Бағдарлау аптасы

Назарбаев Университетіне және Бағдарлау аптасына қош келдіңіздер!

Бағдарлау аптасы-бұл бірінші курс студенттерін НУ-дың академиялық өмірімен таныстыратын уақыт. Бұл сіздің оқу барысында жетістікке жетуіңіз үшін қажет ресурстар мен процестермен танысуға көмектеседі.

Бағдарлау аптасы бойынша кестені қадағалаңыз, сессияларды өткізіп алмаңыз және барлық оқиғалар туралы хабардар болу үшін электрондық поштаңызды үнемі тексеріп отырыңыз.

ДАЙЫНДАЛЫҢЫЗ

Оқытушылармен және НУ қоғамдастығының басқа да мүшелерімен байланысу үшін сізге корпоративті электрондық пошта қажет болады. Онымен қолдана алу үшін https://mail.google.com/ сайтына барып, жеке поштаңызға алдын ала жіберілген тіркелу деректерін пайдалану арқылы жүйеге кіріңіз.

Оқу барысында сіз келесі ақпараттық жүйелер мен ресурстарды қолдана аласыз:

Корпоративтік ДК – университет доменімен байланысты компьютерлер;

https://moodle.nu.edu.kz – бұл университеттің пәндерді электронды басқару жүйесі (виртуалды оқу ортасы). LMS Moodle жүйесін студенттер мен оқытушылар файл, аудио және бейне деректер, хабар алмасу, чат, форумдар ақпарат алмасу, онлайн-викториналар жүргізу және т. б. мақсаттарды орындау үшін қолданады;

https://registrar.nu.edu.kz – университеттің оқу және ішкі процестерін автоматтандыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе. Бұл жүйе пәндерді ұйымдастыру, сабақ кестесін құру және пәндерге тіркелу сияқты процестерді жүзеге асырады. 

https://library.nu.edu.kz – Назарбаев Университеті кітапханасының ресурстары мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік береді;

https://my.nu.edu.kz – студент порталы;

https://prs.nu.edu.kz – мұнда өзіңіздің құпиясөзіңізді қалпына келтіре аласыз.

Осы ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қалай кіруге болатындығы туралы толығырақ мәліметті мына сілтеме арқылы білуге болады.

Мұнда cіз IT-ресурстармен байланысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.

Бағдарлау аптасындағы сессияларға қатысу үшін сізге Zoom бағдарламасы қажет. Оны мына сілтеме арқылы жүктеп алып, орнатыңыз.