нәтижелері. ACT және SAT сертификаттарының қолданылу мерзімі құжаттарды тапсыру сәтінде  3 жылдан аспауы тиіс. Егер талапкер бірнеше қолданыстағы SAT Reasoning Test нәтижелерін ұсынса, Superscoring қолданылады;
  • IELTS/TOEFL VERIFICATION (ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ) арқылы жіберілген (құжаттарды тапсыру кезінде жарамды және 2 жылдан аспайтын ресми) электронды сертификаты;
  • Түпнұсқа тілінде және ағылшын тілінде оқытатын университеттен алынған транскрипттің сканерленген көшірмесі немесе оқу орны растаған бағалары бар оның болжамды нәтижесі;
  • Оқытылатын курстардың (пәндердің) сипаттамасының екі тілде: түпнұсқа және ағылшын тілдеріндегі сканерленген көшірмесі (тек университет студенттері үшін) 
  • Екі ұсыныс хат ағылшын тілінде. 
    Жоғарыда аталған барлық құжаттар талапкердің жеке кабинетіне орналастырылуы керек. Бір немесе бірнеше құжаттар болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда талапкер конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстан сәтті өткен талапкерлерге арналған құжаттар тізімі. Құжаттардың барлығы қағаз нұсқасында тапсырылады. 

  • Орта, техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімін растайтын құжаттың түпнұсқа және нотариалды куәландырылған көшірмесі қосымшасымен немесе оның халықаралық баламасымен;
  • Университеттің түпнұсқа және ағылшын тілдеріндегі ресми транскрипті;
  • Оқытылатын курстардың (пәндердің) сипаттамасы екі тілде: түпнұсқа және ағылшын тілдерінде.

Онлайн тіркелу кезеңіндегі құжаттар тізімі

  • Сауалнама нысаны; 
  • Паспортының немесе жеке куәлігінің немесе 16 жасқа толмаған талапкердің тууы туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
  • Орта мектепті түлектері - жалпы орта білім туралы немесе колледждің мемлекеттік үлгідегі құжаттың қосымшасы бар нотариалды расталған сканерленген  көшірмесі немесе оның халықаралық баламасы. Орта мектептің соңғы жылында оқитын оқушылары - оқу орнынан оқуды аяқтау мерзімі көрсетілген (жеке кабинеттегі үлгі бойынша) анықтаманы ұсынуы керек;
  • Ағылшын тілінде жазылған Мотивациялық хат
  • IELTS/TOEFL VERIFICATION (ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ) арқылы жіберілген (құжаттарды тапсыру кезінде жарамды және 2 жылдан аспайтын ресми) электронды сертификаты;
  • Республикалық және / немесе Халықаралық олимпиаданың дипломының / куәлігінің электрондық көшірмесі (Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары үшін ғана). 

    Жоғарыда аталған барлық құжаттар талапкердің жеке кабинетіне орналастырылуы керек. Бір немесе бірнеше құжаттар болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда талапкер конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстан сәтті өткен талапкерлерге арналған құжаттар тізімі. Құжаттардың барлығы қағаз нұсқасында тапсырылады. 

  • Орта, техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімін растайтын құжаттың түпнұсқа және нотариалды куәландырылған көшірмесі қосымшасымен немесе оның халықаралық баламасымен;
  • НУ-ға қабылдау туралы хабарлама алғаннан кейін - жеке кабинетінен басып шығарылған және қол қойылған оқуға келісім формасы;
  • НУ-ға қабылдау туралы хабарлама алғаннан кейін - жеке кабинетінен басып шығарылған және қол қойылған кепілдік жарнасын төлеу нысаны;
  • Республикалық және / немесе Халықаралық олимпиаданың дипломының / куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (тек халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары үшін). 

Онлайн тіркелу кезеңіндегі құжаттар тізімі

  • Сауалнама нысаны;
  • Паспорттың немесе жеке куәліктің, немесе 16 жасқа толмаған талапкерлердің тууы туралы куәлігінің сканерленген көшірмесі.
  • Орта мектепті түлектері - жалпы орта білім туралы немесе колледждің мемлекеттік үлгідегі құжаттың қосымшасы бар нотариалды расталған сканерленген  көшірмесі немесе оның халықаралық баламасы. Орта мектептің соңғы жылында оқитын оқушылары - оқу орнынан оқуды аяқтау мерзімі көрсетілген (жеке кабинеттегі үлгі бойынша) оқу орнынан анықтаманы ұсынуы керек; 
  • Ағылшын тілінде жазылған Мотивациялық хат
  • IELTS/TOEFL VERIFICATION (ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ) арқылы жіберілген (құжаттарды тапсыру кезінде жарамды және 2 жылдан аспайтын ресми) электронды сертификаты. 

