Foundation бағдарламасы

  • NUFYP бағдарламасы туралы

NUFYP нені білдіреді?

NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университеті Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. Қысқаша атауы - Foundation. Бағдарламаның мақсаты тыңдаушыларды Назарбаев Университеті сияқты ғылыми-зерттеу университетінің бәсекелестік ортасында білім алуына дайындау. Бағдарлама аясында тыңдаушылар академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі, математика, тұлғалық даму модулі және әртүрлі таңдау бойынша пәндерден сабақ алады. Басқаша айтқанда, бағдарлама тыңдаушыларды ағылшын тілді академиялық ортаға тез бейімделуге және болашақ мамандығын анықтауға көмектеседі, сондай-ақ бакалавриат бағдарламаларына еш қиындықсыз өтуді қамтамасыз етеді. Білім алу Назарбаев Университетінің Дайындық мектебінде өтеді.

Мен 10 сынып оқушысымын, NUFYP бағдарламасына оқуға түсе аламын ба? 

Жоқ, оқуға түсе алмайсыз. NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына тек қана соңғы сынып/курс білім алушылары және орта білім беру ұйымының/орта білімнен кейінгі ұйымдардың түлектері қатыса алады. Басқаша айтқанда, NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін сіз бітіруші (соңғы) сынып/курс оқушысы немесе мектеп немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлегі болуыңыз керек. Растау үшін талапкерлерден мектептен анықтама немесе мектеп аттестаты талап етіледі.

Назарбаев Университетінің NUFYP бағдарламасында және орта мектепте қатар оқи аламын ба? 

Бұл мүмкін емес. NUFYP бағдарламасының тыңдаушысы НУ-ға оқуға түсер кезде және білім алу барысында орта білім беру ұйымы/орта білімнен кейінгі ұйым түлегі болуы керек. NUFYP бағдарламасы күндізгі оқу нысаны түрінде оқытылады. 

 

Назарбаев Университетінде оқыту қай тілде жүргізіледі?

Университетте оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

 

  • NUFYP бағдарламасына оқуға түсу үшін қабылдау талаптары

Назарбаев Университетіне оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет пе?

Назарбаев Университетіне оқуға түсуде ҰБТ балдары есепке алынбайды. NUFYP талапкерлері үшін 2022 жылдың конкурстық іріктеуінде IELTS/TOEFL/Linguaskill және NUET нәтижелері қарастырылады. Емтихандар ағылшын тілінде өткізіледі. NUET емтиханы туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады.

Назарбаев Университетіне оқуға түсу үшін аттестаттың орташа баллы қандай болуы қажет?

Назарбаев Университетіне оқуға түсерде аттестат бағалары немесе «Алтын белгі» иегерлігі ескерілмейді. NUFYP талапкерлері үшін 2022 жылдың конкурстық іріктеуінде IELTS/TOEFL/Linguaskill және NUET нәтижелері қарастырылады. NUET емтиханы туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады. 

NUFYP бағдарламасының конкурсы қанша кезеңнен тұрады?

Талапкерлерді іріктеу конкурсы келесі кезеңдерден тұрады:

1. I кезең – онлайн өтінім тапсыру (қыркүйек-қараша);

2. II кезең – қабылдау емтиханы (ақпан - наурыз). 

3. III кезең – II кезеңде қажетті балдарды жинаған және ағылшын тілі тест нәтижелері бойынша талапкерлердің құжаттарын қарастыру (сәуір-мамыр);

4. Құрылатын рейтинг негізінде талапкерлерге оқуға қабылдану туралы хабарлама-хаттарды жіберу (мамыр-шілде);

5. Оқуға қабылдау үшін талапкерлерден құжаттардың түпнұсқасын қабылдау (Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің сұранысы бойынша, маусым-шілде).

Талапкердің қабылдау емтихандарында қажетті ең төменгі өту балдарын жинауы NUFYP бағдарламасына автоматты түрде түсуге және грантты иеленуге кепілдік бермейді. Талапкерлер жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бөлетін грант санына байланысты мемлекеттік гранттарды тағайындау конкурсына қатысады. Басқа гранттар бойынша квоталарды Университет анықтайды. 

