NU Foundation және бакалавриат бағдарламалары талапкерлерін ақпараттық сессияларға шақырады!

Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі күзгі рекрутинг аясында бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жоспарлауда. Қабылдау ережелеріне, оқуға түсу талаптары мен онлайн өтінім беру процесіне енгізілген өзгерістер салдарынан талапкерлерден түсетін өтініштер саны арта түсті. Сол себепті барлық сұрақтарға жауап беру үшін Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі келесі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр:

  • 2021 жылғы 4 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Foundation және бакалавриат бағдарламаларына қабылдау туралы ақпараттық сессия 

  • 2021 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Foundation және бакалавриат бағдарламаларына қабылдау туралы ақпараттық сессия 

  • Осы және басқа да іс-шаралар туралы қосымша ақпаратты және тіркелу сілтемелерін мына жерден табуға болады.

Ақпараттық сессиялар аясында NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі мен Студенттерді қабылдау департаменті Foundation және бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу туралы барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Бұл – ең өзекті ақпарат алуға және негізгі сұрақтарға жауап алуға керемет мүмкіндік:

  • NU грантына қалай оқуға түсуге болады?

  • Оқуға түсу талаптарында қандай өзгерістер бар?

  • Қандай емтихандар тапсыру керек?

  • Қабылдау емтихандары қашан және қалай өтеді?

Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі барлық қызығушылық танытқан талапкерлерді, сондай-ақ ата-аналарды осы іс-шараларға қатысуға шақырады.

Кездескенше!

Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі