Foundation бағдарламасы

NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университеті Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. Бағдарлама аясында Назабаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына қарқынды дайындық жүргізілуде. Бағдарлама тұлғалық дамуға, оқыту дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған. Оқыту Назарбаев Университетінің Дайындық мектебінде өткізіледі. Білім алу ҚР мемлекеттік қаражаты есебінен іске асыралатын «Назарбаев Университеті» гранты аясында және ақылы негізде болуы мүмкін. Университет алдындағы Дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің мектептері студенттерді бакалавриат бағдарламаларына одан әрі білім алуға қабылдайды.

Тіркелу кезеңдері

Конкурсқа қатысуға тіркелу үшін, талапкерлер келесі іс-шаралар реттілігін сақтауы қажет:

1 – қадам.

Жеке кабинет ашу

https://admissions.nu.edu.kz/ порталында «Тіркелу» бөлімшесін басып, тіркелу терезесінде қажет ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат» бағдарламасын таңдау кажет.

Тіркелуді аяқтағаннан кейін, Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.

Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.

2 – қадам.

Тіркелу жарнасын төлеу

Тіркелу жарнасы онлайн жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді.

Тіркелу жарнасы 3 000 теңгені құрайды.

Банк картасы болмаған жағдайда, талапкердің басқа адамның картасын пайдалануына болады. Талапкер конкурсқа қатысудан бас тартса, тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды.

3 – қадам.

Сауалнама нысанын толтыру

Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Foundation Program сілтемесін ашыңыз. Foundation Application Form сауалнама нысанын онлайн толтырыңыз және онлайн нысанға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісімін беріңіз. Сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін, берілген жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.

4 – қадам.

Қажетті құжаттарды тапсыру

Сауалнама нысанын толтырғаннан кейін, Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде мына құжаттарды жүктеу қажет:

  1. Оқу орнынан берілетін фотоңыз бар анықтаманың сканерленген көшірмесі (3 тілде ұсынылған үлгілердің біреуін таңдаңыз) немесе бар болса қосымшасы бар аттестат/дипломның нотариалды куәләндірілген сканерленген көшірмесі. Маңызды: қабылдау емтиханын тапсыру үшін талапкерде паспорт немесе жеке куәлік міндетті түрде болу керек;
  2. Жеке куәлік және/немесе паспорт.

Жеке кабинеттің профиліне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы фотоны жүктеңіз.

Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте орналасқан.

5 – қадам.

Тіркелуді аяқтау

Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер жасалғаннан кейін, міндетті түрде «SUBMIT APPLICATION» батырмасын басыңыз. Сол жағдайда ғана тіркелу толығымен аяқталады.

Тіркелу аяқталғаннан кейін сауалнама нысанына өзгерістер енгізу және жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес.

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкерлері сіздің өтініміңізі бен құжаттарыңызды тексереді және, қажет болған жағдайда, сізге электрондық поштаңызға қандай құжаттарды және қай күнге дейін түзету керектігін хабарлайды. Толық емес және қателері бар өтінімдер конкурста қарастырылмайды.

6 - қадам. IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификатын ұсыну

Талапкерлер IELTS/ TOEFL сертификаттарын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:

  1. IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісімен тікелей Назарбаев Университетіне жіберуі қажет;
  2. Сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.

Талапкерлер Linguaskill нәтижелерін тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:

  1. Нәтижелерді Тест Орталығы арқылы Назарбаев Университетіне тесттің Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылғандығы туралы растамасымен бірге жіберу;
  2. Нәтижелерді Жеке кабинетке жүктеу. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.

Тест нәтижелерін тапсыру - үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:

IELTS үшін код: Nazarbayev University

TOEFL iBT үшін код: 6762

Linguaskill үшін код: Nazarbayev University

Талапкерлердің Жеке кабинетінде IELTS/TOEFL сертификатын тапсыру бойынша толық Нұсқаулықты оқыңыз.

