Тамақтану орындары

Назарбаев Университеті аймағында бірнеше тамақтану орындары жұмыс істейді:

La Tartine

La Tartine – бұл жоғары сапалы дәстүрлі француз өнімдерін ұсынатын жайлы және қонақжай наубайхана. Таңдамалы дәм мен құнарлы қасиеттерді үйлестіретін өнімдерді сол жерде татып көруге немесе өзімен алып кетуге болады. Мұнда Сіз әрқашан хош иісті жаңа піскен қытырлақ багеттерді, үлпілдек десерттерді, дәмді сэндвичтерді, ыстық панинилерді, сары майда нағыз француз круассандарын және т.б. кез-келген пісірілген нандарды таба аласыз. La Tartine 3-ші блокта орналасқан.
Жұмыс кестесі: Жұмыс күндері 8.30 -18.00

Университеттік асхана

5_b_canteenКампустың ішінде үлкен университеттік асхана бар (4-блок, 2-қабат). Ол асхана студенттері үшін және НУ жұмыс істейтін қызметкерлері үшін арналған. Онда классикалық 5 тағам мәзірі бар: сорпа, тiске басар, салаттар, негізгі тағамдар және десерт. Тұрақты дастархан мәзірі бар асхана (4-блок, 3 қабат) тек қана «Meal Plan» бағдарламасының пайдаланушыларына арналған. Студенттер бұл асхананың айлық жазылымын «Студенттік порталда» онлайн төлеу қызметі арқылы сатып ала алады.
Жұмыс кестесі: Жұмыс күтдері 8.00-19.00

Midpoint 

Midpoint кафесі және кейтеринг түрік, мексикандық, итальяндық еуропалық, азиялық және дәстүрлі ұлттық тағамдарының көптеген түрлерін ұсынады. Сонымен қатар, сізде әрқашан салқын сусындарды, жаңа піскен нандарды, пиццаларды және кофенің бес түрін қалаған жеріңізге жеткізу үшін тапсырыс беруге бірегей мүмкіндігіңіз бар.
Жұмыс кестесі:
Жұмыс күндері: 8.00-19.00
Жк: 11.00-16.00

Кофеханалар

Happy Fox (Блок 39) және CoffeeBoom (Блок 4) жаңа піскен кофенің қызықтырғыш иісі сізді немқұрайлы қалдырмайды.

Сыпайы, жылы шырайлы бариста сүйіспеншілікпен Сізге сергек және хош иісті кофе дайындап береді. Сонымен қатар, сізге дәмді снэктерді, пончиктерді, қытырлақ круассандарды, тойымды сэндвичтерді, пайдалы таңғы астарды өзімен алып кетуге ұсынады.

Жұмыс кестесі:
Happy Fox NU- күн сайын: 9.00-20.00
CoffeeBoom – жұмыс күндері: 9.00-18.00