Магистратура / Резидентура

Магистратура бағдарламасын Назарбаев Университетінің жеті Мектебі ұсынады.

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы (NUZYP)
Жоғары бизнес мектебі
Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі
Медицина мектебі
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі
Жоғары білім беру мектебі
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Магистратура бағдарламасы “Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” бағдарламасында оқуға мүмкіндік береді. «Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы» бағдарламасы – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратура бағдарламаларына тікелей түсуге қойылатын тілдік талаптарға сәйкес келмейтін үміткерлерге арналған интенсивті ағылшын тілі мен басқа да пәндік курстарды қамтитын екі семестрлік күндізгі бағдарлама.Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы (бұдан ары – Бағдарлама). Бағдарламаның мақсаты - магистратура бағдарламалары потенциалды студенттерінің тілдік деңгейін көтеру және Университеттің магистратура бағдарламаларында оқуға қажетті ғылыми, коммуникативтік және басқа да дағдыларды дамыту болып табылады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған білім алушылар өздері өтінім тапсырған және сұхбаттасудан өткен Университеттің магистратура бағдарламаларының студенттері атанады.

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама гысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Онлайн тіркелу мерзімі:

Жоспарланған магистратура бағдарламасының тіркелу мерзімін тексеріңіз.

 

NUZYP Fulltime MBA және резидентура бағдарламаларында қолданылмайды.

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ


Бағдарламаға өтінім беру үшін үміткер келесі талаптарға сай келуі тиіс:

1) магистратура бағдарламасының минималды қабылдау талаптарына (ағылшын тіліне қойылатын талапты қоспағанда) сай болуы тиіс;
– Бағдарламаға онлайн өтінімдерді тапсыру кезінде күші бар IELTS тесті бойынша жалпы балл – 5.5 (тек бір бөлім бойынша 5.0 рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі болуы қажет;
– Бағдарламаға онлайн өтінімдерді тапсыру кезінде күші бар IELTS тесті бойынша жалпы балл – 6.0 (тек бір бөлім бойынша 5.5 рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі болуы қажет, “Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі” және “Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі” бағдарламалары үшін.

2) Сауалнама нысанында NUZYP белгісін қойыңыз. Қабылдау комиссиясы тіркеу кезінде NUZYP бағдарламасың көрсетпеген үміткерлерді де ұсына алатындығын ескеріңіз.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

Жоспарланған магистратура бағдарламасының құжаттар тізімін тексеріңіз.

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі (ЖБМ) – іскери көшбасшылар үшін құрылған перспективалық академиялық мекеме. Мектеп әлемнің ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірінде бизнесті басқару саласындағы білім берудің жаңа тәсілдерін ұсынады. Біздің бағдарламалар бизнес-басқару саласында жоғары сапалы білім алуға, өзінің іскери байланысын кеңейтуге және алған білім мен дағдыларын өз қызметінде барынша қолдануға мүмкіндік береді.

Магистратура бағдарламалары:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

        Қаржы

Іскери әкімшілендіру

Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру

Адами ресурстарды басқару

  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады
  • Бакалавр және/немесе магистр (немесе оған балама) дәрежесі бар білімі туралы дипломының болуы тиіс.
  • Үміткердің (бакалавр, магистр немесе PhD) бір білім дәрежесі бойынша ең төменгі GPA балы “Іскери әкімшілендіру магистрі” бағдарламаға 4.00-ден 2.75-тен төмен емес, “Қаржы ғылымдары магистрі” бағдарламаға 4.00-ден 2.67-тен төмен емес.
Болған жағдайда
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;

  • ағылшын тілін білу деңгейін растайтын бағдарлама басталғанға дейін жарамды ресми сертификат: – IELTS: 6.5, – TOEFL PBT: 575, – TOEFL IBT: 90