  • Тілдік тесттер нәтижелерінің ең төмен талаптарымен “Қабылдау емтихандары және талаптары” бөлімінде танысуға болады.
  • TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері конкурста қарастырылмайды;
  • Тапсырылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2022 жылдың 1 тамызына дейін жарамды болу керек.
  • IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификаттарын ұсыну соңғы мерзімі “Маңызды күндер” бөлімінде көрсетілген.

IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, ол конкурста қарастырылмайды.

Келесі қадамдар

Емтихандарға 1-2 апта қалғанда электрондық поштаңызды тексеріңіз, өйткені оған емтихандағы тәртіп ережелері, емтиханның өту орны мен уақыты туралы ақпарат жіберіледі.

Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін ескертеміз.

Тіркелу кезінде қандай да бір мәселелер туындаса, info_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады. Сұрақ жіберген кезде, мәселені толық суреттеп, ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Бұл бейне нұсқаулық Foundation бағдарламасы сауалнама нысанын толтырудың үлгісі болып табылады және осы жылғы сауалнама нысанын айырмашылықтары болуы мүмкін.Сауалнама нысанында толтырылған барлық мәлімет ойдан шығарылған.

 
Қабылдау емтихандары және талаптары

Іріктеуге келесі санаттарға жататын талапкерлер қатыса алады:

  1. Орта білім беру ұйымдарының соңғы сынып оқушылары және техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі соңғы курс студенттері;
  2. Жоғарғы оқу орындарының білім алушылары;
  3. Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар адамдар.

Талапкерлерді іріктеу конкурсы келесі кезеңдерден тұрады:

  1. I кезең. Онлайн тіркелу: қыркүйек - қараша;
  2. II кезең. Қабылдау емтиханы: ақпан - наурыз;
  3. III кезең. Өтінім берушілердің істерін қарау: сәуір - мамыр;
  4. Оқуға қабылдау:мамыр-шілде;
  5. Құжаттарды тапсыру: Университет сұранысына сәйкес, маусым-шілде.

*Күту тізімінде тұрған талапкерлер оқудың басталуына дейін бос орындар пайда болған жағдайда, оқуға шақыру алуы мүмкін.
Талапкер қандай да бір кезеңдегі емтиханнан ең төменгі өту баллын алмаса, келесі кезеңге өте алмайды.

 

Тілдік тест нәтижелерінің ең төмен өту талаптары:

  • Academic IELTS тестінің ең төменгі өту талаптары: жалпы баллы 6.0 әр секция бойынша 5.0;
  • TOEFL iBT тестінің ең төменгі өту талаптары: жалпы балл 60, жазу - 16, оқылым - 6, сөйлеу - 15, тыңдалым - 5;
  • Linguaskill тестінің ең төменгі өту талаптары; жалпы балл - 170, әр секция бойынша - 161. Сертификат суперскорингсіз қарастырылады. Бөлімшелер бойынша ең жоғары баллдары көрсетілген жинақы сертификат қабылданбайды. Толық ақпарат “Пайдалы ресурстар” бөлімінде қолжетімді;
    Тапсырылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2022 жылдың 1 тамызына дейін жарамды болу керек;
  • IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификаттарын ұсыну соңғы мерзімі “Маңызды күндер” бөлімінде көрсетілген;
  • TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT тестілерінің нәтижелері конкурста қарастырылмайды;
  • IELTS/TOEFL/Linguaskill тесттері Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылуы қажет.
  • Минималды талаптарға сәйкес және белгіленген мерзімге дейін IELTS/TOEFL/Linguaskill нәтижелерін ұсынатын талапкерлер ғана NUET емтиханына (төменде қараңыз) жіберіле алады.

 

NUET (Nazarbayev University Entrance Test) – Назарбаев Университетінде білім алу үшін талапкердің академиялық дайындығы деңгейін анықтайтын тест.