*Күту тізімінде тұрған талапкерлер оқудың басталуына дейін бос орындар пайда болған жағдайда (басқа талапкерлер оқудан бас тартса), оқуға шақыру алуы мүмкін.

Қабылдау емтихандары  туралы ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.

NUFYP бағдарламасына оқуға түсу үшін әрекеттер реті қандай?

Конкурсқа қатысуға тіркелу үшін, талапкерге келесі іс-шаралар реттілігін сақтау қажет:    

  1. https://admissions.nu.edu.kz/ порталында тіркелу және Жеке кабинет ашу;
  2. Тіркелу жарнасын төлеу (сомасы қайтарылмайды);
  3. Сауалнама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды тапсыру;
  4. «SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді тапсыру процесін аяқтау; 
  5. IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификат нәтижелерін ұсыну; 
  6. Келесі  әрекеттер. Студенттерді оқуға қабылдау департаменті жіберетін ақпаратты жіберіп алмау үшін сауалнама нысанында көрсетілген электрондық поштаны және өтінім статусын көру үшін Жеке қабинетті үнемі тексеру қажет. 
NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін тіркелу жарнасы қандай?

NUFYP бағдарламасына өтінім беру кезінде тіркелу жарнасы 3000 теңгені құрайды. Бұл сома қайтарылмайды. Тіркелу жарнасы талапкердің Жеке кабинетінен интернет арқылы төленуі қажет. Қаражатты банк арқылы аудару жолымен төленген тіркелу жарнасы қабылданбайды.

  • Талапкердің сауалнама нысаны және Жеке кабинеті

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім тапсыру үшін NUFYP бағдарламасының сауалнама нысаны қайда орналасқан?

https://admissions.nu.edu.kz/ порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажет ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат» бағдарламасын таңдау кажет, одан кейін - Foundation program таңдаңыз.

Сауалнама нысанын бір күн ішінде толтыру қажет пе? 

Жоқ, сауалнама нысанын онлайн өтінімдерді қабылдаудың жабылуына дейін  бірнеше рет толтыра аласыз. Бұл жағдайда, енгізілген деректерді «Save» батырмасын басу арқылы сақтап отыру қажет. Сіз толтырған сауалнама нысаны Жеке кабинетіңізде сақталады және онда соңғы өзгерістер енгізілген күн мен уақыт көрсетілетін болады. Келесі жолы сауалнама нысанын толтыруға оралғанда, жаңасын бастамай, сақталғансауалнама нысанын таңдау қажет. Толтыруды аяқтаған кезде, «Upload» батырмасын басуды ұмытпаңыз.

 

  • Емтихандар қалай өтеді?

Linguaskill тест нәтижелері қарастырылады ма? Бұл тестті қайда тапсыра аламын?

Иә, Linguaskill нәтижелері конкурста қарастырылады. Бұл тестті Қазақстанның 18 аймақтық UStudy тест орталықтарында тапсыруға болады.

Linguaskill тест нәтижелерін қалай ұсына аламын?

(UStudy) Тест орталығында тіркелу кезінде НУ сіздің тест нәтижелерін алушы ретінде көрсету және НУ-дің Жеке кабинетіне нәтижелерін енгізу. 

IELTS/ TOEFL нәтижелерін қалай ұсына аламын?

Егер емтихан нәтижеңіз ең төменгі талаптарға сай келсе, көрсетілген мерзімге дейін: 

  • Сертификаттың электрондық нұсқасына тапсырыс беру қажет. Сертификат Назарбаев Университетіне Тест әкімшісі арқылы жіберілуі тиіс (British Council, ETS және т.б.). 

Түсіндірме: IELTS/TOEFL тестіне тіркелу кезінде талапкер сертификаттардың электронды нәтижелерін жіберу үшін бірнеше университетті көрсете алады. «Nazarbayev University»  (IELTS үшін) және «6762» (TOEFL үшін) кодын көрсету арқылы Назарбаев Университетіне сертификатты жіберуге тапсырыс беруге болады. Әр сертификаттың реттік нөмірі (TRF) арқылы университеттер нәтижелердің дәлдігін тексере алады. Егер талапкер IELTS/TOEFL емтиханын тапсырмас бұрын НУ-ға электронды тегін жіберілімді белгілеп қоймаса, Тест орталығына хабарласу арқылы ақылы негізде сертификатқа тапсырыс бере алады. 