  • IELTS немесе TOEFL бойынша төмен балл жинаған кейбір үміткерлер ЕМВА бағдарламасына құнды үлес қосуы мүмкін. Осыған орай белгіленген деңгейден төмен балл жинаған үміткерлердің ағылшын тілі деңгейін Қабылдау комиссиясы өз бетінше бағалауы және тануы мүмкін. Осындай үміткерлерге қолдау көрсету үшін сабақтардың ілеспе аудармасы мен оқу материалдарының орыс тіліне аудармасы ұсынылуы мүмкін;

 

  • Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;

– үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі
бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

  • Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;

Болған жағдайда

Болған жағдайда

  • Жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы тиіс. Үміткерлер ұлттық компанияларда, жеке секторда, мемлекеттік мекемелерде, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарда басшы лауазымында болулары тиіс. Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша 5 жылдан кем жұмыс тәжірибесі бар үздік үміткерлер конкурсқа жіберілуі мүмкін.
  • ALEKS/GRE/GMAT тестімен көрсетілген күшті оқу дағдылары, аналитикалық және математикалық дағдылар; *NU-STEM бағдарламалары бойынша CGPA 3,0 немесе 4,0 CGPA-дан көп (яғни, инженерлік, тау-кен, математика, физика, химия бағдарламалары) немесе экономика бағдарламасы бойынша немесе топ-200 рейтингтік университеттерден үміткерлер ALEKS/GRE/GMAT тесттерін тапсырмай-ақ өтініш бере алады.
  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE/ GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (қалауыңыз бойынша)
Болған жағдайда
  • Жеке эсседе көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық болуы қажет.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

 

         Қаржы

Іскери әкімшілендіру

Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру

Адами ресурстарды басқару
  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін).Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.
  • Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
 
  • IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
  • Ағылшын тілінде бір эссе. Эссе сұрақтары онлайн сауалнамада беріледі;
  • Ағылшын тілінде екі эссе. Эссе сұрақтары онлайн сауалнамада беріледі;
  • Корпоративтік қолдау хаты, оқу ақысын толығымен өз бетімен төлейтін үміткерлер үшін міндеттеме хаты немесе грант тағайындауға арналған толтырылған нысан;
  • оқу құнын толығымен төлеу және үміткерге Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына бағдарламасы бойынша сабақтарға қатысуда қолдау көрсету міндеттемелерімен жұмыс берушіден ағылшын тіліндегі (немесе ағылшын тіліне аударылған) корпоративтік қолдау хаты;
  • Ағылшын тіліндегі түйіндеме – бір бетте;
  • Ресми GMAT немесе GRE сертификаттары;
  • НУЖБМ негізінде өткізілетін ALEKS тестінің нәтижесі (немесе GMAT, GRE сертификаттары);
  • Valid GMAT or GRE Test Report. Although an official GMAT or GRE score is not an essential requirement, an applicant with limited quantitative experience can strengthen her/his application with a competitive GMAT or GRE score;
  • Үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (ағылшын тіліне аудармасымен).
  • үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен)
  • Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс).

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТ

Жанна АлимбаеваҚабылдау бойынша аға менеджерe-mail: zhalimbayeva@nu.edu.kzтел. +7 (7172) 70 93 32
Жасмин ЕрсайынҚабылдау бойынша маманe-mail: zhasmin.yersaiyn@old.nu.edu.kzтел. +7 (7172) 70 90 28

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Іскерлік әкімшілік магистрі (Күндізгі MBA) бағдарламасына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі (IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі):

    Ерте тіркелу: барлық үміткерлер үшін 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 28 ақпанға дейін қоса алғанда;

    Стандартты тіркелу: Қазақстан Республикасының азаматтары ғана үшін 2022 жылдың 31 наурызға дейін қоса алғанда. Тіркелу жарнасы – 30 000 теңге;

    Кеш тіркелу: Қазақстан Республикасының азаматтары ғана үшін 2022 жылдың 10 мамырына дейін қоса алғанда. Тіркелу жарнасы – 40 000 теңге.

  • Қаржы саласындағы магистр бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі (IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі):

    Ерте тіркелу

              – шетелдік үміткерлер үшін 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 28 ақпанға дейін қоса алғанда;

              – Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 07 сәуіріне дейін қоса алғанда 5 000 теңге.

