Медицина мектебі «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасына (2-жылдық бағдарлама) онлайн өтінімдерді қабылдау мерізімін ұзартты

Назарбаев Университеті Медицина мектебінің «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасына (2-жылдық бағдарлама) онлайн өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 15 мамырға дейін ұзартылды (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 23:59 дейін).

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет: 

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу; 
  2. Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
  3. «Submit application»  батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. «Submit application»  батырмасын басқаннан кейін  өтінімге өзгерістер енгізіле алмайды.

Толық ақпарат алу үшін:

  • «Медбикелік іс бакалавры» бағдарлама туралы ақпаратты мына сілтеменібасып немесе Медицина мектебінің маманы Алмагул Тапаеваға хабарласуыңызды сұраймыз:
  • «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасына құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша  Қабылдау департаментінің менеджері Багдатгул Ахылбековаға хабарласуыңызды сұраймыз:
    • Tел.: +7(7172) 70 92 32

Электрондық пошта: undergraduate_admissions@old.nu.edu.kz 

 Құрметпен,

Студенттерді оқуға қабылдау департаменті