  • Жеке кабинетке сертификат мәліметін және оның сканерленген көшірмесін жүктеу қажет. TRF/Appointment number енгізгеннен кейін басқа деректер автоматты түрде толтырылады. Егер деректер автоматты түрде пайда болмаса, сізде келесі қателердің бірі болуы мүмкін: 1) Тест әкімшісінен ресми электронды нәтижелер НУ-ға түскен жоқ, 2) сауалнамада қателер бар, 3) сертификатта қателер бар. Маңызды: сертификаттың сканерленген көшірмесін Университеттің электрондық поштасына және қағаз түріндегі түпнұсқасын пошта арқылы жіберудің қажеті жоқ. 

TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері конкурста қарастырылмайды.

Ұсынылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы - 2022 жылғы 1 тамызға дейін жарамды болуы керек.

IELTS/TOEFL сертификатын ұсынудың соңғы мерзімін сайттан қарауды сұраймыз.

IELTS үшін Superscoring бар ма?

Жоқ, IELTS үшін Superscoring (екі немесе одан да көп сертификаттың барлық емтихандық бөлімдеріндегі ең жоғары ұпайларды қолдану арқылы ең жоғары жалпы балды алу) қолданылмайды. Бірақ, бекітілген мерзімге дейін сіз конкурсқа қалауыңызға қарай бірнеше сертификат ұсына аласыз. Назар аударыңыз, конкурста соңғы ұсынылған/жүктелген сертификат қарастырылады, ал бұған дейін ұсынылған сертификаттың мәліметтері жойылады.

Қосымша IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификатын ұсынудың мерзімі қандай?

Қосымша IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификатын ұсыну мерзімін “Маңызды күндер” бөлімінде сілтемеде қадағалауға болады.

Өткен жылдардағыдай, Назарбаев Университеті есебінен IELTS тесті өткізіле ме?

Назарбаев Университеті есебінен IELTS емтиханы өткізілмейді. Конкурс аясында талапкерлер өздері тапсырған IELTS/TOEFL/Linguaskill нәтижелерін   бекітілген мерзімге дейін NUET емтиханға жіберім алу үшін ұсыну қажет.

NUET емтиханынан босатылу үшін SAT тест нәтижелерін ұсынуға бола ма?

SAT  нәтижелері NUFYP бағдарламасына грантқа оқуға түсу конкурсында қарастырылмайды.

NUET дегеніміз не?

NUFYPET атауы NUET (Nazarbayev University Entrance Test) болып өзгертілді. Тест форматы және мазмұны NUFYPET-тегідей болып қалады.

NUET бойынша оқу материалдарын қайдан табуға болады?

NUET дайындық материалдары сілтеме бойынша қолжетімді. Сонымен қатар, олар Дайындық мектеп сайтында жарияланды. 

Оқуға түсер кезде қай емтиханның нәтижелері маңыздырақ: IELTS/TOEFL/Linguaskill немесе NUET?

Талапкерлер рейтингте біріншіден NUET нәтижелері бойынша, кейін IELTS/TOEFL/Linguaskill бойынша қарастырылады. 

NUET және IELTS/TOEFL/Linguaskill нәтижелері бірдей талапкерлер қалай қарастырылады?

Алдымен, Қабылдау комиссиясы NUET секциялары бойынша балдарды қарастырады, жалпы балл бірдей болған жағдайда, «Математика» пәні бойынша ең жоғары балы бар талапкерлерге басымдық беріледі. Ал одан кейін ғана IELTS/TOEFL/Linguaskill балдары қарастырылады. Егер тілдік емтиханның жалпы ұпайы тең болса, басымдық секциялардың келесі тәртібі бойынша ең жоғары балл жинаған талапкерге беріледі: жазылым, оқылым, сөйлесім, тыңдалым.

  • Конкурс

NUFYP бағдарламасының Қабылдау комиссиясына кім кіреді?