Жоғарыда аталған барлық құжаттар талапкердің жеке кабинетіне орналастырылуы керекБір немесе бірнеше құжаттар болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда талапкер конкурсқа жіберілмейді.

  • Орта, техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімін растайтын құжаттың түпнұсқа және нотариалды куәландырылған көшірмесі қосымшасымен немесе оның халықаралық баламасымен; 


 

Конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау
  • Назарбаев Университеті ең төменгі талаптарға сәйкес келетін үміткерлерді қарастырады, алайда оқуға қабылдануына кепілдік бермейді.
  • Конкурсқа қатысуға арналған өтінім оны онлайн толтырғаннан кейін аяқталды деп саналады. Қағаз тасығыштағы барлық қажетті құжаттар Қабылдау департаментіне белгіленген мерзімдерде жеткізілуі тиіс.
  • Үміткерлер қажетті құжаттарды Қабылдау департаментіне жеткізуді қамтамасыз ету үшін толық жауапты болады. Қабылдау департаментінің қарауына ұсынылған үміткердің құжаттары қайтарылуға жатпайды.
  • Назарбаев Университеті Мектептерінің Қабылдау комиссиялары аппликациялық өтінімдерді, қажетті құжаттарды, сондай-ақ тестілердің нәтижелерін жан-жақты бағалаудың негізінде оқуға шақыру туралы шешім қабылдайды.
  • Конкурстың нәтижесі бойынша және шешімдердің негізінде Қабылдау комиссиясы бекіткен рейтингке сәйкес Мектептердің Қабылдау комиссиялары үміткерлерді оқуға қабылдауға ұсынады. Осы үміткерлерге электронды мекенжайына Қабылдау комиссиясының қабылдаған шешімі туралы ресми хабарлама-хат жолданады. Үміткерлер де өз статусын «Жеке кабинетінен» көре алады.

Конкурстың әр кезеңінде талапкерге қойылатын статустардың сипаттамасы.

Статустар талапкердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.

Does not meet the entry requirements. Талапкер бағдарламаның ең төменгі талаптарына сәйкес келмейді, Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаментімен сауалнама нысандар мен құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.

Withdrawn. Бакалавриат бағдарламасына Қабылдау комиссиясының шешімі шыққанға дейін конкурсқа қатысудан бас тартқан талапкерлерге статус  қойылады.

Recommended for admission. Қабылдау комиссиясы талапкерді қабылдауға ұсынады және оған оқуға шақыру хат жіберіледі.

Waiting list. Талапкер күту парағында. Ол бағдарламаның ең төменгі  талаптарына сәйкес келеді, бірақ төмен балдарға байланысты ол рейтингтің төменгі жағында. Мұндай талапкерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені егер  бұрын ұсынылған талапкерлердің бірі оқуға қабылдаудан бас тартса, оқуға шақыру жіберілуі мүмкін

Rejected by Admissions Committee. Қабылдау комиссиясы талапкердің құжаттарын қарағаннан кейін, күту тізіміне қоймай немесе конкурстан кейін, оны қабылдау конкурсынан шығарды.

Refused admission offer. Талапкер оқуға қабылдануға ұсынылды, бірақ НУ-да оқуға шақыру хатынан бас тартты.

Refused in favor of CPS. Талапкер NUFYP бағдарламасын таңдап бакалавриат бағдарламасынан бас тартты. Бұл статус талапкер бакалавриат бағдарламасына шақыру хатынан жазбаша бас тартқаннан кейін немесе егер талапкер күту парағында болса және бакалавриат бағдарламасына шақыру хатын алғанға дейін NUFYP бағдарламасында оқуға жазбаша келіссе қойылады. Соңғы жағдайда талапкерге шақыру хаты жіберілмейді.

Guarantee fee paid. Талапкер оқуға қабылдануға ұсынылды және міндетті кепілдік жарнасын төледі.

Accepted admission offer. Бұл статус оқуға шақыру хатын алған, келісім берген және Университет шарттарын орындаған - кепілдік жарнаны төлеген және оқуға қабылдау үшін құжаттардың түпнұсқаларын тапсырған талапкерлерге қойылады.

Did not come to Orientation week/Refused. Оқуға келісім берген, құжаттардың түпнұсқаларын тапсырған, бірақ мектептің Бағдарлау апталығына қатыспаған талапкерлерге қойылады. Болған жағдайда, босаған орындарға  күту парағынан талапкерлер шақырылуы мүмкін

Enrolled. Талапкер оқуға қабылданды. Статус оқуға қабылдау туралы Провост шешімі шыққаннан кейін қойылады, содан кейін талапкер ресми түрде Университет студенті болып табылады.

