Қазақстан туралы

Халық саны: 18 миллионнан астам адам (2017 ж.)

Ауданы: 2 724 900 шаршы км. (1 052 089 шаршы миль)

Географиялық орналасуы: Орталық Азия; Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түрікменстанмен шекаралас

Климаты: өткір континентальды

Тәуелсіздігі: 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастап

Бас қала: Астана (1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап)

Ресми тілдері: мемлекеттік тіл – қазақ, сондай-ақ орыс тілі кеңінен қолданылады.

Этникалық құрамы: қазақтар – 63,07%, орыстар – 23,7%, өзбектер – 2,85%, украиндықтар – 2,08%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 1,28%, немістер – 1,11 %, басқалары – 4,51%

Валюта: теңге (KZT)

Экономикалық көрсеткіштері:

ЖІӨ: 133,7 млрд АҚШ доллары

Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 8 710 АҚШ доллары

ЖІӨ жылдық өсімі: 2,4%

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес Қазақстан басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өзін орнықтырады.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша ел 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 (Астана мен Алматы) қаладан тұрады.

Экспортталатын басты тауарлар – кен өндіру, отын-энергетикалық, металлургия және химиялық өнеркәсіптер, сондай-ақ астық индустриясы.

Қазақстан өңір мен әлемнің тұрақтылығын нығайтуға үлкен үлес қосады. Мұны Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мен 2010 жылдың желтоқсан айында Астанада осы беделді халықаралық ұйымның Саммит өткізуі дәлелдейді. ЕҚЫҰ-ның азиялық баламасы АӨСШК  жобасын іске қосу мен дамыту елдің маңызды бастамасына айналды. Қазақстанның ислам әлеміндегі жетекші ұйымы – ИЫҰ төрағасы ретіндегі жасампаз қызметі де оң баға алды.

Еліміз жаһандық ядроға қарсы қозғалыста көшбасшы ретінде танылған. Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде сайлануы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің маңызды жаһандық проблемаларын шешуде өзінің белсенді рөлін халықаралық деңгейде тану болды.

Экономиканың барлық саласындағы тұрақты өсім, халықаралық деңгейде танылу, саяси тұрақтылық қазіргі Қазақстан қоғамының өсіп-өркендеуінің негізіне айналып отыр. Қазақстан – бұл өзінің мәдени дәстүрлерін сақтап, болашаққа ұмтылған және зор жасампаз әлеуетін қазіргі заманғы әлемде табысты іске асырып отырған ел. 

 Сіз білесіз бе?

 Қазақстан және Астана туралы 10 қызықты фактілер

  1.  Қазақстан Еуразия құрлығының орталығында орналасқан және аумақтың көлемі бойынша (жер шарының бетінде 2%) әлемде 9-орынға ие. Қазақстан аумағы бүкіл Батыс Еуропадан үлкен.
  2. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүреді.
  3. Қазақстан үш тілдік саясатты ұстанады, бұнда қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі – этносаралық қарым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаһандық экономикаға сәтті кірігу тілі болып табылады. 2013 жылдан бастап ағылшын тілі жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныптарынан оқытылып жатыр.
  4. Қазақстанның табиғаты әсем көріністерге өте бай. Мұнда сіз кең даланы, биік тауларды, сан алуан көлдер мен өзендерді, керемет табиғи қорықтарды және тіпті ыстық бұлақтарды да көре аласыз. Алматы облысындағы Шарын шатқалы Американдағы Үлкен каньоннан кейінгі әлемдегі екінші үлкен каньон болып табылады.
  5. Қазақстан әлемдік экономикалық және саяси қауымдастықтың, БҰҰ, ДСҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ТМД және басқа да жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып табылады. Осы жылдар ішінде Қазақстан ЕҚЫҰ-2010 саммиті, Қысқы Азияда ойындары-2011, Қысқы Универсиада-2017 және «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі сияқты ірі іс-шараларды өткізді.
  6. Қазақстанның қойнаулары минералдық ресурстарға бай, мұнда Менделеев кестесінің көптеген элементтері осында анықталған. Көмір және мұнай қорлары бойынша Қазақстан 8-ші және 12-орын алып отыр.
  7. GGG есімімен әйгілі Геннадий Геннадьевич Головкин – қазақстандық кәсіпқой боксшы, орташа салмақ санатында WBA, IBF, WBC, IBO нұсқалары бойынша жеңілмейтін әлем чемпионы.
  8. Қазақстан – алмалар мен қызғалдақтың туған жері. Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматының (Алма-Ата) атауы қазақ тілінде «алмалардың әкесі» дегенді білдіреді. 1877 жылы Амстердамдағы гүлдер көрмесінде қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағында өсетін қызғалдақтың сұлулығы мен өлшемі үшін «Гүлдер патшасы» деп аталды.
  9. Астана – 1998 жылдан бері Қазақстанның астанасы Алматыдан көшіп келген әлемдегі ең жас астана. Бір жылдан кейін ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды.
  10. Қаланың «Астана» деген атауы қазақ тілінен аударғанда «елорда» деген мағынаны білдіреді.