Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін “Мемлекеттік саясат магистрі”, “Мемлекеттік басқару магистрі” және “Мемлекеттік саясат саласындағы философия докторы” бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы қуана хабарлайды

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің “Мемлекеттік саясат магистрі”,“Мемлекеттік басқару магистрі” және “Мемлекеттік саясат саласындағы философия докторы”  бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2022 жылғы 03 мамырға дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) ұзартылатын болады.

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
  2. Сауалнама нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
  3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;

  1. «Submit application» батырмасын басу арқылы өтінім беруді аяқтау.
  2. IELTS / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
  •   IELTS тапсыру үшін код: Nazarbayev University
  •   TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762

Осы процестерді аяқтағаннан кейін өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.

Өтініш беру кезінде сұрақтар пайда болса, gspp.admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.