Enrolled conditionally.Талапкер оқуға шартты түрде қабылданды. Берілген мерзімге дейін аттестаттың түпнұсқасын тапсыру шартын орындау қажет.

Did not submit the documents/refused. Талапкер көрсетілген мерзімде құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған. Бұл талапкердің Университетте оқудан бас тартатынын білдіреді.

  • Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдауға ұсынған, шақыру-хаттар алған үміткерлер Университетке қабылдауға келісудің тиісті нысанын жіберіп, ол қабылданған соң университетпен білім беру саласындағы қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қойылғаннан кейін ғана қайтарылатын кепілдік жарнаны алдын ала төлеп, Университетте білім алуға шақыруды қабылдағаны немесе бас тартқаны туралы хабарлайды.
Пайдалы ресурстар

Онлайн тіркелу кеңестерін қарау үшін осы сілтемеге өтіңіз.

Төменде стандартталған тесттерге дайындалу үшін қажетті (тест атауы, тестке дайындық, тесттер кестесі, тесттерге тіркелу және нәтижелеріне сілтемесі бар) ақпарат жиынтығы көрсетілген. 

Тест атауыТестке дайындықТест кестесі Тестке тіркелуТест нәтижесі
1SAT Толығырақ ТолығырақТолығырақТолығырақ
Толығырақ
Толығырақ
2ACTТолығырақТолығырақТолығырақТолығырақ
3IELTSТолығырақТолығырақТолығырақТолығырақ
4TOEFL iBT TолығырақTолығырақTолығырақTолығырақ

 

Сонымен қатар сіздің назарыңызға сіз үшін пайдалы болатын маңызды ақпаратты ұсынамыз.

АтауыТолық ақпарат
1Пайдалы бейнероликтер

 

Назарбаев Университеті жыл сайын потенциалды талапкерлер үшін академиялық бағдарламалар мен  түсу талаптары туралы, НУ -да оқудың ерекшеліктері және оқытудан кейінгі мүмкіндіктер туралы ақпарат беретін Ашық есік  күні шарасын  өткізеді. Биылғы жылы бұл шара виртуалдық форматта өтті. Ашық есік күніне арнап дайындалған НУ профессорлары мен қызметкерлерінің пайдалы видеоларға қол жеткізу үшін open.nu.edu.kz сілтеме бойынша өтуге болады.

2ҚағидаларУниверситет алдындағы дайындық бағдарламасына түспей-ақ, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының бакалавриат бағдарламасына оқуға қабылдау қағидаларымен осы сілтеме арқылы танысуға болады
3Жиі қойылатын сұрақтарЖиі қойылатын сұрақтармен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.
4Foundation және бакалавриат бағдарламаларының айырмашылығыFoundation және бакалавриат бағдарламаларының айырмашылығы туралы ақпаратты алу үшін мына сілтемені басыңыз.
5НУ-дағы қызметтерДайындық мектебінің тестілеу орталығы Назарбаев Университетінде тілдік және дайындық курстарды  ұсынады. Ақпаратпен танысу үшін мына  сілтемені басыңыз.
6ШарттарНазарбаев Университетінде білім беру қызметтерін көрсету талаптарымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
7Тест кодтарыКонкурсқа қатысу үшін онлайн өтінім берген кезде жарамды IELTS/TOEFL ресми электронды сертификаты онлайн, тест орталығы арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберіледі.
  • Назарбаев Университет (Institutional code) –  IELTS 
  • 6762 – TOEFL 
  • 7915 – SAT 
  • 5521 – ACT 

 

