Студенттік алмасу бағдарламалары
Алмасу серіктестері
- Қытай Халық Университеті, Қытай
- Сеул Университеті, Корея Республикасы
- KDI Мемлекеттік Саясат және Басқару Мектебі, Корея Республикасы (ЖМСМ)
- Сингапур Ұлттық университеті, Сингапур (ЖМСМ)
- Цукуба Университеті, Жапония
Эразмус+
2019-2022 жылдарға арналған Эразмус + бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық
Жобаның мақсаты:
Қатысушыларға және қатысушы ұйымдарға, сондай-ақ академиялық ұтқырлықты жүзеге асыратын саясатқа оң және ұзақ мерзімді әсер ету.
Студенттерге арналған біздің Еуропалық серіктестеріміз (Эразмус+, ДИКУ)
№ | Университет-серіктес | Мектеп | Пән атауы | Деңгейі | Студенттер / қызметкерлер саны* орташа ұзақтығы | Статусы |
1 | Гумбольдт атындағы Берлин университеті | ЖӘГҒМ | Гуманитарлық ғылымдар | Магистратура, Докторантура | 5*3 ай | Белсенді |
2 | Мадрид автономиялық университеті | ЖӘГҒМ | Гуманитарлық ғылымдар | Бакалавриат | 4*5 ай | Белсенді |
3 | Валенсия университеті | ИЦҒМ | Инженерия | Магистратура | 1*5 ай | Белсенді |
4 | Нант қаласының орталық мектебі | ИЦҒМ | Инженерия | Магистратура | 1*5 ай | Қаржыландыру жоқ |
5 | Лиссабондағы Нова университеті | ИЦҒМ | Инженерия | Барлығы | 1*5 ай | Қаржыландыру жоқ |
6 | Дортмунд қолданбалы өнер және ғылым университеті | ЖБМ | Іскерлік әкімшілік | Магистратура | 3*5 ай | Белсенді |
7 | Георгий Агрикола техникалық университеті | ТЖТҒМ, ИЦҒМ | Инженерия | Магистратура | 1*5 ай | Белсенді |
8 | Валенсия политехникалық университеті | ИЦҒМ | Ғылым, Инженерия, Технология | Докторантура | 1 докторант (келетін) | Белсенді |
9 | Тампере университеті | ЖӘГҒМ | Әлеуметтік және саяси ғылымдар | Магистратура | 1*5 ай | Белсенді |
10 | Рим Кампус Био-Медико Университеті | ИЦҒМ | Инженерия | Магистратура, Докторантура (Тағылымдама) | 2*5 күн | Белсенді |
11 | Тессали Университеті | ИЦҒМ | Инженерия | Докторантура | 1*3 ай | Белсенді |
12 | Эскола Салезиана де Саррия Университеті | ИЦҒМ | Инженерия | Бакалавриат | 4*5 ай | Белсенді |
13 | Эстония жаратылыстану ғылымдар университеті | ИЦҒМ | Қоршаған ортаны қорғау технологиялары | Тек қызметкерлер | 3*1 апта | Белсенді |
14 | Исландия университеті | ЖББМ | Әлеуметтік және мінез-құлық туралы ғылымдар, Білім беру | Тек қызметкерлер | 2*1 апта | Белсенді |
15 | Ставангер университеті (DIKU) | ИЦҒМ | Инженерия | Барлығы | 5*1 академиялық жыл | Белсенді |
1. Студенттік алмасу бағдарламасына қатысу
Маңызды ақпарат:
Конкурсқа қатысуға өтінімді Мектеп алмасу семестрінің басталуынан 2-3 ай бұрын алдын-ала жариялайды.
Студенттер электронды пошта арқылы хабардар етіледі.
Қаржыландыру
Бағдарламаға байланысты студенттен әуе билеттері, виза, медициналық сақтандыру және күнделікті шығындар үшін төлем талап етілуі мүмкін.
2. Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін студент келесі критерийлерге сай болуы тиіс:
- толық академиялық жүктемесі бар НУ студенті болу;
- бакалавриат студенті НУ-да кем дегенді бір оқу жылы білім алуы тиіс, ал магистратура (екіжылдық магистрлік бағдарламалар үшін) немесе докторантура студенті НУ-да кем дегенде бір семестр оқуы тиіс;
- өтініш берушінің сынақ немесе шартты мәртебесі болуы тиіс емес, академиялық немесе тәртіп бұзушылығы болмауы тиіс;
- ЖОБ 3.0 және жоғары (ЖОБ-сыз бағдарламаларға қолданылмайды);
- курстар бойынша берешегі болмауы тиіс;
- ұтқырлық бағдарламасына өтінім берген күні 18 жастан асқан;
- өтініш беруші Мектеп Комитетіне өзінің Қабылдайтын ЖОО-ның барлық талаптарына сай екендігін көрсетуі тиіс.
Академиялық мәселелер жөніндегі Вице-провостың қарауы бойынша, Деканның ұсынымы негізінде, осы критерийлердің кез келгеніне сәйкестік жойылуы мүмкін.
Магистратура және докторантура студенттеріне негізгі курстарды аяқтағаннан кейін Деканның қарауы бойынша академиялық ұтқырлыққа қатысуға рұқсат етілуі мүмкін.
Өтініш беру процесі
Үміткерлер тиісті мектеп комитетіне келесідей құжаттарды ұсынады:
- өтініш формасы;
- түйіндеме;
- транскрипт көшірмесі;
- академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысудан күтілетін нәтиже көрсетілген уәждеме хат;
Оқу бағдарламасы және студент оқуға түсуді жоспарлап отырған курстарды жан-жақты бағалау үшін басқа да тиісті ақпарат.
Әр Мектептің/бағдарламаның қосымша талаптары болуы мүмкін. Студент Мектептің анықтамалығында көрсетілген өз Мектебінің нақты талаптарын түсінуі тиіс.
Академиялық ұтқырлыққа өтініш беру процесі
Қажетті сілтемелер