Біліктілікті арттыру бағдарламалары

      

Кәсіби білім бағдарламасының (КББ) мақсаты саясатты әзірлеушілерді серпінді дамып жатқан әлемдегі күрделі проблемаларға әрекет ету үшін дағдылар мен тәсілдермен қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаларымызға қатысу арқылы мемлекеттік саясат мамандары мықтырақ көшбасшы, тиімді менеджер және қабілетті саясатты әзірлеушілер болады. Бұған тыңдаушыларға ақпаратты талдауға және өзгерістерді өзінің мінез-құлқына, ұйымына және еліне қолдануға мүмкіндік беретін ең үздік халықаралық тәжірибені енгізу арқылы қол жеткіземіз.

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Duke Corporate Education-мен әріптестікте «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде шағын және орта бизнестің топ-менеджерлеріне арналған тренингтерді өткізеді.Оқу бағдарламалары бизнестің ерекшеліктерін ескере отырып, компанияның қажеттіліктеріне байланысты әзірленеді. Оқуды білікті оқытушылар мен сарапшылар жүргізетін болады.

Жоғары Білім беру мектебінің бағдарламасы мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орын ұстаздарына, мектеп және университет сынды оқу орындарының басшыларына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлеріне, сондай-ақ оқу орындарының бақылаушы және қамқоршылар кеңесіне өз білімдерін жаңарту мен кәсіби біліктіліктерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі мейірбике ісі бағдарламасы ашылуы туралы қуана хабарлайды.