Институционалдық бағалау
Назарбаев Университеті қоғам мүшелерінің оқыту, ғылыми-зерттеу, студенттерді оқыту және оларды академиялық сапаны арттыру процестеріне қатыстыру саласындағы үздік нәтижелерге жету мүмкіндігіне ие болатын қолайлы жағдай жасауға тырысады.
Университет өз қызметінің ашықтығын қолдай отырып, 2017 жылы Университетке тәуелсіз бағалау өткізу мақсатында Еуропалық Университеттер Қауымдастығының (EUA) Институционалдық бағалау бағдарламасын (IEP) шақырды.
Университет академиялық сапаға, ғылыми зерттеулерге, стратегиялық менеджмент тәжірибесіне сыни рефлексияны тұтастай қамту арқылы сырттай тәуелсіз шолу өткізді.
Университетті бағалау туралы есеп IEP EUA сайтында жарияланды. Сондай-ақ, қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқалар қолжетімді.
Университет IEP ұсынымдарын іске асыруға кірісті. Бұл процесс болашақтағы институционалдық аккредиттеу жолындағы бірінші қадам болып табылады.
Институционалдық бағалау процесін Провост офисі үйлестіреді.
Провост Офисі
Офис #4006, Блок C2
Қабанбай батыр даңғылы 53, 010000
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан
Тел: +7 (7172) 70 90 57
Email: institutionaleffectiveness@nu.