  • «Математика» және «Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары» пәндері бойынша білімі бағаланады.
  • Сұрақтар саны – 60.
  • Тест мазмұны– бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар.
  • Тест ұзақтығы – 120 минут. Ең төменгі өту баллы – 120, бұл ретте әрбір пәннен ең төменгі өту баллы – 50. Мысалы: 50 балл + 70 балл = 120 – балл жалпы өту балын алу үшін пәндер бойынша балдардың ең төменгі қосындысы.
  • Foundation бағдарламасына да және «NUET талапкерлері» категориясы бойынша бакалавриат бағдарламасына да өтінімдерді тапсырған жағдайда, талапкер тестке бір рет шақырылады және тестті 1 рет тапсырады. Сондықтан екі бағдарламаның сауалнама нысандарында тест тапсыру қаласы бірдей болуы қажет. Foundation және бакалавриат бағдарламаларының қабылдау комиссиялары бір емтихан нәтижесін қарастырады.
  • Емтихан нәтижесі 6 апта ішінде Жеке кабинетте орналастырылады.
  • Қабылдау емтихандарының тапсырмаларын, олардың ережелері мен ұзақтығын Тест әкімшілері өзгертуі мүмкін.
  • Емтиханға кіру рұқсаты туралы ақпарат талапкердің Жеке кабинетінде орналастырылады.
  • Тестіге бір апта қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны немесе формат туралы ақпарат, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.
  • Емтихан кестесі «Маңызды күндер» бөлімінде жарияланған.
  • Емтихан нәтижесі талапкердің Жеке кабинетінде сақталады және қосымша жеке электрондық поштасына жіберіледі. Егер тестілеуден өту ережелері немесе шарттары бұзылған болса, талапкердің нәтижелері жойылады. Бұл жағдайда, талапкер конкурстан шығарылады.
  • Тест нәтижелері бойынша апелляция көзделмеген.
  • Дайындық бағдарламасының талапкерлері үшін NUET Назарбаев Университеті қаржысы есебінен өткізіледі.
Маңызды күндер

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 26 қыркүйек пен 6 желтоқсан аралығында өтеді.

  • IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2022 жылғы 1 наурыз
  • Қабылдау емтиханы - NUET: 2022 жылғы 3, 10 және 17 сәуір күндері
    Емтихан күні

