2022-2023 академиялық жылына Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасына (NUFYP) конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылуда
Назарбаев Университеті 2022-2023 академиялық жылына Университет алдындағы дайындық бағдарламасына онлайн өтінімдерді 2021 жылғы 26 қыркүйек пен 30 қараша (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59 дейін) аралығында қабылдауды хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін талапкер келесіні орындауы қажет:
- www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп Жеке кабинет ашу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
- Сауаланама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
- Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
- Үлгіге сәйкес оқу орнынан берілген анықтаманың немесе қосымшасы бар аттестат/дипломның нотариалды куәландырылған (бар болған жағдайда) сканерленген көшірмесі;
- “Submit application” батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу. Бұдан кейін сауалнама нысанына өзгерістер енгізілмейді.
- Электронды IELTS/TOEFL нәтижелерін тікелей Тест әкімшісінен және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттегі функционал арқылы ұсыну.
- IELTS үшін код: Nazarbayev University
- TOEFL үшін код: 6762
Келесі қадамдар:
Сауалнама нысанына енгізілген электронды поштаңызды тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркелу кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Бірінші кезеңнен сәтті өткен талапкерлер қабылдау емтиханына шақырылады.
Конкурстық іріктеу және талаптар туралы толық ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.
Cәттілік тілейміз!
Сау саламат болыңыз.