Халықаралық университеттер қауымдастығы

Халықаралық университеттер қауымдастығы (ХУҚ) – ЮНЕСКО-ның қолдауымен 1950 жылы құрылған жоғары оқу орындарының жаһандық бірлестігі.

Миссиясы

Қауымдастық қызметі білімді тарату мен қолдану, бірлескен оқыту және инновациялар форумы, жоғары білім берудің дамуын талдау мен мониторингтеу үшін мүшелер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Мүшелігі

Қауымдастықтың құрамы әлем елдерінің 650 университеті мен 120-дан астам ұйымдарын қамтиды. Қатысушы елдердің географиясы өте кең:

  • Еуропа: 40%
  • Азия және Тынық мұхит: 24%
  • Таяу Шығыс: 13%
  • Африка: 11%
  • Солтүстік Америка: 7%
  • Латын Америкасы мен Кариб бассейні: 5%

Назарбаев Университеті Қауымдастыққа 2015 жылы қосылды. Қауымдастыққа Қазақстанның тағы 9 университеті кіреді.

Қауымдастық туралы толығырақ ақпарат мұнда