Коммерциялық қызметтер

  • IT технологиялар және ақпаратты-кітапханалық қызметтері

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесі («NULITS» ЖМ) ұйым қызметінің үдерісіне қолдау көрсететін ақпараттық жүйелерді, технологиялар мен сервистерді енгізуді, сүйемелдеуді және дамытуды жүзеге асырады, сонымен қатар «Назарбаев Университеті» Ғылыми кітапханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының ЖОО кітапханашылары үшін «ЖОО кітапханашыларының жұмысындағы заманауи технологиялар мен тәсілдер» бағдарламасы бойынша тренингтер өткізеді. IT технологиялары мен ақпараттық-кітапханалық қызмет саласында қызмет көрсету бойынша барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды мына электронды мекенжайға жіберіңіздер: events_nulits@old.nu.edu.kz. Көрсетілетін қызметтердің толық тізімін мұнда табуға болады.

  • Іс-шараларды ұйымдастыру

«UniversityServiceManagement»жеке мекемесі қазіргі заманға сай жарық және салқындату жүйесі, проекторлар, ілеспе аударма сияқты жоғары технологиялық прензентация құрал-жабдығы мен басқа да техникалық құрал-жабдықтары бар,заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкес жабдықталған конференц-залдарда түрлі деңгейдегі бизнес іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу қызметтерін ұсынады. Сондай-ақ кофе-брейктер мен фуршеттерді ұйымдастыруға арналған бірнеше холл бар.
Жалға мынадай үй-жайлар беріледі:
• Конференц-залдар
• Семинарларға арналған аудиторийлер/кабинеттер
• Атриум мен холл(көрмелерді өткізу үшін)
• Кафетерийлер

  • Үй-жайларды жалға беру

«Назарбаев Университеті» кампусының инфрақұрылымы коммерциялық мақсатта сервистік қызметтерді көрсету үшін жалға беруге арналған бірнеше тұрғын емес үй-жайларды ұсынады.
Университеттің кампусында үй-жайларды жалға берушілермен көрсетілетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің әлеуетті тұтынушылары ретінде тек қана студенттер ғана емес, сонымен қатар шетелдік оқытушы-профессорлар құрамы, Университеттің қызметкерлері мен келген қонақтар да болуы мүмкін.
«UniversityServiceManagement» жеке мекемесі кампустағы үй-жайларды жалға берудің мақсатты пайдаланылуын қарастырады:
• Кафетерийлер
• Дәріхана
• Азық-түлік дүкені
• Көшіру орталығы
• Кір жуатын жер
• Сұлулық салоны
• Аяқ киім/сағат жөндеу
• Медициналық орталық/стоматология және т.б.

Іс-шараларды ұйымдастыру және үй-жайларды жалға беру бойынша өтінімдер мен ұсыныстарды usmcomments@old.nu.edu.kz электрондық мекенжайына жібере аласыздар.

 

Главный атриум Назарбаев Университета