Назарбаев Университеті Тау-кен ісі жəне Жер туралы ғылымдар мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы хабарлайды
Назарбаев Университеті Тау-кен ісі жəне Жер туралы ғылымдар мектебінің магистратура (Мұнай-газ ісі, Тау-кен инжинирингі) және докторантура (Мұнай-газ ісі, Тау-кен инжинирингі) бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2022 жылғы 10 мамырға дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) ұзартылатын болады.
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
- www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
- Сауалнама нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
- «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау.
- IELTS / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
- IELTS тапсыру үшін код: Nazarbayev University
- TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762
Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.
Тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.smg@old.nu.edu.kz (магистратура бағдарламалары бойынша) немесе phd_admissions@old.nu.edu.kz (докторантура бағдарламалары бойынша) электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.