2021-2022 академиялық жылына Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасына (NUFYP) ақылы оқуға түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау басталды!
Назарбаев Университеті 2021-2022 академиялық жылына Университет алдындағы дайындық бағдарламасына ақылы оқуға түсу үшін онлайн өтінімдерді 2021 жылғы 9 наурыз бен 14 маусым (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59 дейін) аралығында қабылдайтынын хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін талапкер келесіні орындау қажет:
- www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп жеке кабинет ашу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы банк картасы (онлайн/интернет транзакция) арқылы жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
- Сауаланама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
- Жеке куәліктің немесе паспорттың сканерленген көшірмесі;
- Қосымшасы бар аттестат/диплом немесе үлгіге сәйкес оқу орнынан берілген анықтаманың сканерленген көшірмесі;
- SAT/ACT тест нәтижелерінің сканерленген көшірмесі;
- “Submit application” батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Тіркелгеннен соң сауалнама нысанына өзгерістер енгізілмейді.
Маңызды:
- Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL және SAT/ACT сертификаттарыңызды ұсыну үшін, жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Осыған өосымша талапкер сертификаттардың сканерленген көшірмесін жеке кабинетіне жүктеуі қажет. Толық Нұсқаулық жеке кабинетте қолжетімді.
- IELTS – Nazarbayev University
- TOEFL – 6762
- SAT with essay – 7915
- ACT with writing part – 5521.
- Осы тесттер келесі мерзімдерге дейін тапсырылуы қажет:
- IELTS/TOEFL – 2021 жылғы 12 маусым
- SAT Reasoning with essay – 2021 жылғы 8 мамыр
- ACT with writing part – 2021 жылғы 12 маусым
- Тест нәтижелерін тапсыру соңғы мерзімі 2021 жылғы 12 шілде.
Келесі қадамдар:
Өтініміңіздің жағдайын білу үшін электронды поштаңызды және жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркелу кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен жеке кабинеттегі әрбір талапкерге берілетін Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.