     Қала

    2022 жылғы 3 сәуір

    Алматы

    Нұр-Сұлтан*
    2022 жылғы 10 сәуірАқтау
    Атырау
    Петропавл
    Павлодар
    Семей
    Талдықорған
    Көкшетау
    Шымкент
    2022 жылғы 17 сәуірАқтобе
    Қарағанды
    Орал
    Өскемен
    Тараз
    Қызылорда
    Қостанай
    Нұр-Сұлтан*
     * Талапкерлердің бір тобы 2022 жылғы 3 сәуір күні, ал екіншісі 17 сәуірде емтиханды тапсырады. Нұр-Сұлтан қ. тапсыратын талапкерлерге сәйкесті емтихан  күні емтиханға шақыруда көрсетіледі.
  • Қосымша IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификаттарын ұсыну - 2022 жылғы 25 сәуір күні.
  • Оқуға қабылдау: мамыр - шілде.
  • Құжаттардың қағаз нұсқаларын тапсыру: Университет сұранысына сәйкес, маусым - шілде.
  • Бағдарлау аптасы - кейінірек жарияланады.
  • Оқудың басталуы - кейінірек жарияланады.
  • Ақылы негізде оқуға тапсыру мерзімдері «Ақылы негізде оқуға түсу» бөлімінде орналастырылған.
Іріктеу конкурсы
  • Конкурстың алдыңғы кезеңінен тиісті балл алмаған талапкерлер келесі кезеңге жіберілмейді.
  • Үшінші кезеңде Қабылдау комиссиясы NUET және IELTS/TOEFL/Linguaskill емтихандарының нәтижелері негізінде талапкерлер рейтингін құрады. NUET бойынша ең жоғары жалпы баллы бар талапкерлерге басымдық беріледі. Егер NUET бойынша жалпы балл бірдей болған жағдайда, «Математика» пәні бойынша ең жоғары баллы бар талапкерлерге басымдық беріледі. «Математика» пәні бойынша балл бірдей болса, тілдік тест бойынша ең жоғары жалпы баллы бар талапкерлерге басымдық беріледі. Егер тілдік емтиханның жалпы ұпайы тең болса, басымдық тілдік тест бойынша секциялардың келесі тәртібі бойынша ең жоғары балл жинаған талапкерге беріледі: жазылым, оқылым, сөйлесім, тыңдалым. Бекітілген орын саны негізінде, Қабылдау Комиссиясы талапкерлерді Назарбаев Университетінің Дайындық мектебіне қабылдауға ұсынады.
  • «Назарбаев Университеті» білім гранты (мемлекеттік грант) аясында қабылдауға ұсынылған талапкерлер қатарына кірмеген, алайда қабылдау талаптарына сәйкес келетін талапкерлер күту тізіміне енгізіледі. Егер қабылдауға ұсынылған талапкерлер тізімінде бос орын пайда болса, күту тізімдегі талапкерлердің қабылдауға ұсынылуға мүмкіншілігі бар. Сондай-ақ, күту тізімдегі талапкерлер ақылы негізде оқуға қабылдануы мүмкін.
  • Іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өту Назарбаев Университетінің Дайындық мектебіне қабылдануға кепілдік бермейді.

Конкурстың әр кезеңінде талапкерге қойылатын статустардың сипаттамасы

Барлық тіркелген талапкерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы талапкердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.

Application in processing. Талапкердің өтінімі тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтінімдер мен құжаттарды тексеріп, қажет болған жағдайда келесі қадамдар туралы хабарлайды.

Needs to take NUET. Талапкерге NUET емтиханына келу қажеттілігін көрсету үшін емтиханның алдына қойылатын статус. Шақыру хат пен нұсқаулықтар емтиханға шамамен 5 күн қалғанда талапкердің электрондық поштасына жіберіледі. Емтихан кестесі «Маңызды күндер» бөлімшесінде қолжетімді.

Not allowed to take NUET.Талапкер емтихан алдындағы конкурс шарттарының сәйкес келмеуіне немесе бұзуына байланысты конкурстан шығарылды. Ол оқуға түсу конкурсына қатысуын тоқтатады.

Passed NUET. NUET-ті сәтті тапсырып, өту балларын алды.

Failed NUET. Талапкер NUET-тен өту баллын ала алмады. Ол оқуға түсу конкурсына қатысуын тоқтатады.

Missed NUET. Талапкер NUET-ке келмеді. Ол оқуға түсу конкурсына қатысуын тоқтатады.

Meeting entry examinations minimum requirements. Талапкердің тапсырған құжаттары және жинаған ұпайлары конкурстың ең төменгі талаптарына сәйкес келеді. Талапкер финалдық рейтингке енгізіледі және оған Университеттен хабарлама күту қажет. Егер ол емтихандарда жоғары балл жинаса, онда ол жақында оқуға шақыру алады. Егер балдар жоғары болмаса, онда хабарламаны күтуі керек, өйткені орындар босатылған жағдайда оқуға шақыру жіберілуі мүмкін.

Withdrawn. Талапкер өз қалауы бойынша конкурсқа қатысудан бас тартты. Бұл статус конкурс басталғаннан бастап кез келген уақытта қойылуы мүмкін.

Recommended for admission. Талапкер Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша оқуға қабылдау тізіміне ұсынылады және қабылдау шарттары бар оқуға шақыру алады.

