2021-2022 академиялық оқу жылына арналған Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау басталды

2021-2022 академиялық оқу жылына арналған Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау басталды!

2021 жылдың 18 қазанынан бастап бакалавриат бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау басталады.

Онлайн өтінімдерді қабылдау шетелдік талапкерлер  үшін 2022 жылдың 28 наурызына дейін, ал қазақстандық талапкерлер  үшін – 2022 жылдың 18 сәуіріне дейін жүргізіледі. 

Маңызды! 2021 жылдан бастап бакалавриат бағдарламалары талапкерлері үшін “NUET applicant” категориясы арқылы оқуға түсу мүмкіндігі бар. Бұл талапкерлер Foundation бағдарламалсы талапкерлерімен бірге NUET емтиханын тапсыратын болады. Бұл категориядағы талапкерлер үшін онлайн өтінімдерді тапсыру 2022 жылдың 6 қаңтарына дейін қол жетімді болады. NUET емтиханы туралы толық ақпарат жақын арада қолжетімді болады. Біздің вебсайтымыздағы хабарламаларды қадағалап отырыңыздар. 

Назарбаев Университетінің келесі мектептері бакалавриат бағдарламаларын ұсынады:

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

Медицина мектебі

Өтінім нысанын тапсыру үшін үшін admissions.nu.edu.kz порталында жеке кабинет ашу керек. Бұдан кейін тіркеу жарнасын төлеп, сауалнама нысанын толтыру және жеке кабинеттегі нұсқауларға сәйкес қажетті құжаттарды жүктеу қажет.

Онлайн өтінім жіберілгеннен кейінгі қадамдар

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты сіз сауалнама нысанда көрсеткен электронды поштаңыздан тексеріңіз, ал өтінішіңіздің статусын білу үшін жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Онлайн тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.