Докторантура

Докторантура бағдарламаларын Назарбаев Университетінің келесі Мектептері ұсынады:

Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі
Медицина мектебі
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі
Жоғары білім беру мектебі
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Назарбаев Университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі (ИСҒМ) Қазақстанда және Орта Азияда инженерлік ғылымдар саласындағы жетекші білім беру мекемесі болуға ұмтылады. Мектептің мақсаты – химиялық инженерия және материалдар технологиясы, механикалық және аэроғарыштық, құрылыс және қоршаған орта, электротехника және компьютерлік инженерия, инженерлік менеджмент және компьютерлік ғылымдар саласындағы практикалық мамандарға күн санап артып отырған сұранысқа сай келетін түлектерді даярлау. ИСҒМ студенттер саны бойынша Назарбаев Университетінің ең үлкен мектебі болып табылады.

Докторантура бағдарламалары:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

1. Бакалавр дәрежесі;
2. Магистр дәрежесі. Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
3. Академиялық көрсеткіштер. CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) магистр дәрежесі 4,00-ден кем дегенде 2,75 болуы тиіс;
4. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
     1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;
     2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
          – үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде алған жағдайда;
          – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
5. Талдау және математикалық қабілеттерін GRE немесе GMAT тестілерінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал);
6. Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

1. Толтырылған сауалнама нысаны;
2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
4. Бакалавр, магистр дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады;
5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлерге жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыру қажет;
7. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE немесе GMAT сертификаттары (бар болған жағдайда);
8. Үміткердің алдыңғы білімі, бағдарламаға жеке мүдделілігі, кәсіби дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары және бұл бағдарлама оған алдына қойған мақсаттарына жетуіне қалай көмектесе алатынын сипаттайтын негіздеме хат (500 сөз);
9. Cоңғы 12 ай ішінде жазылған екі ұсыным хат, екеуінің кем дегенде біреуі академиялық ұсыным болуы тиіс (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады);
10. Түйіндеме (1 беттен аспайтын);

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Докторантура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі: 

             Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

             ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Докторантура бағдарламаларына IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 

            Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда);

            ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ЖӘГҒМ) бағдарламалары әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары салаларында жан-жақты білімі бар, әлеуметтік дамудың барлық мәселелерінде көш басында болатын мамандарды даярлауға бағытталған. Мектеп студенттерді олардың қандай кәсіпті таңдағанына қарамастан, өмірі мен мансабында кездесетін зияткерлік мәселелерді шешуге үйретеді.

Докторантура бағдарламалары:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

1. Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже);
2. Магистр немесе оған балама дәреже. Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
3. Академиялық көрсеткіштер. CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4,00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс;
4. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
     1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кем дегенде 6.0 балл) Еуразиялық зерттеулер облысындағы философия ғылымдарының докторы бағдарламасын қоспағанда IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 (әр секция бойынша кем дегенде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;
    2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
          – үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде алған жағдайда;
          – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;
5. Оқу, талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал);
6. Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;
7. Жазбаша жұмысында (ғылыми мақала, эссе, жарияланған мақала) үлгі көрсетілгендей, академиялық жазу дағдылары;
8. Зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесінде көрсетілгендей, тиісті зерттеу пәніне қызығушылық және сәйкес білім болуы қажет.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  1. Толтырылған сауалнама нысаны;
  2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
  3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
  4. Бакалавр, магистр (немесе баламалары) дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады;
  5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
  6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыруы қажет;
  7. Жарамды GRE тест нәтижесі (міндетті емес). Үміткер тестке тіркелу кезінде университетті алушы ретінде көрсетуі керек. Егер үміткер тестілеуді ертерек тапсырған болса, ол тестілеу орталығына хабарласып, университетті алушы ретінде көрсете алады. GRE-дің ресми балы талап етілмесе де, өтініш беруші GRE-дің балымен өз өтінішінің бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады;
  8. Үміткердің алдыңғы білімі, бағдарламаға жеке мүдделілігі, кәсіби дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары және бұл бағдарлама оған алдына қойған мақсаттарына жетуіне қалай көмектесе алатынынын сипаттайтын негіздеме хат (250-500 сөз);
  9. Соңғы он екі ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс);
  10. Жазбаша жұмыс (ғылыми мақала, эссе, жарияланған мақала);
  11. Үміткер бағдарламада жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбы сипатталатын зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесі (1500-2000 сөз);
  12. Қабылдау үшін ұсынылған үміткерлер қабылдау бөлімі сұратқан жағдайда IELTS және GRE нәтижелерінің қағаз көшірмелерін ұсынуы керек (егер бар болса).

