Жаңа жібек жолы Университеттері Альянсы (UASR)

Жаңа жібек жолы Университеттері Альянсы (UASR) – жоғары білім беру саласындағы ашықтық пен халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым. UASR Ұлы Жібек жолының тарихи жолында орналасқан елдердің жоғары оқу орындарын біріктіреді.

«Бір белдеу – бір жол» Қытай Халық Республикасы Үкіметі стратегиясының аясында Сиань көлік университеті (ҚХР) 2015 жылдың қаңтар айында Азия, Еуропа және Америка елдерінің шетелдік және отындық университеттерімен бірлесіп Альянс құру үшін «Жібек жолының Академиялық белдеуі» бағдарламасына бастамашылық етті.

Миссиясы

Альянс жоғары білім беру, студенттермен алмасу, олардың білім беру тәжірибесін, мәдениетаралық коммуникациясын жетілдіру, сондай-ақ бірлескен жобалар мен зерттеулерді дамыту, студенттер арасында өзара түсіністік пен достықты нығайту, олардың таланттарын дамыту және Жібек жолының тарихи бағдарында және заманауи Еуразия аймағында орналасқан елдердің экономикалық өсуіне жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Альянстағы мүшелік

Қазіргі кезде 38-ке жуық ел мен аймақтың 150 Университеті, оның ішінде Сиань Транспорттық Университеті, Ливерпуль Университеті, Сингапур Ұлттық университеті, Харбин технологиялық Институты, Гонконг политехникалық Университеті, Милан техникалық Университеті, Мәскеу Энергетикалық Институты, Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Сент-Луистегі Вашингтон Университеті, Калифорния Мемлекеттік Нортридж Университеті және басқалары Альянстың мүшелері болып табылады.

UASR Альянсының Атқарушы Кеңесінің мүшелері

  1. Сиань транспорттық университеті (Қытай)
  2. Харбин технологиялық институты (Қытай)
  3. Гонконг политехникалық университеті (Қытай)
  4. «Мәскеу Энергетикалық Институты» Ұлттық зерттеу университеті (Ресей)
  5. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Ресей)
  6. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
  7. Назарбаев Университеті
  8. Жаңа Оңтүстік Уэльс университеті (Австралия)
  9. Centrale-Supelec университеті (Франция)
  10. Ливерпуль Университеті (Ұлыбритания)
  11. Милан техникалық Университеті (Италия)
  12. Бенха университеті (Египет)
  13. Сабанджи университеті (Түркия)
  14. Н.Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті (Қырғызстан)
  15. Ұлттық ғылым және технологиялар университеті (Пәкістан)
  16. Берлин техникалық университеті (Германия)
  17. Сингапур Ұлттық университеті (Сингапур)
  18. Пусан ұлттық Университеті (Оңтүстік Корея)

Альянс туралы толығырақ ақпарат мұнда