Шетелдік талапкерлерге арналған

Шетелдік үміткерлерге Назарбаев Университетіне түсу үшін қандай талаптар қойылады?

Назарбаев Университетіне қабылдау меритократия қағидасы негізінде жүрзеге асады. Яғни, Назарбаев Университетіне түсу талаптары үміткерлердің қай ел азаматы болса да бәріне бірдей және Сіз құжат тапсыратын бағдарламаға байланысты.

Назарбаев Университеті шетелдік үміткерлерге оқу гранттарын бөле ме?

Іріктеуден сәтті өткен және Қабылдау комиссиясының оң шешіміне ие болған шетелдік үміткерлерге Университет «Абай Құнанбаев» грантын ұсынады. Аталмыш грант оқу төлемін, басты медициналық сақтандыруды және айлық стипендияны қамтиды.

«Абай Құнанбаев» грантына ие болмаған жағдайда шетелдік үміткерлерге басқа гранттар қарастырыла ма?

«Абай Құнанбаев» грантынан басқа, оқуға қабылдануға ұсынылған шетелдік үміткерлердің олардың азаматтығы мәртебесіне байланысты грантқа қол жеткізу мүмкіндіктері бар.  Ал бұл грант  оқу төлемінің  50%-ынан  90%-ына дейін қамтиды.

«Абай Құнанбаев» грантына және азаматтық негізінде берілетін грантқа қол жеткізу үшін не істеу керек?

«Абай Құнанбаев» грантына немесе азаматтық негізінде берілетін грантқа қол жеткізу үшін шетелдік үміткер таңдаған бағдарламасына құжат тапсырып, іріктеуден сәтті өтіп, Қабылдау комиссиясының оң шешіміне ие болуы тиіс.

Грантқа ие болу үшін шетелдік үміткердің қосымша құжаттар тапсыруы қажет пе?

Шетелдік үміткерлер құжатты тек бағдарламаға тапсырады. Грантқа ие болу ушін қосымша құжат тапсырудың қажеттілігі жоқ. Қабылдау комиссиясының оң шешіміне ие болған жағдайда Қабылдау департаменті шетелдік үміткерге грант беру мәселесін Университеттің тиісті органының қарауына ұсынады. 

Бағдарламаның талабы бойынша Қабылдау комиссиясымен сұхбаттасу көзделінсе, Қазастанға келуге міндеттімін бе?

Жоқ,  сұхбаттасудан Skype немесе басқа да интернет ресурстары арқылы өтуге болады. Бұл туралы Сізге Мектеп қызметкері мәлімдейді.

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы (NUZYP) шетелдік үміткерлерге қолжетімді ме?

Ия, Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы (NUZYP) шетелдік үміткерлерге  де қолжетімді.

Университет шетелдік студенттерге жатақханадан орын бере ме?

Ия, Университет шетелдік студенттерді жатақханамен қамтамасыз етеді.

Шетелдік студенттердің айлық стипендиясы қанша?

Отандық және шетелдік студенттерге берілетін Университет айлық стипендиясының мөлшері бірдей.

Foundation: 22 258 тг.
Бакалавриат: 26 186 тг.
Магистратура (NUZYP-ты қоса алғанда): 125 000 тг.
PhD: 102 498 тг.
Докторанттардың оқытушы немесе зерттеушінің көмекшісі ретінде жұмыс істеп, айлық жалақы алу мүмкіндіктері бар.

Оқи жүріп жұмыс істеу мүмкіндігі бар ма?

Егер Мектеп рұқсат берсе, Университеттің шетелдік студенттері аптасына 10 сағатқа дейін кампуста жұмыс істей алады.