Ғылыми зерттеулердің институционалдық әдеп комитеті

 «Назарбаев Университеті» Ғылыми зерттеулердің институционалдық әдеп комитеті (бұдан әрі –  ҒЗИӘК) – Ғылыми кеңес жанындағы тұрақты әрекет ететін орган болып табылады және Университет көпшілік алдында ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде әдептік нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын «ішкі комитеті» мәртебесіне ие.

ҒЗИӘК негізгі міндеті – «Назарбаев Университеті» (бұдан әрі – НУ)  оқытушы-профессорлар құрамы, ғылыми және әкімшілік қызметкерлері, сондай-ақ  студенттері жүргізетін зерттеулерге қатысатын барлық адамдардың құқықтарын қорғау және олардың игілігі үшін әрекет ету. НУ ҒЗИӘК Ережелеріне, НУ ҒЗИӘК Жұмыс регламентіне және НУ-дың  ғылыми этика бойынша басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес адамдардың қатысуымен немесе адами материалдармен жүргізілетін барлық зерттеу жобаларын НУ ҒЗИӘК қарайды және мақұлдайды. Оқытушы- профессорлар құрамы, ғылыми және әкімшілік қызметкерлері, сондай-ақ студенттер жүргізетін барлық биомедициналық, әлеуметтік және мінез-құлықтық ғылыми жобалар НУ ҒЗИӘК Ережелеріне және Жұмыс регламентіне бағынады.

НУ ҒЗИӘК зерттеулерге қатысушы адамдардың құқықтары мен игілігін қорғау мәніне олардың қарауға сәйкес өтінімдердін хаттамаларын қабылдамауға, өзгертуге немесе бекітуге құқылы. Комитет зерттеулердің жүргізілуін бақылайды, сондай-ақ ғылыми жобалардың басты зерттеушілерінің жұмыс барысы туралы есептер жылына кемінде бір рет жүргізілуін талап етеді.

1-бөлім –  Ережелері мен регламент

2-бөлім  – Комитетке мүшелік

 Комитет құрамына келесідей мүшелер енеді:

  • Төраға, кандидатурасын Провост ұсынады;
  • Университеттің әр мектебінен тиісті мектептің Деканы ұсынған бір өкіл;
  • «National Laboratory Astana» жеке мекемесінің Бас директоры ұсынған 1 (бір) өкіл;
  • Сенаттың ішкі рәсімдеріне сәйкес тағайындалған оқытушы-профессорлар сенатының 1 (бір) өкілі;
  • Провост олардың құзыретіне сәйкес ұсынған 8 (сегіз) мүше;
  • Университет қызметкері немесе қызметкерінің туысы болып табылмайтын, сонымен қатар Университетке кәсіби тұрғыдан қатысы жоқ тәуелсіз сарапшы.

Комитет мүшелікке байланысты жұмыс жүктемесін бөлу мақсатында Төрағаның ұсынымы бойынша Комитет құрамына қосымша мүшелерді ұсыну құқығын өзінде қалдырады.

Төрағаның орынбасарын Комитет олардың мүшелері арасынан тағайындайды. Төраға болмаған немесе БЗ және/немесе Бастамашымен мүдделер қайшылығының болуы туралы мәлімделген жағдайда, Төрағаның орынбасары оның міндеттерін атқарады.

Комитет мүшелері үш жылдық мерзімге тағайындалады, ол мерзім аяқталған соң дәл осындай мерзімге қайта тағайындалуы мүмкін.

Комитет төрағасы және мүшелері Комитет төрағасы мен хатшысын жоспарланған кету мерзімінен бір ай бұрын хабардар ете отырып, Комитетке мүшелік етуден өз еркімен бас тартуға құқылы.

3-бөлім. НУ Мектептеріндегі ҒЗИӘК

4бөлім. CITI тренинг

НУ зерттеулерге қатысатын ҒЗИӘК мүшелерінен, ғылыми жетекшілер мен қызметкерлерден тиісті түрде оқытылатын онлайн Collaborative Institutional Training Institute (CITI) бағдарламасынан өтуді талап етеді.