Қабылдау комиссиясының құрамы Университеттің әріптес жоғары оқу орындары өкілдерін және Университет Мектептерінің өкілдерін қоса алғанда Университет қызметкерлерінен тұрады.

Конкурс нәтижелері қашан шығады?

NUFYP конкурсының бірінші нәтижелері мамыр айында шығады. Емтихан нәтижелері бойынша рейтингтің басында орналасқан талапкерлер Назарбаев Университетіне оқуға шақырту алады. Мемлекеттік гранттар саны жыл сайын шамамен мамырда шығатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен анықталады. Емтихандар бойынша қажетті балдарды жинаған, бірақ оқуға шақырту алмаған талапкерлер күту тізімінде қалады. Гранттар босаған кезде күту тізімінен талапкерлер рейтингіге сәйкес бос орындарға көтеріледі. Осыған орай, оқуға шақыру оқу басталған уақытқа дейін созылуы мүмкін.

NUFYP бағдарламасына қанша грант бөлінеді?

2021 жылы 600 мемлекеттік грант бөлінді. Мемлекеттік гранттар саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайын мамыр айында шығатын Қаулысымен анықталады. Гранттар талапкерлердің рейтингісіне сәйкес, қабылдау емтихандарында жинаған балдарына байланысты бөлінеді. Қабылдау емтихандарындағы ұпай неғұрлым жоғары болса, грант алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Ақылы оқуға қанша орын бар?

2021 жылы шамамен 50 орын бөлінеді.

Ақылы негізде оқу үшін бірінші кезекте кім қарастырылады: тікелей ақылы негізде оқуға өтінім тапсырған талапкерлер ме әлде грантқа тапсырған, бірақ күту тізімінде қалған талапкерлер ме?

Тікелей ақылы негізде оқуға өтінім тапсырған талапкерлерге басымдық беріледі. Егер бос орындар қалса, грант алуға өтінім берген, бірақ күту тізімінде тұрған талапкерлерге ақылы негізде оқуға конкурсқа қатысу ұсынылады.

NUFYP және бакалавриат - екі бағдарламаға өтінімді қатар тапсыруға бола ма?

Талапкерлер екі бағдарламаға да қатар өтінім тапсыра алады. Бірақ, егер бір бағдарламаға оқуға қабылдануға келісім берілсе, талапкерлер басқа бағдарламаның конкурсынан шығарылады. 

Егер NUFYP және бакалавриат бағдарламаларына өтінім тапсырсам және бағдарламалардың біріне оқуға шақырту алсам, екінші бағдарлама конкурсынан автоматты түрде шығарылымын ба?

Жоқ, шығарылмайсыз. Талапкер бағдарламалардың біріне немесе екеуіне де оқуға шақыру хатын ала алады. Екінші жағдайда, сізге таңдау жасау керек болады. Егер талапкер бір бағдарламаның оқуға шақыруын қабылдаса, бұл басқа бағдарлама конкурсынан қатысудан бас тарту болып есептеледі және ол автоматты түрде екніші бағдарлама конкурсынан шығарылады.

 

 

Егер  NUFYP және бакалавриат бағдарламаларына өтінім тапсырсам және бағдарламалардың біріне өтсем, екінші бағдарлама конкурсынан автоматты түрде  шығарылымын ба? 

Иә, сіз екі бағдарламаның біреуін таңдай аласыз. Нәтижелер әр түрлі уақытта шығатындықтан, сізге бағдарламаны алдын-ала таңдау қажет болады, өйткені бір бағдарламаға оқуға қабылдануға келісім берілсе, талапкерлер басқа бағдарлама конкурсынан шығарылады. 

NUFYP бағдарламасында оқуды бітіргеннен кейін бакалавриат бағдарламасына өту үшін IELTS немесе NUET емтихандарын қайта тапсыруым керек пе?

NUFYP оқу жоспарында көрсетілген курстарды аяқтағаннан кейін, сіз Дайындық мектебі өткізетін қорытынды емтихандарды тапсырасыз. Бакалавриат бағдарламасына өту емтихандарда жинаған балдарға байланысты жүзеге асырылады.