Студенттік өмірі

Құрметті студенттер,

Назарбаев Университетіне қош келдіңіздер!

Жаңа заман өркендеген кезде Назарбаев Университеті жоғары білім саласындағы жаңа перспективаларды тек қана Қазақстан аумағында ғана емес, сонымен бірге бүкіл еуразиялық кеңістікте де іске асыра білген жетекші университет ретінде өзін таныта білді.

Назарбаев Университетінің студенті ретінде Сіздерге еліміздің болашағын құру міндеті жүктеліп отыр - бұл осы білім ордасының қабырғасында қабылданған маңызды және беделді шешім және осы жерде оқитын, сабақ беретін және жұмыс істейтін әр адамның бойында қалыптасқан мәртебе.
Қазақстанның ұлттық экономикасына тиімді жұмыс істей алатын, стратегиялық тұрғыдан ойлайтын, адамдармен қажетті қарым-қатынастарды орнататын және Қазақстанның болашағына әсер ететін тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдай алатын жоғары білікті мамандар қажет. Сол себептен біздің негізгі міндетіміздің бірі осы мақсатқа жету жолында барлық қажетті амал-тәсілдерді іздестіру болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің айтуынша, «Назарбаев Университеті еліміздің бүкіл жоғарғы оқу орындары үшін үлгі болуы тиіс», осыған орай, «әрбір студент өз қатарының үлгісі және ғылым саласында өз елінің мақтанышы болуы тиіс».

Студент болу, яғни өзіңіз сияқты білгір және батыл адамдармен тіл табысу ортасын білдіреді. Демек, академиялық қызметте, кәсіптік мүмкіндіктерде және оқудан тыс мәдени іс-шараларда өздеріңізді дамытуға қажетті әрбір мүмкіндікті пайдалану қажет. Естеріңізде болсын, Сіздер үшін барлығы жаңадан басталады: жаңа өмір, жаңа пәндер, жаңа достар, жаңа сезім мен әсерлер, сондықтан осы жылдарды өмірбақи есте қалатын жарқын, маңызды және мәнді тәжірибемен және адал достық сезімдермен толықтырыңыздар.

Сіздерге көздеген мақсаттарыңызға, ойлаған армандарыңызға жетуге, сонымен бірге оқумен студенттік өмірде құнды тәжірибе жинауға тілектеспін. Сөзімнің соңында Сіздерді Назарбаев Университеті тарапынан ұсынылатын барлық мүмкіндіктерді пайдалануға және өздеріңізден кейін озық тәжірибелік із қалдыруға шақырамын.

Қадиша Даирова
Студенттік істер, халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президент