  • Стандартты тіркелу: Қазақстан Республикасының азаматтары ғана үшін 2022 жылдың 17 мамырына дейін қоса алғанда. Тіркелу жарнасы – 30 000 теңге.

  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады

  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады

Назарбаев Университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі (ИСҒМ) Қазақстанда және Орта Азияда инженерлік ғылымдар саласындағы жетекші білім беру мекемесі болуға ұмтылады. Мектептің мақсаты – химиялық инженерия және материалдар технологиясы, механикалық және аэроғарыштық, құрылыс және қоршаған орта, электротехника және компьютерлік инженерия, инженерлік менеджмент және компьютерлік ғылымдар саласындағы практикалық мамандарға күн санап артып отырған сұранысқа сай келетін түлектерді даярлау. ИСҒМ студенттер саны бойынша Назарбаев Университетінің ең үлкен мектебі болып табылады.

Магистратура бағдарламалары:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

  • Тиісті пән бойынша бакалавр дәрежесі (бакалавр дәрежесі немесе балама) және магистр/аспирант дәрежесі (егер қолданылса). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
  • CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;

– үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі
бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
  • Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы;Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  • IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762.
  • Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтаманы тапсыруы қажет.
  • Түйіндеме (екі беттен аспайтын);
  • Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
  • Негіздеме хат (бір беттен аспайтын);
  • Екі ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). 

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Магистратура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі:

                  Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

                  ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

           Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда);

           ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (ММ) бұл Қазақстан Республикасы үшін денсаулық сақтау, білім беру және биомедициналық зерттеулер саласындағы медицина көшбасшыларын даярлайтын, сабақтар ағылшын тілінде жүргізілетін, американдық оқыту жүйесінің негізінде құрылған ең алғашқы оқу орны болып табылады. Мектеп медициналық білім беру саласында әлемдік деңгейге жетуді және білім беру мен биомедициналық зерттеулер саласында жаңашылдыққа, ғылым мен білімге қолдау көрсетілетін тұрақты және ынталы академиялық ортаны құру арқылы жоғары деңгейге жетуді мақсат тұтады. Медицина мектебі магистратура бағдарламаларын, Медицина докторы және резидентура бағдарламаларын ұсынады.

Магистратура, медицина докторы және резидентура бағдарламалары:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

 

Магистратура бағдарламалары

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура, Молекулалық медицина саласындағы магистратура, Фармакология және токсикология саласындағы магистратура, Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура

Онлайн тіркеу мерзімі:

Ерте тіркелу: 2019 жылдың 4-ші қарашадан 2020 жылдың 16-шы ақпанға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу тегін.

Стандартты тіркелу: 2020 жылдың 17-ші ақпаннан 2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу үшін төлемақы жасауыңыз керек. Тіркеу жарнасы бағдарламаға байланысты.

Талаптар:

Молекулалық медицина саласындағы магистратура, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура мен фармакология және токсикология саласындағы магистратура, Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына оқуға түсетін үміткерлерде:

  • Тиісті саладағы бакалавр (немесе баламасы) және/немесе магистр дәрежесінің (немесе баламасы) болуы тиіс. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен дипломды ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • Үміткерлер өздері оқыған университеттен олардың мекемеде оқуын бітіргені және түпкілікті транскриптті және/немесе дипломды ресми табыс ету белгіленген күнге жоспарланғаны туралы растауын алғанда ғана шартты түрде оқуға қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда оқуға қабылдау туралы шешімде үміткер қажетті құжаттарды Университетке ұсынатын уақыт кезеңі көрсетілуі тиіс;
  • ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.75 немесе үміткердің дәрежесінің баламасы болуы;
  • ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі;
  • жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (опциялық). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап емес екендігіне қарамастан, үміткер GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі;
  • екі құпия ұсыным хат;
  • тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады.

