Азия Университеттері Альянсы (АУА)

Азия Университеттерінің Альянсы 2017 жылғы 29 сәуірде құрылды. Назарбаев Университеті Альянстың негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Ашылу салтанаты Бейжіңде (Қытай) Цинхуа университетінде өтті. Альянстың бірінші жиналысына 400-ге жуық профессорлар мен 15 ЖОО өкілдері қатысты.

Миссиясы

Альянстың қызметі жоғары білім, экономикалық, ғылыми және технологиялық даму саласындағы аймақтық және ғаламдық мәселелерді бірлескен түрде қарауға, мүше-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Мүшелігі

Альянстың мүшелері 13 елдің 15 жоғары оқу орындары болып табылады:

  1. Цинхуа Университеті (Қытай);
  2. Назарбаев Университеті (Қазақстан)
  3. Гонконг ғылым және технологиялар Университеті (Гонконг)
  4. Токио Университеті (Жапония)
  5. Сеул Ұлттық Университеті (Оңтүстік Корея)
  6. Сингапур Ұлттық Университеті (Сингапур)
  7. Бомбей Технологиялық институты (Үндістан)
  8. Индонезия Университеті (Индонезия)
  9. Чулалонгкорн Университеті (Тайланд)
  10. Малайзия Университеті (Малайзия)
  11. Коломбо Университеті (Шри-Ланка)
  12. Янгон Университеті (Мьянма)
  13. Бейжің Университеті (Қытай)
  14. Біріккен Араб Әмірліктерінің Университеті (Біріккен Араб Әмірліктері)
  15. Сауд Королінің Университеті (Сауд Арабиясы)

Альянстың бірқатар құрылтайшы-мүшелері Times Hired Education рейтингі (бұдан әрі – THE) бойынша Азияның 2017 жылғы 50 үздік университеттерінің тобына және QS World University Rankings (QS) әлемдік рейтингі бойынша 2017 жылғы 50 үздіктер тобының құрамына кіреді.

Университет

Азияның үздік университеттер рейтингі (THE) 2018 жыл

Әлемнің үздік университеттеррейтингі (THE), 2019 жыл

Азияның үздік университеттер рейтингі (QS), 2019 жыл

Әлемнің үздік университеттер рейтингі (QS), 2019 жыл

Сингапур Ұлттық Университеті

1

23

1

11

Бейжің Университеті

3

31

5

30

Цинхуа Университеті

2

22

3

17

Гонконг ғылым және технологиялар Университеті

5

36

7

37

Токио Университеті

8

42

11

23

Сеул Ұлттық Университеті

9

63

10

36

Қауымдастық туралы толығырақ ақпарат мұнда