Жазғы мектептер

Жазғы мектептер, әдетте, жедел академиялық және мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынады. Бұл жаңа білім меңгеру тәжірибесін алудың, басқа елдерден құрдастарымен кездесіп, әлемді көрудің  керемет мүмкіндігі. Жазғы мектептің ұзақтығы жаздың бірнеше күнінен бастап бірнеше аптаға дейін өзгеруі мүмкін.

Жазғы мектепте білім алудың артықшылықтары айқын:

Жаңа білім: жазғы мектеп сізге жаңа пәндерді үйренуге немесе өзіңізге белгілі бір салада өз біліміңізді тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көптеген жазғы мектептерде сынақ бірліктері (кредиттер) беріледі, оларды білім беру тәжірибесін растау ретінде пайдалануға болады.

Жаңа мәдени тәжірибе: өзіңіз үшін жаңа қалалар мен елдерді ашу, басқа халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысу мүмкіндігі.

Жаңа достар: жазғы мектепке қатысып, Сіз жаңа достар табасыз және өзіңіздің құрдастарыңыздың басқа елдерде қалай өмір сүретінін білесіз.

«Дәмін татып көру»: жаңа білім саласында өзіңізді сынап көргіңіз келсе, оның ұнайтынын білгіңіз немесе кейіннен оқуға түсу үшін шетелдік университетке байыппен қарасаңыз, жазғы мектеп - бұл бағдарламаның немесе университеттің «дәмін татып көрудің» таптырмайтын мүмкіндігі.

Маңызды ақпарат:

Мерзімі

Өтінімді мектептер немесе Халықаралық ынтымақтастық департаменті жазғы мектеп басталғанға дейін 2-3 ай бұрын жариялайды. Жазғы мектептер маусымның ортасынан тамыздың ортасына дейін өткізіледі.

Студенттер электронды пошта арқылы хабардар етіледі.

Қаржыландыру

НУ немесе серіктес университеттер ұсынатын барлық жазғы мектептер ақысыз болып келеді.

Өтініш беру процесі

Біздің және халықаралық студенттер қатысқан жазғы мектептер мен бағдарламалар тізімі:  

2017

  • Жібек жолы Халықаралық жазғы мектебі
  • Қытай Халық Университетімен бірлескен Жастар көшбасшылығы жазғы бағдарламасы
  • Сингапур Ұлттық университетінің студенттеріне арналған мәдени мектебі
  • Висконсин-Мэдисон Университетінде жазғы семестрі
  • Цинхуа Университеті Жаһандық мәдени бойлау бағдарламасы
  • “Joint Central Asia South Caucasus Projects” жазғы мектебі

2018

  • «Asia Deep Dive» мәдени бағдарламасы
  • Фудан университетінің студенттік істер бойынша жазғы лагері
  • Нью-Йорк мемлекеттік университеті (SUNY) Баффало университетінде оқытудың жазғы бағдарламасы
  • Висконсин Мэдисон университетінде жазғы семестрі
  • Қытай Халық Университетімен бірлескен Жастар көшбасшылығы жазғы бағдарламасы
  • Цзяо Тун Шанхай университетінде жазғы мектебі

2019

  • Цинхуа Университеті Жаһандық мәдени бойлау бағдарламасы
  • “21 ғасырдағы тиімді басқару және оның қиындықтары” студенттер сайысы
  • Гонконг Білім беру Университетіне арналған жазғы мәдени бағдарламасы
  • Қытай Халық Университетімен бірлескен Жастар көшбасшылығы жазғы бағдарламасы
  • Нью-Йорк мемлекеттік университеті (SUNY) Баффало университетінде оқытудың жазғы бағдарламасы
  • Висконсин Мэдисон университетінде жазғы семестрі
  • Цзяо Тун Шанхай университетінде жазғы мектебі
  • Голден Ки (Golden Key), Қытай

Жыл сайынғы Назарбаев Университетіндегі жазғы академиялық бағдарлама

SSRS (Орыс тілі және Еуразиялық зерттеулердің жазғы мектебі) студенттерге орыс тілі / қазақ тілін тереңдетіп оқып үйренуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ Еуразияның жүрегінде орналасқан қазақ мәдениеті мен пост-кеңестік елдерімен танысу үшін қарқынды оқу бағдарламасы.
Орыс тілі мен Еуразиялық зерттеулер жазғы мектебі

Байланыс:

Нұржан Наханов

Менеджер, Жаһандық қатынастар офисі 

Tel.: +7 7172 706116

E-mail: nurzhan.nakhanov@old.nu.edu.kz

Жыл сайынғы Назарбаев Университетіндегі жазғы академиялық бағдарлама