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Докторантура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі: 

             Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

             ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Математика, Физика және Химия докторантура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі

            Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

            ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 16 мамырға дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Докторантура бағдарламаларына IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 

            Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда);

            ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады;

           ҚР азаматтары үшін (Математика, Физика және Химия докторантура бағдарламалары) 2022 жылғы 17 мамырға дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.
  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (ММ) бұл Қазақстан Республикасы үшін денсаулық сақтау, білім беру және биомедициналық зерттеулер саласындағы медицина көшбасшыларын даярлайтын, сабақтар ағылшын тілінде жүргізілетін, американдық оқыту жүйесінің негізінде құрылған ең алғашқы оқу орны болып табылады. Мектеп медициналық білім беру саласында әлемдік деңгейге жетуді және білім беру мен биомедициналық зерттеулер саласында жаңашылдыққа, ғылым мен білімге қолдау көрсетілетін тұрақты және ынталы академиялық ортаны құру арқылы жоғары деңгейге жетуді мақсат тұтады. Медицина мектебі магистратура бағдарламаларын, Медицина докторы және резидентура бағдарламаларын ұсынады.

Докторантура бағдарламаласы:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

1.Бакалавр дәрежесі (немесе баламасы) және Қабылдау комиссиясы айқындайтын жарамды саладағы магистр дәрежесі (бар болса немесе медицина саласында жоғары ғылыми дәрежесі (МД немесе баламасы). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
2. Академиялық көрсеткіштер. Ғылым магистрі (немесе оған балама) дәрежесі бойынша бәсекеге қабілетті CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4,00-дің ішінен 3,0;
3. Ағылшын тілін меңгерудің деңгейі:
     1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кем дегенде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;
     2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
          – үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде алған жағдайда;
          – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда.
4. Биомедициналық ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламасы бойынша жобалау ұсынысы;
5. Медицина мектебі ОПҚ мүшесінің соңғы 12 (он екі) ай ішінде жазған, оның үміткерге ғылыми жетекшілік етуді жүзеге асыруға дайындығын растайтын және әлеуетті жобаның қысқаша сипаттамасын қамтитын ілеспе хаты;

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

1. Толтырылған сауалнама нысаны;
2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
4. Бакалавр, магистр (немесе баламалары) дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады;
5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыруы қажет;
7. Жобалау ұсынысы (500 сөзден көп емес);
8. Түйіндеме;
9. Зертханалық жұмыстарды орындаудың қажетті дағдыларын дамытуға көмектесетін кәсіби және/немесе ерікті тәжірибесі болуының дәлелі;
10. Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз түрінде ұсынады);
11. 075/у медициналық анықтамасы (резиденттер үшін) немесе денсаулығының жалпы жай-күйі көрсетілген осыған ұқсас медициналық анықтама (халықаралық студенттер үшін);
12. Сотталғандығы немесе сотталмағаны туралы анықтама – Биомедицина бағдарламасы үшін;

13. Үміткердің PhD жобаларының таңдаулы үш таңдауының тізімі (міндетті емес) – Биомедицина бағдарламасы үшін;

14. Өтініш берушінің эпидемиология және статистика бойынша алған магистратура курстарының тізімі – Жаһандық денсаулық сақтау бағдарламасы үшін.


МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Докторантура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі: 

             Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

             ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Докторантура бағдарламаларына IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 

            Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда);

            ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады

Тау-кен ісі жəне Жер туралы ғылымдар мектебі (ТІЖҒМ) жоғары білікті мамандар мен студенттерді заманауи біліммен жəне Жер туралы ғылымға байланысты пəндерді оқыту арқылы табиғи ресурстар саласында дарынды және əлемдік деңгейдегі оқу орны болуға мақсат тұтты. Мектеп 2 магистратура және 2 докторантура бағдарламаларын ұсынады. Бағдарламалар өндіру жұмыстарын жоспарлайтын, жүргізетін және басқаратын инженер мамандарды даярлауға, сондай-ақ қауіпсіз және тұрақты өндірісті қамтамасыз ету мақсатында мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібіне қолдау көрсету үшін зерттеу дағдыларына және білімді дамытуға бағытталған.

