Денсаулық және бақуаттылық

Спорттық өмір

Дене қимылының белсенділігі, фитнес және спорт Назарбаев Университетінде университеттік өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Спортпен тұрақты шұғылданудың  денсаулық үшін айқын артықшылығының болуымен қатар, ол сондай-ақ біздің студенттеріміз бен қызметкерлерімізге командалық жұмыс және көшбасшылық дағдыларын дамытуға, әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтарда қарым-қатынас жасауға және жаңа достар табуға мүмкіндік береді.

Назарбаев Университеті қызметкерлердің белсенділігін қолдаудың спортпен шұғылдану,  спорт клубтары, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және басқа да  көптеген кең мүмкіндіктерін ұсынады.

Денсаулық

NU кампусында орналасқан Университеттің Денсаулық орталығы (UHC) жұмыс күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін, ал  сенбіде сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. НУ кампусында медицина кабинеті бар, ол түнгі уақытта сағат 20:00-ден 8:00-ге дейін, сенбіде  сағат 13:00-ден 8:00-ге дейін, сондай-ақ жексенбі және мереке күндері – тәулік бойы жұмыс істейді.