Мансаптық өсу мүмкіндіктері

НУ өзінің қызметкерлеріне университеттің стратегиялық мақсаттарына ғана емес, сондай-ақ жеке даму жоспары мен қызметкердің мансаптық жоспарына сәйкес келетін мансаптық мүмкіндіктердің кең ауқымын ұсынады. Осылайша, біз әрбір қызметкердің жеке мансабын дамытуға тырысамыз. Университеттегі жұмыс барлық қызметкерлер үшін қызықты және ыңғайлы болатындықтан, НУ персоналды басқару саласында қолданыстағы саясат пен тәжірибені үнемі жетілдіріп отырады. Қазіргі уақытта НУ-да мынадай көлденең және тік мансаптық мүмкіндіктер бар:

  • Ішкі ілгерілету;
  • Шедоинг әдісімен оқыту;
  • НУ ұйымдарына жұмысқа орналасу;
  • Әкімшілік қызметкерді басқа қызметке ауыстыру.