Waiting list. Талапкер рейтингтегі төмен нәтижеге байланысты шақыру алушылар санына кірмеді. Егер бұрын ұсынылған талапкерлердің қайсыбірі оқуға қабылдаудан бас тартса, оқуға шақыру жіберілуі мүмкін. Егер бос орындар жоқ болған жағдайда, талапкер конкурстан шығарылады.

Accepted admission offer. Талапкер көрсетілген мерзімде оқуға шақыруды қабылдады және шақыруды алғаннан кейін келісімді растайтын нысанды тапсырып, кепілдік жарнаны төледі. Оқуға қабылдаудың келесі шарттары:

  1. Кепілдік жарнаны төлеу
  2. Қажетті құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру
  3. Білім беру қызметтері туралы келісім-шартқа қол қою
  4. Жаңадан келген студенттерге Дайындық мектебі өткізетін бағдарлау апталығына қатысу

Refused admission offer.Талапкер оқуға шақыру алғаннан кейін оқуға қабылдаудан бас тарту нысанын толтырды немесе оқуға қабылдау шарттарын орындамады

Refused in favor of UG. Бұл статус NUFYP бағдарламасына да, бакалавриат бағдарламасына конкурсқа қатысып жатқан талапкерлерде кездеседі. Талапкер бакалавриат бағдарламасының пайдасына NUFYP бағдарламасынан бас тартты. Бұл статус талапкер NUFYP бағдарламасына шақыру хатынан жазбаша бас тартқаннан кейін немесе егер талапкер күту парағында болса немесе NUFYP бағдарламасына шақыру хатын алғанға дейін бакалавриат бағдарламасында оқуға жазбаша келіссе қойылады. Соңғы жағдайда талапкерге шақыру хаты жіберілмейді және оған бұл статус автоматты түрде қойылады.

Rejected by Admissions Committee. Қабылдау комиссиясы шешімімен оқуға қабылдау үшін бос орындардың болмауына және конкурстық іріктеудің аяқталуына байланысты талапкер конкурстан шығарылды.

Guarantee fee paid. Талапкер оқуға шақыру алғаннан кейін кепілдік жарнаны төледі.

Did not submit the documents/Refused. Талапкер көрсетілген мерзімде құжаттарды ұсынбаған. Бұл талапкердің Университетте оқудан бас тартатынын білдіреді.

Did not come to Orientation week/Refused. Бағдарлау апталығына келмеді, яғни абитуриент Университетте оқудан бас тартады.

Enrolled. Талапкер Провост шешімімен Университетке қабылданды. Бұл статус оқуға қабылдау туралы шешім тіркелгеннен кейін қойылады. Студент мәртебесіне көшер алдында талапкер ретіндегі соңғы статус.

Disqualified. Талапкер емтиханда немесе конкурс барысында Қағидаларды немесе талаптарды бұзуына байланысты шеттетілді. Мысалы, емтиханда көшірді немесе көрінеу жалған ақпарат берді.

Талапкерлерді оқуға қабылдау

Оқуға қабылдау келесі реттілік бойынша жүзеге асырылады:

Талапкерлерді оқуға қабылдауға ұсыну. Оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлерге “Recommended for admission” статусы беріледі. Жеке кабинеттегі “Admission results” бөліміне кіріп, талапкерлер оқуға шақыруды және басқа маңызды құжаттарды көреді. Соңғы мерзімдері мен талаптары көрсетілген құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлердің электрондық пошталарына жіберіледі;

Талапкерлердің оқуға келісіу. Талапкерлер 30 000 теңге көлеміндегі кепілдік жарнаны төлеп, оқуға қабылдауға келісім нысанына және кепілдік жарнасын төлеу нысанына Жеке кабинетте қол қою керек. Кепілдік жарна талапкерге келісім-шартқа қол қойғаннан кейін және оқу басталғаннан кейін қайтарылады;