Ағылшын тілі бойынша ең төменгі талаптар:

Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:

  1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6,5 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама нәтижесі;
  2. Назарбаев Университетінің бағдарламасына дайындық жылына оқуға түсу үшін ағылшын тілін білудің IELTS тестісі бойынша нәтижелерге қойылатын ең төменгі талап 5,5 балды құрайды, бір бөлім бойынша 5.0 нәтижесімен немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама нәтижесі;
  3. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
    1. ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
    2. ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
    3. егер үміткер Назарбаев Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

 

Регистрация кезеңдері


Бағдарламаға түсетін үміткерлер:

  1. Университеттің ішкі құжаттарында белгіленген тіркеу жарнасын алдын ала төлеп, Университеттің ресми сайтындағы жеке кабинетте орналастырылған өтінім нысанын толтырулары;
  2. Қажетті құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелерін өтінімді берудің ең соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетке орналастырулары тиіс.

Құжаттар тізімі бойынша тексеру парағы:

  1. Өтінімнің толтырылған нысаны;
  2. Жеке куәлік немесе паспорт;
  3. Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  4. Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт;
  5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
  6. Оқыту тілі ретіндегі ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат. (ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама бойынша білім беру негізінде академиялы дәреже берілген үміткерлер үшін ғана және IELTS немесе TOEFL сертификатын ұсынудан босату сұратылады);
  7. Құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар GRE/GMAT нәтижелері (опциямен);
  8. Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным хат беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  9. Негіздеме хат (500 сөз немесе одан аз);
  10. Медициналық анықтама 075у (Қазақстан азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
  11. Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  12. Тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде түйіндемеде, ұсыным хаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда).
  13. Қажет болған жағдайда Қабылдау комиссиясы немесе Қабылдау департаменті қосымша құжаттарды сұрай алады.[/su_expand]

«Медицина докторы» бағдарламасы

Талаптар

  1. Бакалавр және/немесе магистр дәрежесі (немесе олардың баламасы).
  2. 4.00 балдық шкала бойынша орташа балл 3.00 (немесе 5.00 балдық шкала бойынша оның баламасы).
  3. Зертханасымен бірге «биология» пәні бойынша оқытудың бір жылын және зертханасымен бірге жалпы химия немесе баламасы бойынша оқытудың бір жылын қоса алғанда, бірақ олармен ғана шектелмей, кемінде екі ғылыми пәннен өту.
  4. Ағылшын тілін міндетті білу деңгейі IELTS бойынша 7.0 балға тең, әрбір секцияда 6.0 кем емес немесе компьютерлік нұсқа үшін (СВТ) 250 балл, қағаз бетіндегі нұсқа үшін (PBT) 600 балл немесе TOEFL тестілеуінің интернет-нұсқасы үшін (IBT) 100 балл. Қабылдау комиссиясының шешімімен өтініш білдіруші ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларын ұсынудан келесі жағдайларда босатылуы мүмкін:
    • егер өтініш білдірушінің академиялық дәрежелерінің бірі ағылшын тілі ресми қатынас, оқыту және күнделікті қолданыс тілі болып саналатын елде алынса;
    • бакалавр немесе магистр дәрежесін ағылшын тілінде оқытылған бағдарлама нәтижесінде алған болса;
    • үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылған жағдайда.
  5. Сұхбатқа шақырылу үшін МСАТ тестілеу нәтижесінің жалпы балы кемінде 489 болуы тиіс.

