Нұр-Сұлтан қаласындағы өмір
Қазақстанның жаңа астанасын құру – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы.
Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның құрғақ дала аймағында орналасқан. Қала аумағы төменгі жайылма террассалар болып табылады. Есіл өзені – астананың негізгі су артериясы болып табылады. Климат күрт құбылмалы – суық әрі ұзаққа созылған қыс және ыстық, орташа құрғақ жаз. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының аумағы 722 шаршы километрден астам, халқының саны 1010000 астам адам.
Нұр-Сұлтан қаласының архитектуралық көрінісі Шығыс пен Батыстың мәдени дәстүрлерін бейнелейтін арнайы еуразиялық стильде жасалды. Елорда мастер-жоспарының авторы атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава болды. Қала үш ауданнан тұрады: «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл».
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы – белсенді, талантты және жігерлі жастар үшін жаңа мүмкіндіктер мен тартымды қала. Қазақстанның астанасы еліміздің басты білім беру және ғылыми алаңы болып табылады және білім, ғылым және инновацияның өңірлік орталығы болуға ұмтылады.
Тарихи өлшем бойынша жас қаланың мәдени өмірі қанық және қызықты. Оның мұражайларында, театрларында және концерттік залдарында ұлттық және заманауи өнер үйлесімді синтезделеді.
Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері
Бәйтерек. «Астана-Бәйтерек» монументі – Нұр-Сұлтан қаласының негізгі көрікті жерлерінің бірі және қаланың басты нышаны болып табылады. Қазақ тілінен аударғанда «Бәйтерек» теректі білдіреді. Осылайша, Бәйтерек өзінің тарихи тамырларын сақтап қалған, болашақтағы өркендеуге ұмтылатын және бүкіл әлем қоғамдастығына тәуелсіз Қазақстанның нышаны болып табылады.
Сулы-Жасыл Желекжол – Хан-Шатырдан «Ақ Орда» Президенттің резиденциясына дейін созылған бұл желекжол қызықты қалалық пейзаждарды көру үшін ең әдемі жаяу жүру аймағы болып табылады. Бұрқақтар, өнер туындылары, мейрамханалар, шағын дәмханалар, дүкендер – осының бәрін Сіз осы жерден таба аласыз.
Қазақстанның Ұлттық мұражайы – Орталық Азиядағы ең жас және үлкен мұражай болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына келесі залдар кіреді: Астана Залы, Тәуелсіз Қазақстанның Залы, алтын Зал, ежелгі және орта ғасырлар Залы, тарих Залы, этнография залы, заманауи өнер Залдары. Ұлттық мұраны зерделеу мұражай құрылымы ғылыми-зерттеу институтымен көрсетілген. Сонымен қатар, балалар мұражайы, балалар көркем орталығы, екі көрме залы, жаңғырту шеберханалары, зертханалар, кәсіби қоймалар, оқу залы, конференц-зал, кәдесый киоскілері бар ғылыми кітапхана орналасқан.
«Астана Опера» театры. Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры өзінің салтанатымен таңғалдырады. Ғимараттың ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрі сахна аумағын алады. «Астана Опера» өзінің ауқымы үшін ғана емес, сәулет талғампаздығы үшін де әсерлі. Ол әлемдік сәулеттің үздік классикалық дәстүрлерін ескере отырып салынған, сонымен бірге, театр сәулетінде қазақтың ұлттық нақыш бейнеленген. Театрдың Үлкен залы 1250 орындық, ал Камералық зал – 250 орынға арналған.
Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида). Бейбітшілік және келісім сарайы – Қазақстандағы достық, бірлік пен бейбітшілік нышаны болып табылады. Жобаның авторы – белгілі британдық сәулетші Норман Фостер. Пирамида іргесі 62х62 метр, биіктігі 62 метр құрайды. Пирамиданың жоғарғы жағында суретші Брайан Кларктың шынайы өнер туындысы – қазақ жерінде тұратын ұлт өкілдерін бейнелейтін 130 кептер бейнесі бар витражды терезе безендіреді. Опера залындағы сахнаға арналған сарайдың ашылу рәсімінде әлемдік опера жұлдызы Монсеррат Кабалье болды. Сарайда 1302 орынға арналған «Атриум», «Бесік» залы, көрме залдары, «Құланшы» галереясы, баспасөз орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының этникалық мәдени орталықтары, сондай-ақ Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталықтары және Түркі Әлемі академиясы орналасқан.
Президенттік парк. Президенттік парк Бейбітшілік және келісім сарайының айналасында орналасқан және Қазақстандағы ең үлкен саябақ болып табылады. Өз аумағында жасанды ағындар, фонтандар мен гүлзарлар бар. Саябаққа биіктіктен қарасаңыз, онда Сіз оның сызбаларының ұқсастығын тәуелсіздік символы және Қазақстанның жаңғыруы символы Самұрық құстың бейнесі арқылы атап өтуге болады.
Есіл өзенінің жағалауы. Жазда елорда тұрғындары мен қонақтарының серуені үшін Нұр-Сұлтан қаласының жағалауы сүйікті орынға айналады. Түнде Есіл өзенінде лазерлік музыкалық шоу өткізіледі: жарқын жарық флэш фонтан-күнді, су экранында бейнеленген суреттерді жалмайды.
Мәдениет және өнер
- Мекенжайы: Тәуелсіздік көш., 54
- Тел.: +7 (7172) 919 035, 919 036
- Жұмыс уақыты: сейсенбі –жексенбі 10:00 – 18:00
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы
- Мекенжайы: Бейбітшілік көш., 11
- Тел.: +7 (7172) 751 214, 751 292
- Жұмыс уақыты: сейсенбі –жексенбі 10:00 – 18:00
«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының мұражайы және мемориалдық кешені
- Мекенжайы: Қорғалжын тас жолы, Нұр-Сұлтан қаласынан 37 км (Малиновка ауылы)
- Тел.: +7 (7172) 499 455, 542 669
- Жұмыс кестесі: 09:00 – 18:00
Әскери тарихы мұражайы
- Мекенжайы: Республика даңғ., 1
- Тел.: +7 (7172) 443 233, 443 276
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені
- Мекенжайы: Қорғалжын тас жолы, 2/1
- Тел.: +7 (7172) 245 272, 240 497
«Қазақстан» Орталық концерт залы
- Мекенжайы: Мәңгілік ел даңғ., 10/1
- Тел.: +7 (7172) 705 256
- Мекенжайы: Дінмұхамед Қонаев көш., 1
- Тел.: +7 (7172) 709600, 709612
- Билеттерді https://ticketon.kz/astanaopera сілтеме арқылы желіден сатып алуға болады
- Мекенжайы: Ұлы Дала көш., 9
- Тел.: +7 (7172) 621 212
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры
- Мекенжайы: Ж.Омаров көш., 47б
- Тел.: +7 (7172) 323 624
М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
- Мекенжайы: Желтоқсан көш., 11
- Тел.: +7 (7172) 328 223
- Билеттерді http://rtd.kz/ru/repertoire/ сілтеме арқылы желіден сатып алуға болады
- Мекенжайы: Есенберлин көш., 10
- Тел.: +7 (7172) 380 108
- Билеттерді http://www.zhastar-theatre.kz/index.php/ru/kupit-bilet сілтеме арқылы желіден сатып алуға болады
- Мекенжайы: Қонаев көш., 14, ВП-24
- Тел.: +7 (7172) 508 465