Оқуға қабылдануға құжаттарды ұсыну және келісім-шартқа қол қою. Талапкерлер Университет департаменттеріне құжаттарды Хабарлама-хатта көрсетілген мерзімге дейін тапсыру тиіс, сондықтан құжаттарды тапсыру талаптарын Хабарлама-хатта мұқият оқу қажет. Барлық құжаттар Университетке қағаз және электронды түрінде және белгіленген мерзімде тапсырылады. Сонымен қатар, талапкерлер Дайындық мектебімен келісім-шартқа қол қояды;

Бағдарлау аптасына қатысу. Оқудың басталуына дейін, барлық талапкерлер Бағдарлау аптасына қатысады;

Оқуға қабылдау. Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін, талапкерлер Университетке қабылданыды. Оқуға қабылдау НУ Провостының шешімімен рәсімделеді.

 

Университетке қабылдану үшін Студенттерді оқуға қабылдау департаментіне тапсыратын қажетті құжаттар пакеті Құжаттарды тапсыру нұсқаулығында көрсетіледі.

Егер қосымшасы бар аттестаттың/дипломның түпнұсқасы қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде болмаса, одна қосымша осы құжаттың ағылшын тілінде нотариалды куәләндырылған аудармасынын сканерлеген нұсқасын ұсыну қажет. Қабылдауға қажетті құжаттар пакетін уақытында тапсырмаған талапкерлер конкурсқа қатысу мүмкіндігінен айырылады.

Университет шетелдік талапкерлер және азаматтығы жоқ талапкерлерден қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.

Университетке тапсырылған құжаттар қайтарылмайды. Тек қана қосымшасы бар жалпы орта білім (аттестат және қосымша) немесе техникалық және кәсіптік білім туралы (диплом және қосымша) құжаттың ресми түпнұсқасы оқуды бітіргеннен кейін немесе Университеттен шығарылғаннан кейін қайтарылады.

Ақылы негізде оқуға түсу

Ақылы негізде оқуға түсу үшін тіркелу: 2022 жылғы 1 наурыз бен 30 маусым аралығында

Ақылы негізде оқуға түсу конкурсына келесі талапкерлер қатыса алады:

  • ағымдағы жылдың мемлекеттік гранты аясында оқуға түсу конкурсына қатысқан, алайда грантқа оқуға түспеген, бірақ күту тізіміне енгізілген талапкерлер;
  • admissions.nu.edu.kz порталында тіркелуден өткен және IELTS/ TOEFL/Linguaskill және, SAT/AСT емтихандарын өз бетінше тапсырып, төменде көрсетілген кестедегі ең төменгі талаптарға сай нәтижелері бар талапкерлер:

Тест атауы

Балл

Түсініктеме

Тесттерді тапсыру соңғы мерзімдері

1.1

SAT

1140

 

2022 жылғы 7 мамыр

немесе

1.2

ACT

24

 

2022 жылғы 11 маусым

ЖӘНЕ

2.1

Academic IELTS

6.0

Әр секция бойынша 5.0

2022 жылғы 30 маусым

немесе

2.2

TOEFL iBT

60

жазылым - 16

оқылым - 6

сөйлеу - 15

тыңдалым - 5

2022 жылғы 30 маусым

немесе

2.3Linguaskill170Әр секция бойынша 1612022 жылғы 30 маусым

*TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері конкурста қарастырылмайды.

IELTS/TOEFL/Linguaskill тесттері Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылуы қажет. Linguaskill сертификаты суперскорингсіз қарастырылады. Бөлімшелер бойынша ең жоғары баллдары көрсетілген жинақы сертификат қабылданбайды.

Емтихан нәтижелері Назарбаев Университеті кодын (Institutional Code) пайдалана отырып, тест әкімшісі арқылы Университет атына жіберілуі қажет:

  • Nazarbayev University – IELTS үшін
  • 6762 – TOEFL үшін
  • Nazarbayev University - Linguaskill үшін
  • 7915 – SAT үшін
  • 5521 – ACT үшін

 

Талапкерлердің Жеке кабинетінде IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық Нұсқаулық қолжетімді.

Ұсынылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2022 жылғы 1 тамызға дейін жарамды болу керек.Нәтижелердің қолданылу мерзімдері SAT тестінен басқа, әр тесттің тиісті ресми сайтында беріледі. Конкурстық іріктеу шеңберінде SAT сертификатының қолданылу мерзімі тест тапсырған сәттен бастап үш жыл болып есептеледі.

IELTS/TOEFL/Linguaskill және SAT/ACT нәтижелерін ұсынудың соңғы мерзімі: 2022 жылғы 11 шілде

Оқуға қабылдау: 2022 жылғы шілде

Құжаттарды қағаз түрінде тапсыру: сұраныс бойынша, 2022 жылғы шілде

Оқуға қабылдау ақпараты «Оқуға қабылдау» бөлімінде қолжетімді.

 

Университетке ақылы негізде қабылдану үшін Студенттерді оқуға қабылдау департаментіне тапсыратын қажетті құжаттар пакеті Құжаттарды тапсыру нұсқаулығында көрсетіледі.

Егер қосымшасы бар аттестаттың/дипломның түпнұсқасы қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде болмаса, одна қосымша осы құжаттың ағылшын тілінде нотариалды куәләндырылған аудармасынын сканерлеген нұсқасын ұсыну қажет. Қабылдауға қажетті құжаттар пакетін уақытында тапсырмаған талапкерлер конкурсқа қатысу мүмкіндігінен айырылады.

Университет шетелдік талапкерлер және азаматтығы жоқ талапкерлерден қосымша құжаттарды сұрауға құқылы.

Университетке тапсырылған құжаттар қайтарылмайды. Тек қана қосымшасы бар жалпы орта білім (аттестат және қосымша) немесе техникалық және кәсіптік білім туралы (диплом және қосымша) құжаттың түпнұсқасы оқуды бітіргеннен кейін немесе Университеттен шығарылғаннан кейін қайтарылады.

Пайдалы ресурстар

Негізгі тармақтар

Толық ақпарат

Linguaskill

  • Тест туралы қысқаша ақпарат осында.
  • Тест туралы толық ақпарат Cambridge Assessment English сайтында.
  • Тестті Linguaskill тестінің ресми ұйымдастырушысы болып табылатын кез-келген аймақтағы Тест Орталығында тапсыруға болады. Алайда, тест Тест Орталығында тікелей қатысумен арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылған болу қажет. UStudy-да тестке тіркелу туралы толығырақ ақпаратты осында алуға болады.

NUFYP Entrance Test

Пайдалы бейнероликтер

Назарбаев Университеті жыл сайын потенциалды талапкерлер үшін академиялық бағдарламалар мен түсу талаптары туралы, НУ -да оқудың ерекшеліктері және оқытудан кейінгі мүмкіндіктер туралы ақпарат беретін Ашық есік күні шарасын өткізеді. Биылғы жылы бұл шара виртуалдық форматта өтті. Ашық есік күніне арнап дайындалған НУ профессорлары мен қызметкерлерінің пайдалы видеоларға қол жеткізу үшін open.nu.edu.kz сілтеме бойынша өтуге болады.

Қағидалар

Назарбаев Университеті Университет алдындағы дайындық бағдарламасына оқуға қабылдау қағидаларына сілтеме.

Foundation және бакалавриат бағдарламаларының айырмашылығы

Foundation және бакалавриат бағдарламаларының айырмашылығы туралы ақпаратты алу үшін мына сілтемені басыңыз.

НУ-дағы қызметтер

Дайындық мектебінің тестілеу орталығы Назарбаев Университетінде тілдік және дайындық курстарды ұсынады. Ақпаратпен танысу үшін мына сілтемені басыңыз.

Шарттар

Назарбаев Университетінде Білім беру қызметтерін көрсету талаптарымен танысу үшін мына сілтемені басыңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтармен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.