Докторантура бағдарламалары:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, талапкерге арналған сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

1. Бакалавр дәрежесі;
2. Магистр дәрежесі. Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады.
3. Академиялық көрсеткіштер. CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4,00-ден кем дегенде 2,75 болуы тиіс;
4. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
     1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;
     2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
          – үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде алған жағдайда;
          – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;
5. Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE немесе GMAT тестілерінің нәтижелері арқылы көрсетуі (бұл талап міндетті емес);
6. Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

1. Толтырылған сауалнама нысаны;
2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
4. Бакалавр, магистр дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскрипттерін жүктей алады;
5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыруы қажет;
7. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE немесе GMAT сертификаттары (бар болған жағдайда);
8. Үміткердің білім, кәсіби және ғылыми зерттеу тәжірибесін, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің Докторантура бағдарламасына өтінім беруге итермелейтін себептерін, келешек мансаптық ұстанымдарын, сондай-ақ бағдарламаны тәмамдаған соң иеленген жаңа білім мен дағдылар алға қойған мақсаттарға жетуде қалай көмектесетінін сипаттайтын негіздеме хат (А4 1 парағынан аспауы тиіс);
9. Соңғы 12 ай ішінде жазылған ағылшын тіліндегі екі ұсыным хат (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз нысанда ұсынады);
10. Түйіндеме;

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Докторантура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі: 

             Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

             ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 10 мамырға дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Докторантура бағдарламаларына IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 

            Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда);

            ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 11 мамырға дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады

Жоғары бiлiм беру мектебi (ЖББМ) алғашқы студенттерін 2013 жылдың қыркүйек айында қабылдады. ЖББМ басты мақсаты - білім беру саласындағы басқарушыларды даярлау және жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуына белсенді атсалысу. Қазіргі таңда Мектеп магистратура және докторантура, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынуда.

Докторантура бағдарламаласы:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

1. Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже);
2. Магистр немесе оған балама дәреже. Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
3. Академиялық көрсеткіштер. Магистр (немесе оған балама) дәрежесі бойынша бәсекеге қабілетті CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші);
4. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
     1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 (әр секция бойынша кем дегенде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;
     2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
          – үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде алған жағдайда;
          – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;
5. 2 жыл жұмыс өтілі. 2 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін;
6. Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал);
7. Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға қызығушылық;
8. Зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесінде көрсетілгендей, тиісті зерттеу пәніне қызығушылық және сәйкес білімі.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

1. Толтырылған сауалнама нысаны;
2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
4. Бакалавр, магистр (немесе баламалары) дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады.
5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлерге жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыру қажет;
7. Жұмыс өтілін куәландыратын құжат;
8. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (ұсыналмайды);
9. Үміткердің алдыңғы білімі, бағдарламаға жеке мүдделілігі, кәсіби дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары және бұл бағдарлама оған алдына қойған мақсаттарына жетуіне қалай көмектесе алатынын сипаттайтын жеке эссе (300-500 сөз);
10. Соңғы екі жыл ішінде жазылған үш құпия ұсыным хат (рецензент электрондық немесе қағаз түрінде ұсынуы тиіс);
11. Үміткердің бағдарламада жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбы сипатталатын зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесі (1500-2000 сөз);

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Докторантура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі: 

             Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

             ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Докторантура бағдарламаларына IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 

            Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда);

            ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) міндеті адам өмірінің сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды негізгі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсінуге оқып-үйрету болып табылады. ЖМСМ студенттерінің арасында –мемлекеттік сектордың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың мамандары, сондай-ақ жеке бизнес-құрылымдардың басшылары бар. ЖМСМ 3 білім беру бағдарламасын ұсынады: Мемлекеттік саясат магистрі, Мемлекеттік басқару саласының магистрі, Мемлекеттік саясат ғылымдарының докторы, сондай-ақ саясат және көшбасшылық саласында негізгі міндеттерді шешуге бағытталған қысқа мерзімді кәсіби білім беру бағдарламалары.