 

Қажетті құжаттар

  1. Өтініштің толтырылған нысанын порталда тіркеуден кейін жүктеп алуға болады.
  2. Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екіден бастап (минимум) төртке дейінгі (максимум) ұсыным хаттар. Оның ішінде екі хат ғылыми кафедралардың ОПҚ-дан болуы тиіс.
  3. Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады.
  4. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762.
  5. Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар МСАТ нәтижесі. Нәтиже жарамды болып есептелуі үшін МСАТ-тың ұсынылған нәтижелері өтініш берілгенге дейін кемінде үш жыл бұрын өткен тестілеуге сәйкес болуы тиіс.
  6. Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама Медициналық анықтама (086У нысаны).
  7. Медициналық анықтама 075у (ҚР азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама немесе Университет сұраған басқа құжаттар (шетел азаматтары үшін);
  8. Өтініш берушінің сканерден өткізілген жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі (ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен).
  9. Негіздеме хат (500 сөзге дейін).[/su_expand]

Резидентура бағдарламалары

Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу

Шартсыз түрде оқуға алу


Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:

  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі;
  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
  • 2 (екі) құпия ұсыным хат.

Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Резидентура бағдарламасына арналған құжаттар пакеті

  1. Өтінімнің толтырылған нысаны;
  2. Жеке куәлік немесе паспорт;
  3. Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  4. Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
  5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
  6. Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
  7. Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  8. Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
  9. Медициналық анықтама 086у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);
  10. Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;


Шартты түрде оқуға алу

НУММ Қабылдау комиссиясы резидентура бағдарламалары бойынша UMC Қабылдау комиссиясы оқуға алуға ұсынған үміткерлерді қарастырады, алайда мұндай үміткерлерді оқуға алу туралы түпкілікті шешімді НУММ Қабылдау комиссиясы қабылдайды.

Шартты түрде қабылдау бойынша Бағдарламаға құжаттарын ұсынатын үміткерлерде келесі құжаттар болу керек:

  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
  • 2 (екі) құпия ұсыным хат;
  • UMC-ден ұсыным хат.


Бірінші оқу жылына Шартты түрде алынған үміткерлерге келесі шарттар қолданылады:

  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі.


Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.


Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.


Резидентура бағдарламасына арналған құжаттар пакеті

  1. Өтінімнің толтырылған нысаны;
  2. Жеке куәлік немесе паспорт;
  3. UMC-ден ұсыным хат;
  4. Атын/тегін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  5. Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
  6. Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  7. Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
  8. Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
  9. Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  10. Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Магистратура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі: 

                   Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

                   ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады. 

  • IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 

                 Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда);

                 ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ЖӘГҒМ) бағдарламалары әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары салаларында жан-жақты білімі бар, әлеуметтік дамудың барлық мәселелерінде көш басында болатын мамандарды даярлауға бағытталған. Мектеп студенттерді олардың қандай кәсіпті таңдағанына қарамастан, өмірі мен мансабында кездесетін зияткерлік мәселелерді шешуге үйретеді.

Магистратура бағдарламалары:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

Биология ғылымдары және технология, Қолданбалы математика, Физика, Химия, Экономика

Еуразиялық зерттеулер, Саясаттану және халықаралық қатынастар
  • Тиісті пән бойынша бакалавр дәрежесі (бакалавр дәрежесі немесе балама) және магистр/аспирант дәрежесі (егер қолданылса). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады;
  • CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;
  • Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;
  • Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.0 (тек бір секция бойынша кемінде 5.5 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;
  • Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

                – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

                – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;

                – үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі
бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

  • Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

Биология ғылымдары және технология, Қолданбалы математика, Физика, Химия, Экономика

Еуразиялық зерттеулер, Саясаттану және халықаралық қатынастар
  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы; Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады;
  • IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762
  • Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет;
  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес); Экономика, Еуразиялық зерттеулер, Саясаттану және халықаралық қатынастар бағдарламалар үшін GRE – талап етілмейді;
  • Түйіндеме (бір беттен аспайтын);
  • Негіздеме хат/эссе (бір беттен аспайтын);
  • Сауалнамада берiлген эссе сұрақтарына жауап ретiнде жазылған эссе (MAPSIR бағдарламасына ғана);
  • Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). 
  • Соңғы 12 ай ішінде жазылған үш құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). 