Сөздік

Бұл бөлімде НУ мектептерінің бакалавриат бағдарламаларына онлайн тіркелу, конкурсқа қатысуға және оқуға түсуге қажетті емтихандарға байланысты терминдер мен анықтамалар беріледі.
Ауысатын студент – Университеттің бакалавриат бағдарламасына түскісі келетін, орта білім алған және Қазақстандық немесе шетелдік жоғары оқу орнында кемінде бір жыл оқыған студент;
Жеке кабинет – талапкерге тіркелуден өткеннен кейін Университет сайтында жеке кеңістік беретін онлайн сервис;
Кепілдік жарна – Университеттен оқуға шақыру алған талапкерге бакалавриат бағдарламасындағы орнына кепілдік беретін міндетті төлем;
Колледж – Қазақстанда жалпы орта және техникалық және кәсіптік білім беретін немесе орта білімнен кейін білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
Қабылдау комиссиясы – бакалавриат бағдарламалары бойынша қабылдау іс-шараларын іске асыру мақсатында құрылған Университеттің консультациялық-кеңесші органы;
Қабылдау мерзімі – онлайн тіркелуді, құжаттарды тексеруді, бағалауды және оқуға қабылдауды қамтитын Университетке қабылдау мерзімдері;
Мектеп – бакалавриат академиялық бағдарламаларын жүзеге асыратын Университет мектебі;
Оқуға қабылдауға келісім нысаны – талапкер бакалавриат бағдарламасында оқуға шақыру алғаннан кейін толтыратын және қол қоятын нысан. Бұл нысан талапкерді оқуға қабылдауға немесе оны оқуға қабылданатындар қатарынан шығаруға негіз болады.
Сауалнама нысаны – бакалавриат бағдарламасына түсуге арналған жеке кабинетте орналасқан өтінім нысаны;
Талапкер – конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға;
Университет – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы;
Университеттің сайты – Университеттің интернет-ресурсы, www.nu.edu.kz;
А-level (The Advanced Level General Certificate of Education – Орта білім туралы сертификат) – Англия, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Шотландия елдеріндегі оқу орындары ұсынатын және Еуропада, АҚШ-та, сондай-ақ әлемнің басқа да көптеген елдерінде кеңінен танылатын, стандартты оқуды аяқтау біліктілігі. А-level екі жыл ішінде оқытылады және үміткерлердің Англия, Уэльс және Солтүстік Ирландия университеттерінің академиялық талаптарына сәйкестігін бағалауға арналған стандартты оқуға түсу біліктілігі болып табылады;
ACT (АСТ – American College Testing) – АҚШ-тың университеттері оқуға түсу емтиханы ретінде мойындайтын, орта мектеп оқушыларының үлгерімін бағалайтын стандартталған тест. Тестіде 30 минутқа созылатын жазбаша дағдыларды бағалайтын қосымша бөлім бар (ACT жазбаша дағдыларды бағалау қорытындыларымен);
ECTS (Еуропалық кредиттерді ауыстыру және жинақтау жүйесі) – Еуропалық одақтың және осы жүйені пайдаланатын басқа да еуропалық елдердің аумағындағы жоғары оқу орындарында студенттердің академиялық үлгерімін салыстырудың стандартталған жүйесі;
IB Diploma Programme – (International Baccalaureate Diploma Programme – Халықаралық Бакалавриаттың дипломдық бағдарламасы)– студенттерге жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламаларына түсуге мүмкіндік беретін жеделдетілген екі жылдық халықаралық білім беру бағдарламасы;
IELTS (International English Language Testing System – Ағылшын тілі бойынша халықаралық тестілеу жүйесі) – Британдық Кеңес, Кэмбридж Университеті ESOL және IDP Education Pty Ltd әкімшілік ететін, ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест;
NIS Grade 12 Certificate – (Назарбаев Зияткерлік мектептердің 12-сыныптық сертификаты) 12-ші сыныпты бітіргеннен кейін сыртқы жиынтық бағалау емтихандарын тапсырған студенттерге Cambridge Assessment International Education-мен бірлескен бағдарламаны аяқтағаны үшін берілетін “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының сертификаты;
QS World University ranking – Quacquarelli Symonds (QS) жариялайтын университеттердің жыл сайынғы әлемдік рейтингі. Рейтинг жалпы және жекелеген пәндер бойынша рейтингтен тұрады.
SAT (Академиялық қабілеттілікті анықтауға арналған емтихан) – АҚШ-тың жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған стандартталған тест. Тест SAT Reasoning Test және SAT Subject Test болып екіге бөлінеді. SAT Reasoning Test үш бөлімнен тұрады: математика, мәтінді талдау және жазу. SAT Subject Test студенттердің белгілі бір пәндерді меңгеру қабілеттілігін бағалауға арналған стандартталған тест. Бес пәндік бағытта ағылшын тілі, тарих, тілдер, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша 20 пәндік тест бар;
Superscoring – ең жоғары жалпы баллға қол жеткізу мақсатында екі немесе одан көп тест сертификаттарының барлық бөлімдері бойынша ең жоғары балдарды пайдалану;
Times Higher Education World University Rankings – Британияның Times Higher Education журналында жарияланатын және жалпы рейтинг пен пәндер бойынша рейтингтен тұратын университеттердің жыл сайынғы әлемдік рейтингі;
TOEFL (Test of English as a Foreign Language – шет тілі ретіндегі ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) – TOEFL iBT (Internet-based Test) және TOEFL PBT (Paper- based Test) форматтарында жүргізілетін Educational Testing Service (ETS) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест;
UK Foundation Programme (Ұлыбританияның Университет алдындағы дайындық бағдарламасы) – студенттерге жоғары оқу орындарында/университеттерде бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсуге мүмкіндік беретін университет алдындағы бір жылдық дайындық бағдарламасы.