Тіркеу парағына кіру үшін CITI training парағына кіріңіз және “New Users Register Here-ні таңдаңыз.

Қатысушы Университеттердің тізімінен “Nazarbayev University” таңдаңыз.

Өз есіміңізді және университеттік email-іңізді енгізіңіз.

Үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін өз университетіңіздің email-ін “Preferred Email” ретінде қолданыңыз.

Тіркелу үшін ақпарат берген соң, өзіңіздің зерттеу бағдарламаңызға қандай оқу пәнінің сәйкес келетіндігін анықтау үшін бірқатар бақылау сұрақтарына жауап беруіңіз қажет.

ЕСКЕРТПЕ: Егер сіз таяуда басқа институтта CITI оқуынан өткен болсаңыз, сіз НУ-ды кредиттерді ауыстыруға қатысушы университет ретінде қоса аласыз. Қосымша мекемелерді қосу және пайдаланушының аты мен негізгі email мекенжайын өзгерту үшін CITI сайтындағы нұсқаулықтарды қолданыңыз. Егер Сіз, өз пікіріңіз бойынша, өзіңізді CITI бағдарламасынан өтуден босататын этика бойынша оқудан өткен болсаңыз, Ғылым жөніндегі орталық офистің қарауына өзіңіздің оқуыңыз туралы есеп беріңіз.

5-бөлім. ҒЗИӘК жетекшілігі: адамдармен байланысты зерттеулер жүргізу бойынша жетекшілік ету

I. Адамдармен байланысты ғылыми зерттеулер

II. Этикалық және нормативтік-құқықтық база

III. Ғылыми зерттеулердің институционалдық әдеп комитеті

IV. Адамдармен байланысты ғылыми зерттеулер дегеніміз не?

V. ҒЗИӘК қарастыру түрлері

VI. Адамдармен байланысты ғылыми зерттеулерге ақпараттық келісім

VII. Жылдам қаралатын жобалар бойынша кеңестер

VIII. ҒЗИӘК өтініштерді қарау процесі туралы зерттеушілер нені білуге тиіс

IX. ҒЗИӘК мақұлдағаннан кейін есептілікті ұсыну бойынша зерттеушінің жауапкершілігі

X. Рецензенттерге (шолушыларға) не қажет? Адамдармен зерттеулер жүргізуге өтініш беру кезінде ескеру керек нәрселер

XI. ҒЗИӘК –ке өтінім беру кезіндегі кеңестер

ҒЗИӘК жетекшілігінің толық нұсқасы: Адамдармен байланысты зерттеулерді жүргізу жөніндегі нұсқаулық

6-бөлім. ҒЗИӘК  нысандары мен үлгілері

Қосымша А: ҒЗИӘК хаттамасының нысаны (.docx, .pdf)

Қосымша В: Ақпараттандыру жазбаша келісім нысанының үлгісі

Қосымша C: Интернет – сауалнамаларды жүргізу үшін ақпараттандыру келісім нысанының үлгісі

Қосымша D: Ауызша келісім сценарийінің үлгісі

Қосымша E: 18 жасқа толмаған адамдар үшін ақпараттандыру келісім нысанының үлгісі

Қосымша F: ҒЗИӘК мақұлдау нысанын жалғастыруға сұрау салу

Қосымша G: ҒЗИӘК хаттамасын өзгертудің нысаны

Қосымша H: Жағымсыз/күтпеген оқиғалар туралы есеп нысаны

Қосымша I: ҒЗИӘК консультацияларының нысаны

Қосымша J: ҒЗИӘК терминологиясының глоссарийі

Қосымша K: ҒЗИӘК қадағалау нысанын кейінге қалдыру туралы өтініш

Қосымша L: Құпиялылық туралы келісім нысаны

Қосымша M: Генетикалық және/немесе Биобанкті Зерттеуге Арналған Ақпаратты Қалыптастыру

7-бөлім  ҒЗИӘК -ге өтініш беру туралы талаптардың тізімі

НУ ҒЗИӘК әртүрлі өтінімдерді қабылдайды, соның ішінде:

7.1 Стандартты өтінім алғаш рет қарастырылатын кез келген зерттеу үшін пайдаланылады:

7.1.1 ҒЗИӘК хаттамасының нысаны

7.1.2 Ғылыми жоба жүргізілетін елдің ағылшын және ресми тіліндегі (тілдеріндегі) ақпараттандыру жазбаша келісімнің нысандары

7.1.3 Ғылыми жоба жүргізілетін елдің ағылшын және ресми тілінде (тілдерінде) интернет сауалнамаларды жүргізуге арналған ақпараттандыру келісімнің нысаны (бар болған жағдайда)

7.1.4  Ғылыми жоба жүргізілетін елдің ағылшын және ресми тілінде (тілдерінде) ауызша келісім сценарийі ( бар болған жағдайда)

7.1.5 Ғылыми жоба жүргізілетін елдің ағылшын және ресми тілінде (тілдерінде) 18 жасқа толмаған адамдар үшін ақпараттандыру келісімнің нысаны

7.1.6 CITI оқыту сертификаты немесе адамдармен байланысты зерттеулер жүргізу бойынша курсты аяқтағаныңызды көрсететін кез келген басқа тиісті сертификат. Ғылыми жобаның барлық мүшелері сертификатталуы тиіс.

7.1.7 Ғылыми жобамен байланысты барлық материалдар хаттамаға енгізілуі тиіс. Хаттамалық нысанда көрсетілген кез келген құжат осы бөлімде тіркелуі тиіс.

Төменде жоба жүргізілетін елдің ағылшын және ресми тілінде (тілдерінде) қолжетімді болған жағдайда ұсынылуы тиіс жалпы қабылданған құжаттардың тізімі ұсынылған:

  1. Рекрутингтік материалдар (парақшалар, электронды пошта, ауызша скрипттер)
  2. Сыртқы ұйымдардан қолдау немесе тұжырымдау хаттары
  3. Щолулар / сауалнамалар
  4. Қатысушыларға ұсынылатын көрнекті ынталандырулар
  5. Қорытынды жасау жөніндегі құжаттар
  6. Гранттық өтінімдер

7.2 ҒЗИӘК мақұлдау нысанын жалғастыруға сұрау салу – ҒЗИТӘК кем дегенде жыл сайын ең төменгі тәуекелден асатын барлық зерттеулерді қарастырады.

7.3 ҒЗИТК хаттамасын өзгерту нысаны қазіргі уақытта бекітілген хаттамаға және / немесе ақпараттандыру келісімі процесіне кез келген өзгерістерді мақұлдау үшін пайдаланылады. Олар зерттеуді бастапқы қарауға және жаңа зерттеу ретінде мақұлдауды алғаннан кейін ғана қарастырылады.

7.4 Оқиғалар бойынша есептің нысаны – қосымша зерттеу субъектілеріне немесе басқа да адамдарға физикалық немесе психологиялық зиян келтіретін зерттеуге қатысты немесе олармен байланысты болуы мүмкін проблемалар, күтпеген оқиғалар бойынша есеп беру үшін пайдаланылады. Бұл күтпеген оқиғалар туралы осы нысан құралдары арқылы ҒЗИӘК-ке дереу хабарлануы тиіс.

7.5 ҒЗИӘК консультацияларының нысаны. ҒЗИӘК мүшелері оқытушы-пофессорлар құрамы мен студенттерге олардың зерттеу жобаларына қатысты кеңес бере алады. Егер сіздің жобаңыз ҒЗИӘК -нің қарауын қажет ететіні анықталса және сіз ҒЗИӘК-ге өтінім беру процесінде көмек алғыңыз келсе, осы нысанды пайдаланыңыз.

Барлық өтініштер ҒЗИӘК хатшысына жіберілуі тиіс  resethics@old.nu.edu.kz 

8 бөлім. Комитеттің дәрістері

IREC Procedures and Requirements

Preparing the human subject research application for IREC

Informed Consent

Anonymity and Confidentiality

Evaluation of Research Risk

10 бөлім. Бейне нұсқау