Докторантура бағдарламаласы:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

 

ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

1. Бірінші немесе екінші жоғары дәрежелі бакалавр деңгейіндегі үздік диплом (немесе CumLaude; Magna Cum Laude; and Summa Cum Laude эквиваленті ) немесе тектес мамандықта магистр дәрежесі. Онлайн тіркелу кезеңінде ағымдағы транскриптті ұсына алады;
2. 3 жылдық жұмыс өтілі. 3 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер ЖМСМ Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша жоғары академиялық үлгерім көрсете білген жағдайда қарастырылады;
3. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
     1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кем дегенде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition қоспағанда) балама балы;
     2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
          – үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде алған жағдайда;
          – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;
4. Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE немесе GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
5. Негіздеме хатта көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;
6. Зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесінде көрсетілгендей, тиісті зерттеу пәніне қызығушылық және сәйкес білім болуы қажет.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

1. Толтырылған сауалнама нысаны;
2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
4. Бакалавр, магистр (немесе баламалары) дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады.
5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлерге жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыру қажет;
7. Жұмыс өтілін куәландыратын құжат;
8. Түйіндеме;
9. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE/GMAT сертификаты (бар болған жағдайда);
10. Ілеспе-хат;
11. Екі құпия ұсыным хат (рецензент электрондық немесе қағаз түрінде ұсынуы тиіс);
12. Үміткердің бағдарламада жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбы сипатталатын зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесі (2000 сөз).

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

  • Докторантура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі: 

             Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

             ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 3 мамырға дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Докторантура бағдарламаларына IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 

            Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда);

            ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 3 мамырға дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

  • Бағдарлау аптасының басталу күні: жақында хабарланады
  • Оқудың басталуы: жақында хабарланады

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН СТАТУСТАР

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.

Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.

Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады

Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.

Rejected by Admission Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.

Transfer to another program. Үміткердің  өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға  шешім қабылдады.

Pending. Үміткердің өтініші қаралуда

Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.

Recommended for admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.

Recommended  for conditional  admission                         

Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.

Accepted admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады

Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты

Refused in favor of another NU program    . Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.

Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.

Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.

Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.

Enrolled. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде  студент болып саналады.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
  • IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсыну үшін үміткерлерге келесі талаптарды орындау қажет:
    1) IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасын Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу;
    2) Сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің «UPLOAD IELTS/TOEFL RESULTS» бөлімінде жүктеу және IELTS сертификаты үшін TRF, TOEFL сертификаты үшін тіркелу нөмерін енгізу қажет.
    Конкурс үшін сертификаттың кез-келген санын ұсынуға болады, бірақ Жеке кабинетте соңғы болып жүктелген сертификат қана қарастырылады.
    IELTS/TOEFL сертификаттары емтихан тапсырылған күннен бастап 2 жыл жарамды.

  • Бұрын “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік гранты есебінен философия докторы дәрежесін алған үміткерлер Назарбаев Университетінің докторантура бағдарламасына мемекеттік білім беру гранты есебінен оқуға қабылданбайды. Аталған үміткерлер тек ақылы немесе басқа гранттар есебінен оқуға қарастырылады.

  • Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс. IELTS/TOEFL сертификатын онлайн тіркелудің соңғы мерзімінен кейін жоғарыда көрсетілген электрондық мекен-жай арқылы жіберуге болады.
  • Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.
  • Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.
  • Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.
  • Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Нұр-Cұлтан қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Студенттерді оқуға қабылдау департаменті.
  • Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.
  • Стардартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады
    1. GRE – 6496
    2. TOEFL – 6762
    3. GMAT – H6m-R7-93
    4. IELTS – Nazarbayev University

ПАЙДАЛЫ РЕСУРСТАР
  • Назарбаев Университетінде білім беру қызметтерін көрсету талаптарымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
  • Назарбаев Университетінің Дайындық мектебінің тестілеу орталығы тілдік курстарын, халықаралық стандартталған тесттерді тапсыруға дайындық курстарын өтуге, сондай-ақ халықаралық стандартталған тесттерді тапсыруға мүмкіндік береді: SAT, TOEFL PDT, GRE PBT, TOEFL iBT, GRE CBT, GMAT, PMI, TOEFL ITP, TOEIC). Қосымша ақпарат мына жерде.
  • Назарбаев Университеті жыл сайын потенциалды талапкерлер үшін академиялық бағдарламалар мен түсу талаптары туралы, НУ -да оқудың ерекшеліктері және оқытудан кейінгі мүмкіндіктер туралы ақпарат беретін Ашық есік  күні шарасын  өткізеді. Биылғы жылы бұл шара виртуалдық форматта өтті. Ашық есік күніне арнап дайындалған НУ профессорлары мен қызметкерлерінің пайдалы видеоларға қол жеткізу үшін open.nu.edu.kz сілтеме бойынша өтуге болады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