Аккредитация мен Институционалдық бағалау

Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасы халықаралық аккредитациядан табысты өтті
Академиялық мақсатттағы ағылшын тілі (EAP)
Соңғы бір жарым жыл ішінде Назарбаев Университетінің Дайындық мектебі Университет алдындағы дайындық бағдарламасының академиялық мақсаттағы ағылшын тілі курстарын (NUFYP EAP) аккредиттеу мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізді: «Академиялық мақсаттағы ағылшын тілінің негіздері» (FEAP 010 және 020) және «Тұлғаның өсу модулі» (FPDM 010 & 020).
2020 жылдың ақпан айында NUFYP EAP бағдарламасын академиялық мақсаттағы ағылшын тілі оқытушыларының Британдық қауымдастығы (BALEAP) бағалады. BALEAP - бұл ағылшын тілі саласындағы кәсіби мамандардың ғаламдық қоғамдастығы, сондай-ақ тіркелген компания және коммерциялық емес ұйым болып табылады. BALEAP-тың мақсаты - EAP аккредитациялау бағдарламасын ұсыну жолымен қосымша және жоғары білім беруде академиялық мақсаттағы ағылшын тілін үйрету мен оқыту сапасын жақсарту.
Дайындық мектебі BALEAP-тың Назарбаев Университетінің Дайындық мектебі Университет алдындағы дайындық бағдарламасының академиялық мақсаттағы ағылшын тілі курстарын төрт жылға толық аккредиттелгенін растауын қуана хабарлайды.
Осы аккредиттеу Бағдарламаның халықаралық деңгейде беделін көтереді және НУ-дың Дайындық мектебіне көрсетіп отырған пайымы мен қолдауын растайды. 100-ден астам университет BALEAP қауымдастығының мүшесі болып табылады, олардың арасында біз аккредитация алғандардың отызыншысымыз. Times HE & QS рейтингі бойынша осы отыз университеттің 10-ы әлемдегі таңдаулы жүз университеттің қатарына кіреді.
BALEAP ресми сайтының ақпаратына сәйкес:
BALEAP аккредиттеу сапары уақытында EAP-та оқитын студенттің жалпы тәжірибесін бағалайды. Атап айтқанда, студенттер университетке келгенге дейін алынған ақпарат және бағдарлау бағдарламасы уақытындағы жүзеге асырылған көрсетілген қолдау бағаланады; сондай-ақ студенттің оқу тәжірибесі және білімі бағаланады және ақыр соңында студенттердің университет өміріне бейімделуі бағаланады. Егер бағдарлама BALEAP аккредитациясынан табысты өткен болса, онда бұл студенттер үшін EAP бағдарламасының білім беру деңгейінің жоғары екендігінің көрсеткіші.
BALEAP аккредиттеген ұйымдардың студенттерді олар да BALEAP қатаң стандарттарына сәйкес келетін басқа бағдарламалардан қабылдау мүмкіндігі Бағдарламаға ерекше мән береді.
Дайындық мектебі өзінің жаңа мәртебесін «Аккредиттелген курс» логотипін веб-сайтқа BALEAP аккредитациялау парағына сілтеме және аккредиттеу туралы куәлікті орналастыру арқылы растай алады.
Осындай көрнекті жетістікке біздің оқытушыларымыздың, әкімшілік қызметкерлер мен студенттеріміздің үлесінсіз қол жеткізу мүмкін емес еді. Біз олардың барлығына алғыс айтамыз. Бірақ аккредиттеу процесін басқару мен оны іске асыруда маңызды рөл атқарған доктор Лоуренс Кинселланы ерекше атап көрсету керек. Ол, әсіресе аккредитацияны қысқа уақыт ішінде алуға қосқан үлесі үшін құрметке лайықты.
Дайындық мектебі жұмысын жалғастыруда және әрі қарай дамуды жоспарлап отыр: біз академиялық ағылшын тілін оқытуда халықаралық деңгей мен танымалдыққа қол жеткіздік; біздің болашақ мақсатымыз - біздің өңір мен әлемдік деңгейдегі студенттер үшін дайындық бағдарламаларының арасында №1 таңдау болу.
BALEAP Аккредиттеу есебін осы сілтеме бойынша алуға болады.
BALEAP және аккредиттеу туралы қосымша ақпарат алу үшін: BALEAP

Мемлекеттік және муниципалды үкіметтік аккредиттеу бағдарламаларының Еуропалық қауымдастығы (EAPAA)
Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) магистратура бағдарламаларын Еуропалық мемлекеттік және муниципалдық басқару саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу қауымдастығы (EAPAA) аккредиттеген. Бұл аккредиттеуден өту ЖМСМ бағдарламаларының ең жақсы еуропалық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтіндігін білдіреді.
Еуропалық университеттердің сыртқы рецензенттер тобы ұсынылған өзіндік бағалау құжаты және ЖМСМ сапары негізінде ЖМСМ бағдарламаларын қарады. Сыртқы рецензенттер құрамына үш еуропалық сарапшы, жергілікті маман және Назарбаев Университетінің түлектері кірді. Берілген ақпаратты тексеру үшін сыртқы рецензенттер студенттер, оқытушылар, әкімшілік қызметкерлер және НУ жоғарғы басшылығы арасында сауалнама жүргізді. Өзіндік бағалау туралы құжаттың және ЖМСМ-ге бару негізінде EAPAA Аккредиттеу комитеті Мектеп еуропалық стандарттарға сәйкес деген қорытынды жасады.
EAPAA-дың аккредиттеуі еуропалық стандарттардың жоғары сапасына кепілдік береді. ЖМСМ стандарттар мен сәйкестіктердің деңгейін қолдауға және үнемі арттыруға ұмтылады және болашақта жаһандық аккредиттеуден өтуді жоспарлап отыр.

EUA IEP бойынша институционалдық бағалау
Назарбаев Университеті 2017-2020 жылдар аралығында академиялық сапа, ғылыми-зерттеу қызметі мен стратегиялық басқарудың тәуелсіз сыртқы бағасын алу үшін Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA) Институционалдық бағалау бағдарламасына (IEP) қатысты.
НУ сыртқы бағалаудың бастапқы және кейінгі кезеңдерін сәтті аяқтады және өзін-өзі жетілдіру бойынша күш-жігерін жалғастыруда. Тиісті есептер IEP EUA веб-сайтында қолжетімді.
Провост Офисі
Офис #4006, Блок C2
Қабанбай батыр даңғылы 53, 010000
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан
Email: institutionaleffectiveness@nu.