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Магистратура бағдарламаларына (Физика және Химия магистратура бағдарламалардан басқа) конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі:

                    Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

                    ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Физика және Химия магистратура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі

                    Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

                    ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

                   Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда);

                   ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

                  ҚР азаматтары үшін (Физика магистратура бағдарламасы және Химия магистратура бағдарламасы) 2022 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады

Тау-кен ісі жəне Жер туралы ғылымдар мектебі (ТІЖҒМ) жоғары білікті мамандар мен студенттерді заманауи біліммен жəне Жер туралы ғылымға байланысты пəндерді оқыту арқылы табиғи ресурстар саласында дарынды және əлемдік деңгейдегі оқу орны болуға мақсат тұтты. Мектеп 2 магистратура және 2 докторантура бағдарламаларын ұсынады. Бағдарламалар өндіру жұмыстарын жоспарлайтын, жүргізетін және басқаратын инженер мамандарды даярлауға, сондай-ақ қауіпсіз және тұрақты өндірісті қамтамасыз ету мақсатында мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібіне қолдау көрсету үшін зерттеу дағдыларына және білімді дамытуға бағытталған.

Магистратура бағдарламалары

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже); Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
  • Ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.75 немесе кемінде 2 (екі) жыл тиісті жұмыс тәжірибесі бар мамандар үшін ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.5;
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;

– үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
  • Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы;Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  • IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762
  • Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.
  • Түйіндеме (екі беттен аспайтын);
  • Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
  • Негіздеме хат (бір беттен аспайтын);
  • Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Кемінде бір ұсыным-хат академиялық тұрғыдан болуы шарт;

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Магистратура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі:

                   Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 15 қарашадан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

                   ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 15 қарашадан бастап 2022 жылғы 10 мамырға дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 
  •         Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда);

            ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 11 мамырға дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады

Жоғары бiлiм беру мектебi (ЖББМ) алғашқы студенттерін 2013 жылдың қыркүйек айында қабылдады. ЖББМ басты мақсаты - білім беру саласындағы басқарушыларды даярлау және жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуына белсенді атсалысу. Қазіргі таңда Мектеп магистратура және докторантура, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынуда.

Магистратура бағдарламалары

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже); Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
  • CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;

– үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі
бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

  • 1 жыл жұмыс өтілі. 1 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.
  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
  • Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  1. Толтырылған онлайн сауалнама (cауалнаманы www.admissions.nu.edu.kz сайтынан табуға болады);
  2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  4. Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы. Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
  6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет;
  7. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
  8. Сауалнамада берілген эссе сұрақтарына жауап ретінде жазылған екі эссе;
  9. Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс);
  10. Түйіндеме;
  11. Жұмыс өтілін куәландыратын құжат;

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Магистратура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі:

                    Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

                    ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 
  •          Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда);

             ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) міндеті адам өмірінің сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды негізгі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсінуге оқып-үйрету болып табылады. ЖМСМ студенттерінің арасында –мемлекеттік сектордың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың мамандары, сондай-ақ жеке бизнес-құрылымдардың басшылары бар. ЖМСМ 3 білім беру бағдарламасын ұсынады: Мемлекеттік саясат магистрі, Мемлекеттік басқару саласының магистрі, Мемлекеттік саясат ғылымдарының докторы, сондай-ақ саясат және көшбасшылық саласында негізгі міндеттерді шешуге бағытталған қысқа мерзімді кәсіби білім беру бағдарламалары.

Магистратура бағдарламалары

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады;
  • CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
  • 2 жылдық жұмыс өтілі. 2 жылдан кем жұмыс өтілі бар мамандар Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.
  • 3 жылдық жұмыс өтілі. 3 жылдан кем жұмыс өтілі бар мамандар Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі
  • Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

– IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;

– Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;

  • Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда.

– үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (қалауыңыз бойынша);
  • Жазбаша эсселерде көрсетілген жоғары академиялық жазу дағдылары.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  1. Толтырылған онлайн сауалнама (cауалнаманы www.admissions.nu.edu.kz сайтынан табуға болады);
  2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  4. Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы. Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
  6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет;
  7. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
  8. Сауалнамада берілген эссе сұрақтарына жауап ретінде жазылған үш эссе;
  9. Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс);
  10. Түйіндеме;
  11. Жұмыс өтілін куәландыратын құжат;

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Магистратура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі:

               Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 24 қарашадан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

               ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 24 қарашадан бастап 2022 жылғы 3 мамырға дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 

               Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда);

               ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 3 мамырға дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Бағдарлау аптасының басталу күні:  жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы:  жақында хабарланады

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН СТАТУСТАР

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.

Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.

Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады

Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.

Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.

Transfer to another program. Үміткердің  өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға  шешім қабылдады.

Pending. Үміткердің өтініші қаралуда

Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.

Recommended for admission to NUZYP. Қабылдау комиссиясы үмңткерді NUZYP бағдарламасына ұсынуға шешім қабылдады. “Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” (NUZYP) – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратураға тікелей түсу үшін тілдік талаптарға сай келмейтін, магистрлік бағдарламаларға қарқынды тілдік, академиялық және ғылыми дайындықтары бар екі семестрлік күндізгі бағдарлама.

Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.

Recommended  for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.                                    

Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.

Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады

Accepted NUZYP admission offer. Статус NUZYP бағдарламасына оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады

Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.

Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.

Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.

Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.

Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.

Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде  студент болып саналады.

Enrolled to NUZYP. Кандидат NUZYP бағдарламасына қабылданды. Cтатус Провосттың қабылдау туралы  шешімі шыққаннан кейін қойылады. Үміткер ресми түрде  студент болып саналады.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
  • IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсыну үшін үміткерлерге келесі талаптарды орындау қажет:

    1) IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасын Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу; 
    2) Сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің «UPLOAD IELTS/TOEFL RESULTS» бөлімінде жүктеу және IELTS сертификаты үшін TRF, TOEFL сертификаты үшін тіркелу нөмерін енгізу қажет.
    Конкурс үшін сертификаттың кез-келген санын ұсынуға болады, бірақ Жеке кабинетте соңғы болып жүктелген сертификат қана қарастырылады.
    IELTS/TOEFL сертификаттары емтихан тапсырылған күннен бастап 2 жыл жарамды.  

  • Бұрын “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік гранты есебінен магистр дәрежесін алған үміткерлер Назарбаев Университетінің магистратура бағдарламасына және/немесе магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) мемекеттік білім беру гранты есебінен оқуға қабылданбайды. Аталған үміткерлер тек ақылы немесе басқа гранттар есебінен оқуға қарастырылады.

  • Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс. 
  • Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Нұр-Cұлтан қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Студенттерді оқуға қабылдау департаменті.
  • Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.
  • Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.
  • Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.
  • Стандартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады:
    1. GRE – 6496
    2. TOEFL – 6762
    3. GMAT – H6m-R7-93
    4. IELTS – Nazarbayev University

ПАЙДАЛЫ РЕСУРСТАР
  • Назарбаев Университетінде білім беру қызметтерін көрсету талаптарымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
  • Назарбаев Университетінің Дайындық мектебінің тестілеу орталығы тілдік курстарын, халықаралық стандартталған тесттерді тапсыруға дайындық курстарын өтуге, сондай-ақ халықаралық стандартталған тесттерді тапсыруға мүмкіндік береді: SAT, TOEFL PDT, GRE PBT, TOEFL iBT, GRE CBT, GMAT, PMI, TOEFL ITP, TOEIC). Қосымша ақпарат мына жерде.
  • Назарбаев Университеті жыл сайын потенциалды талапкерлер үшін академиялық бағдарламалар мен түсу талаптары туралы, НУ -да оқудың ерекшеліктері және оқытудан кейінгі мүмкіндіктер туралы ақпарат беретін Ашық есік  күні шарасын  өткізеді. Биылғы жылы бұл шара виртуалдық форматта өтті. Ашық есік күніне арнап дайындалған НУ профессорлары мен қызметкерлерінің пайдалы видеоларға қол жеткізу үшін open.nu.edu.kz сілтеме бойынша өтуге болады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
  • Email: Info_admissions@old.nu.edu.kz
  • Телефон: +7 /7172/ 642 584